Мой сайт
Сейсенбі, 16.10.2018, 20:02
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Категории каталога
Мои файлы [13]

Главная » Файлы » Мои файлы

ҚЫСҚАША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
[ Скачать с сервера (36.0 Kb) ] 10.11.2013, 21:51

ҚЫСҚАША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК

Абулия - ми патологиясында пайда болатын iс-әрекетке итермелегiш

күштiң болмауы, шешiмдi қабылдап әрекет ету немесе оны орындау керектiгiн

түсiнуiндегi қабiлетсiздiгi.

Агглютинация - алғашқы ойдың сақталуында, әртүрлі сөздердің

мифологиялық құрылымдары мен түрлі механизмдердің құрастырылуы.

Агрессия - адамның басқа адамдарға қатынасындағы, оларға зиян немесе

нұсқан келтіруге бағытталған мінез-құлық, әрекет.

Агрессивтік мінез-құлық - адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай

мінез-құлық субъектің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе

адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесе күш қолдануға

тырысуымен сипатталады.

Аккомодация - көздің әр түрлі қашықтықтан көруге бейімделуі, үйренуі.

Антропогенез - адамның (Ноmо sаріеns) шығу процесі, оның физикалық

типінің қалыптасуындағы тарихи-эволюциялық процесс.

Антропология - адамзатты зерттеу, адамның шығу тегі және эволюциясы

туралы ғылым. Антропологияның негізгі бөлімдері: адам морфологиясы,

антропогенез, нәсілтану туралы ілім.

Апатия - сылбырлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, ұнжырғаның түсуі.

Өмірге немқұрайлы қараудан, көңіл-күйдің басылып, көмескіленуінен болады.

Апатияға салынған адам туған-туысқандарына, жақын дос-жаранына селқос

қарайды, идеялық мүдделерден, мәдени дағдылардан айырылады, эмоциялық

сергектігі бәсеңдеп, сөне бастайды.

Категория: Мои файлы | Добавил: qazpsi
Просмотров: 4504 | Загрузок: 482 | Рейтинг: 4.0/5 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz