| Сайт мәзірі |
|
|
 |
|
Ақыл-ойы кем оқушылардың көпшілігін ата-аналары жоқ, толық емес және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды құрайды. Мұндай балалар өз отбасымен толық қарым-қатынастан айрылған. Бұл олардың жеке тұлғасының қалыптасуына жағымсыз әсер етеді. Интеллектуалдық жетіспеушілік салдарынан ақыл-ойы кем балалардың жеке тұлғасының қалыптасуы әр түрлі аспектілерінде қиын жағдайларда өтеді. Жеке тұлғаның көптеген қасиеттер жиынтығына адам белсенділігінің кез-келген көрінісіне әсер ететін эмоциясы ерекше орын алады. Ақыл-ойы кем баланың эмоциясының көрінуі оның жасына, кемістік құрылымының сапалық ерекшелігі мен тереңдігіне және оны қоршаған әлеуметтік ортаға тәуелді.
Мұндай балалар мадақтауға, қолдауға және ренжісуге әсершіл болып келеді.Олар ұнамсыз ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 31 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Көбіне сабақ үлгірімі де онша емес, өз сыныбындағы сотқар әрбір адамның есінде шығар. Алайда қазір бұл педагогикалық кеңес пен ата-ана жиналысының жалғыз және жетекші тақырыптардың біріне айналды. Балалардағы мұндай мінез-құлық латыншадан аударғандағы «шектен тыс әрекет» дегенді білдіретін гипербелсенділік сөзімен белгіленеді.
Гипербелсенділікті өсіп келе жатқан оқушының әдеттегі белсенділігімен шатастыруға болмайды. Бағалау жеңілдеу болу үшін бұл түсініктер арасындағы бірнеше айқын ерекшеліктерді келтіреміз. Сабақта гипербелсенді бала жәй ғана бір орында отыра алмайды, әсіресе ол партада жалғыз өзі болса, орындықтан орындыққа секіреді, қасында отырған сыныптастарын жұлқиды, партада жатқан заттарды лақтырады.
... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 4 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Мен жетпіс екі жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін өзім де істеп, басымнан өткізгендерім көп. «Алдыңда өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдымда Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, «мен де адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн» деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып, білім жолына түстім.
Негізгі алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазушы-ғалымдардың жазғандарын оқып, ойларымен танысып, білгендерден сұрап, өз ойымнан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық өмірімді жазумен өткіздім. Елу жасқа тақаған соң, оңашада жатып, басқа келген ойлардың барлығын қағазға түсіріп кеттім. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғам ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 4 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Жүректің ишемиялық кеселінің, оның ішінде дерттің ауыр білінісі – миокард инфарктінің пайда болуына шылымқорлық, аз қимылдағы өмір салты және дұрыс емес тамақтану ықпал етеді. Алайда организмнің бұл қауіпті жарылысы, сізге келгенге дейінгі қауіп шегі мұнымен шектелмейді. Мұндай кеселдің дамуына психологиялық факторлар да елеулі үлес қоса алады. Мысалы, эмоционалдық шектен тыс кернеу немесе ұйқының бұзылуы, яғни «А» түріндегі мінез-құлық. Кардиологтар мінез-құлық деп нені ұғынады?
Бұл шамадан тыс белсенділік, бәрінен көбірекке қол жетуге ұмтылу, бәсекелестікке, көшбасшылыққа, озбырлыққа деген анық білінетін даму бағыты, уақыттың ұдайы жетіспеу сезімі, мазасыздық, шыдамсыздық. Мұндай мінез-құлқы бар адамдарды тану өте оңай: олар белсенді ишарат жасай ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 2 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Кейде кейіпкер ретінде психологтар (психотерапевтер) қатысатын шет ел фильмдерін көруге, шет ел авторларының кітаптарын оқуға тура келеді. Дегенмен, елдегі психологиялық мәдениеттің олардан көш кейін қалғанын түсінесіз. Психологтарға баруды ұят санамауға, оларға барғанды айналадағылардан жасырмауға қадам бастық деп айта аламын, бірақ жол әлі тапталған жоқ. Оған қоса рефлексия машығының «әйелімді, сол бір сұрқияны бәрібір сүйемін ғой!» деп өзінің бөтелкелес достарының арасында мастықтан жағына қарай аққан көз жасын сүрте отырып, күңіренген күйде қалғаны өкінішті.
Батыс фильміне тән диалог.
Психолог:
- Осылайша, сіз оған (әйелге) деген ызаңызды басасыз.
Клиент:
Қаралғаны: 4 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Адам денсаулығы оның бүкіл өмір бойына қалыпты және белсенді қызмет етуі үшін маңызды және қажетті шарт болып табылады. Оның бұзылуы өз соңына үйреншікті өмірлік тұрмыс салтындағы, әлеуметтік, кәсіби бейімделудегі өзгерістерге жетелейді, өмірлік жоспарларды түзетуге, өзгертуге мәжбүрлейді, оған қоса дәмелену деңгейін төмендету тұсына қарай ойысады.
Денсаулық – бұл өз мәні бойынша күрделі, жүйелі ұғым. Медицина ғылымы дәстүрлі түрде патология, яғни денсаулық жоғалған кездегі жай-күй мәселелерімен айналысып келді, бірақ шипагерлік мақсаты тек емдеу ғана емес, керісінше адамға денсаулық жай-күйін қайтару. Денсаулық проблемал ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 4 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Неврастения – бұл ызаланулы әлсіздікпен, жоғары титықтаумен, вегетативтік нерв жүйесі қызметтерінің бұзылуымен бірге жоғары қозумен қосарлана сипатталатын невроз. Неврастенияның симптоматологиясы алуан түрлі. Жиі симптомы тәулік соңына қарай пайда болатын диффузды бас ауруы болып табылады.
Мұнда адамның басына ауыр құлақшын киілгендей бастың қысылу сезімінің болуы мүмкін («неврастеник дуылғасы»). Бас айналуы ықтимал, бірақ шарт бойынша мұнда қоршаған заттардың айналу сезімі туындамайды. Жүрек соғуы, жүрек тұсының сығылуы немесе шаншу сезімдері тән, сырқат тез қызарады және бозарады.
Қаралғаны: 4 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Бүгінгі таңда психотерапия маскүнемдікке шалдыққан науқастарды емдеудің басты тәсілі болып есептеледі. Мұндай психотерапияның негізін қалаушы В.М. Бехтеревтің емдік үштігіне өңіндегі жай-күйде сендіру, гипноз жай-күйінде түрткілік нандыру, науқастармен психотерапевтік әңгімелесудің жалғасқан тақырыптары, пациенттің өзін сендіруі мен өзін қолға алуы кіреді.
Сондай-ақ Рожновтың ұжымдық эмоционалдық-стресстік психотерапиясы деген әдіс те бар. Бұл жерде гипнотикалық әсердің алдында психотерапевтік сұхбаттар жүргізіледі, оның емдік ықпалы гипнозда бекітіледі (соңғысы автор ұсынған әдістеме бойынша ұзартылған – 1-1,5 сағаттан кем емес – гипнотерапия сеансында өткізіледі).
Қаралғаны: 5 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі кезеңі болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін, ұрықтың жетіліп, даму мерзімінде, жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен.
Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін, әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды. Адам тәрбиесі тәрізді өте күрделі құбылыстың бастауы болып саналатын, ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы жетілудің сырына терең үңілмей, ұрпақ тәрбиесінің іргелі мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес.
Заманының түзу кезінде дәстүрі бұзылмаған Қазақ елінің, "Алып – анадан туады” дей ... Одан әрі оқы
Қаралғаны: 5 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
Колледждегі психология қызмет - әрбір баланың толыққанды психологиялық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала
Психология - психика заңдылықтарын психикалық құбылыстарды, үрдістерді, қалыптарды, индивидтің даму жолын және оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының қалыптасуын зерттейтін ғылым.
Психика – мінез-құлық пен іс-әрекетті қамтамасыз етудің жоғары дәрежеде құрылған ми қабілеті.
Қаралғаны: 2 |
Мерзімі: 20.05.2012
| Дәрежесі: 0.0/0
| Пікірлер (0)
|
|
| Шығу пошымы |
|
|
 |
| Жаңалықтар күнтізбесі |
| « Мамыр 2012 » | | Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс | | | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | | 28 | 29 | 30 | 31 |
|
 |
| Іздеу |
|
 |
| Сайт достары |
|
 |
| Статистика |
Барлығы онлайн: 2 Қонақтар: 2 Қолданушылар: 0 |
 |
|