Мой сайт
Сейсенбі, 16.10.2018, 19:05
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2008 » Желтоқсан » 4 » Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Өмір сүрудің ең жақсы жолы
20:57
 
 

Кішкентай бір ауылда жас адам кішкентай дүкен ашып өз ісін бастаған екен. Адам ақпейілді, жақсы мінезді болғаны үшін сол ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын да, таныстарына да тек қана сол адамнан зат сатып алуға кеңес беретін. Ісін кішкентай дүкеннен бастаған адам бір жыл ішінде Американың түкпір-түкпіріне жайылған дүкендер тізгінінің иесі болады.
Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден көз жұмуына аз қалғанын сезеді де, үш ұлын қасына шақырып:
- Үшеуіңізден біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды
соған қалдырамын. Қайсысыңыз оған лайықты екенін білу үшін әрқайсысыңызға бір доллардан беремін. Барып сол долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келіп алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігі
нің алдында тиышсызданды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:
- Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым - деді да, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:
-
Дүкенге барып екі жастық алдым - деді да, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнді бөлме ішінде шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы:
- Долларды ұсақтап, 50 центін шіркеуге бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін д
е садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым - деді да, қалтасынан сіріңке мен шырағдан шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырағданды жақты. Сабанмен және жүнмен толмаған бөлме аз уақыт ішінде жарықпен толды.
Әке
сі баласына риза болып:
- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені
, өмір сүрудің ең жақсы жолын білесің, ол  - айналаңа жарық тарату!

http://angime.blogspot.com/ блогынан

Просмотров: 1686 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz