Мой сайт
Жұма, 17.08.2018, 11:54
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2008 » Желтоқсан » 13 » ПСИХОЛОГ, ПСИХИАТР ҚЫЗМЕТІНЕ МӘН БЕРЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ
ПСИХОЛОГ, ПСИХИАТР ҚЫЗМЕТІНЕ МӘН БЕРЕТІН УАҚЫТ ЖЕТТІ
14:23
 
 
Бүгінде психикалық сауықтыру ісі – қоғамда жалпы өмір сүру сапасын жақсартуға қызмет етпек. Байқап отырсаңыз, қазір мінез-құлқындағы ауытқулары бар, ақыл-есі кем жандар саны артып, отбасы, жақындары үшін де, қоғам үшін де үлкен мәселеге айналып отыр. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының директоры, профессор Сағат АЛТЫНБЕКОВПЕН әңгімеміз осы проблемалар төңірегінде өрбіді.

– Сағат Әбілқайырұлы, еліміздің бас психиатр-наркологы ретінде сізбен әңгімемізді ең алдымен республикадағы психиатрия саласының бүгінгі ахуалынан бастасақ. Мәселен, жүйке ауруымен науқастанатын қанша ауру есепте, қай аймақта жиірек кездеседі, қанша емдеу мекемесі бар, ондағы мамандар жеткілікті ме дегендей...
– Психикалық денсаулық – ұлтымыздың әлеуметтік және экономикалық әлеуетін құрастыратын ең бір маңызды ұғым. "Психикалық ауру” – адамның күндегі іс-әрекет қабілетін бұзатын, көптеген нақтамалық күйлерді көрсететін жиынтық термин болып табылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) деректері бойынша, халықтың 25 пайызы әртүрлі психикалық бұзылудан зардап шегуде. Қазіргі кезде республикамызда психикалық сауықтыру саласында 3 республикалық, 33 психиатриялық және 31 наркологиялық ұйымдар, 177 психиатриялық, 183 наркологиялық және 42 аймақтық, облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі психиатриялық кабинеттер қызмет көрсетеді.
Соңғы 10 жылдағы ауру-сырқау көрсеткішінің көбеюі негізінен ақыл-есі кем, органикалық психикалық науқастар есебінен туындады. Шекаралас деңгейдегі бұзылулар ресми деректер бойынша кем дегенде тұрғындардың 0,4 пайызында тіркеледі. Жалпы алғанда, жүйке ауруына, соның ішінде депрессияға ұшырағандар саны соңғы жылдары қай аймақта болсын көп тіркелуде. Яғни, еліміздің әр облысындағы жағдай әртүрлі. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда 3 млн. халық тұрса, Атырау облысының тұрғындары 700 мыңдай. Десек те, жүйке ауруының өзінің бірнеше түрге бөлінетініне қарамастан, ауылда тұратын адамдар арасында соның бір формасы жиірек кездеседі. Ал қала тұрғындарында мүлдем өзгеше түрін көресіз. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 300 мыңдай адам есепте тұрады. Бұл нақты көрсеткіш емес, тек ресми дерек қана. Дерті дендеп кеткенше жасырынып, дәрігерге көрінуге намыстанатындар мен өзінің ауруға шалдыққанын білмей жүргендерді қосып айтар болсақ, 300 мыңнан анағұрлым көп. Өкінішке орай, жүйке ауруына шалдыққандардың дені өзіміздің қазақтар. Сондықтан психологтар қызметіне аса мән беретін уақыт жеткендей. Денсаулығы сыр берген адамдардың 25 пайызы депрессияға ұшырадым екен деп ойламайды. Бірден кардиолог, терапевт мамандарына барады. Сөйтіп, жүргенде уақытты да өткізіп алады, қалтасы да қағылады...
– Білуімізше, 1997 жылы психиатриялық көмек және науқастардың құқығын қорғау жөнінде арнайы Заң шықты. Осы Заңның орындалуы қалай, аталмыш аурумен ауырған науқастардың емделуі қалай ұйымдастырылған? Үкіметтің осы аурумен ауыратындарға көрсетіп отырған көмегіне көңіліңіз тоя ма? Ортаға қауіпті, ақыл-есі кем, бұл аурудан айықпайды дейтін науқастардың тағдыры қалай шешілген?
– Психиатриялық көмек және оны көрсету кезінде азаматтар құқының кепілі туралы Заң 1997 жылы жарық көрді. Бұл Заңды орындау барысында Қазақстан Республикасында демократияландыру тұрғысында біршама қайта құрулар жүргізілді. Олардың ең маңыздысы мыналар болып табылады:
1) алғашқы куәландыру. Бұл дәрігер-психиатр емделушіге тек оның өзінің рұқсатымен кеңес бере алады деген сөз. Егер емделуші бала жасында болса, онда оның әке-шешесінің немесе олардың жақындарының рұқсаты керек. Егер оның өзіне немесе өзін қоршаған адамдарға қауіп туғызса, онда емделушінің рұқ¬саты қажет емес. Еріксіз ауруханаға жатқызу немесе жедел көмек көрсетілетін тізбе бар. Егер ықтиярсыз ауруханаға жатқызылса, прокурорды хабардар етеді.
Психиатриялық бөлімшелерде – еркін тәртіп (өзі және басқалар үшін де қауіп тудырмайтын адамдар үшін). Психиатриялық көмек тұрғындар үшін қол жетімді. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек, оның ішінде психиатриялық көмек орталық аудандық ауруханаларда және алыстағы тұрғын пунктерде көрсетіледі. Психиатр кеңесі көпсалалы медициналық мекемелерге енгізілген.
Бұл қызметтерге көңіліңіз тола ма дегенге келсек, кеңес өкіметі кезінде психиатрия және наркология саласы жетім баланың күйін кешкен. Қаржы да қажетінше бөлінбеді, қажетті қолдау да көрсетілмеді. Қазір тек қана біздің салаға емес, медицинаның басқа да салаларына, яғни, халықтың денсаулығын жақсартуға айрықша көңіл бөлінуде. Психиатрия мен наркология саласы басты назарда. Үкімет қаржы жағынан аянып отырған жоқ.
Ортаға қауіпті, ақыл-есі кем, бұл аурудан айықпайды дейтін науқастар өз ісіне жауап бере алмайды. Олар қылмыскер емес, науқастар. Өкінішке орай, елімізде мұндай адамдар көбейіп келеді. Бүгінгі күні Ақтас ауылындағы психиатриялық ауруханада 850 орын бар. Қазір онда мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді.
– Рас айтасыз, деректерге қарағанда бүгінде психикалық, яғни жүйке ауруына шалдыққандар көбейгенімен қатар, жасарып барады. Тіптен дүние жүзінің дәрігерлері алдағы уақытта жүйке ауруымен ауыратындар саны күрт өседі деген болжам айтуда. Бұған осы саланың кәсіби білікті маманы, ғалым ретінде не айтқан болар едіңіз?
– Психикалық бұзылу саны тек өзіндік психикалық бұзылу есебінен ғана көбеймейді, ол негізінде экологиялық фактор мен психологиялық титықтауға жататын "психосоматикалық аурулар” деп аталатын жағдаяттар есебінен де көбейіп келеді. Қоғамдық-экономикалық формацияның өтпелі кезеңінде бұл факторлар саны еселеніп келеді (көші-көн, кәсібінің өзгеруі және т.б.) Өзіндік психикалық аурулармен қатар психикалық белсенді заттарды қолданушылар саны да өсе түсуде, мұның өзі олардың ұрпағында да із қалдырады (әке-шешесінің тірі екеніне қарамастан жетімдіктің байқалуы). Сондықтан депрессияға шалдыққандар күннен күнге көбеюде. БДҰ сапаршылары бұл жерде әлем бойынша жинақталған мәліметтерге сүйеніп отыр.
Енді жүйке ауруы неге көбейіп барады дегенге келейік. Ең алдымен, қоғамдағы өзгерістер, әсіресе, әлеуметтік саланың нашарлауы жүйкесі жұқа адамдарға қатты әсер етті. Жұмыссыздық, халықтың тұрмысының төмендеуі, жетіспеушілік, тағы басқа себептер. Депрессия жас талғамайды. Жастарымызға ақылы білім алу, ертеңгі күніне деген сенімсіздік өз салқынын тигізді. Азаматтарымыз үйде жұмыссыз отырып қалды, оған үйрену оңай шаруа емес. Ал мұндай жағдай кез келген адамның психикасына әсер етпей қоймайды. Ең өкініштісі, жастар арасында нашақорлар, токсикомандар көбейді. Ал нашақорлық – жүйке ауруының ең ауыр түрі. Ресми дерек бойынша, бізде 54 мың нашақор есепте тұрады. Бұл да нақты көрсеткіш емес. Біз өзіміз зерттеу жүргізгенде олардың саны 300 мыңнан асатынын анықтадық. Жанға бататыны, олардың 70 пайызы отыз жасқа дейінгілер.
– Тағы бір мәселе, әрі қорқыныш тудырары, бүгінде жастардың, ересектердің болсын өз-өзіне қол жұмсап, өмірлерін қия салуы көбеюде. Соның себебін немен түсіндіресіз?
– Жоғарыда айтылған факторлар адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауын, мұның ішінде жеткіншектер арасында қол салуын тудырады. Басты маңызды фактор - бұқаралық ақпарат құралдарының неше түрлі ақпараттарды таратуы. Әсіресе, көгілдір экранда көрсетілетін фильмдердегі насихатталынатын кісі өлтіру, өзіне қол салу, зорлық-зомбылықтар оларды шектен тыс келеңсіз жағдайларға итермелейді.
– Оқырмандарымызға түсінікті болсын, психиатр, психолог, психотерапевт деген мамандықты жіктеп айтып берсеңіз. Өйткені, ХХІ ғасырда отырып, күйзеліске түскен адам бірден маманға барудың орнына, әлі күнге емшіге жүгінеді, болмаса көрші, әріптестеріне, құрбыларына айтып, ақыл-кеңес сұрап жатқаны. Ал шетелде қалай, тіпті күрделі жағдай емес, үйішілік мәселенің өзін олар осы мамандар арқылы оңай шеше қояды. Жалпы, маман ретінде осы мәселе жайында ойыңызды білгіміз келеді.
– Психиатр – психиатриялық бұзылулар кезінде көмек көрсететін дәрігер-маман. Психотерапевт – түрлі психотерапевтік көмек көрсететін психиатр-дәрігер. Психотерапия – дәрі арқылы емес, "сөз” арқылы сенім, түсіндіру, иландыру арқылы әсер, ықпал ету.
Психотерапия әдістері бірнеше жүзге дейін баратындай өте көп. Психолог – дені сау адамдарға (жекеше топ ішілік, отбасылық) түзету көмегін көрсететін жоғары психологиялық білімі бар да, медициналық білімі жоқ маман. Халық медицинасы өкілдеріне алғаш рет барып көрінуде, бұқаралық ақпарат құралдары біршама рөл атқаратын психиатрияның ерекше белгілері арқылы түсіндіріледі. Олар көбіне көп психиатриялық аурухананы "жындыхана”, "есі ауысқандар үйі” деп насихаттап, дұрыс емес көзқарас тудырады. Бұл мәселеге қатысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың жеткіліксіз хабардарлығы мен халықтың сауаттылығы жоқтығы кінәлі. Басқа бір жақтан қарағанда тұрғындардың халық медицина өкіліне қаралуы, халықта діни нанымдарының өсіп-өркендеуінен де туындайды.
– Қазір қоғамда қылмыстың неше түрі жасалып, одан құтылудың жолын іздестірушілер сіздер арқылы жол тауып, жалған анықтама алып, одан артынша наразылық білдірушілер кездесіп жатады. Еліміздің бас психиатры ретінде айтыңызшы, мұндай жағдай қаншалықты кездеседі? Алдағы уақытта бұл мәселені бақылауға алудың, болдырмаудың жолдары қарастырылуда ма?
– Сіздердің қылмыскерлер "дәрігерлер” арқылы жол тауып, жалған анықтама алып, жалған құжаттар алады деулеріңіз тым қисынсыз. Себебі, құқық бұзуды жасағандар немесе психикалық науқас деп табылғандарда тұрпатты әлеуметтік демографиялық деректер болады. Оларға жеке басында баспанасы жоқ, түпкі¬лікті тұратын жері анықталмаған, жұмыссыз немесе біліктілігі төмен жұмыстарда істейтін, тұрмыс және отбасылық қарым-қатынастарға бейімсіз, яғни әлеуметтік қызмет және өмір сапасының төмен деңгейіндегі жандар жатады. Бұл деректер орталықтың ғылыми зерттеулерінен ресми түрде алынып, әрі дәлелденді. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасайтын науқастардың алдын-алу практикалық және ғылыми медицинаның құзырына ғана жатпайды, бұл мәселеге мемлекет, бүкіл қоғам түгел қатысуы керек. Үлкен экономикалық шығынды қажет ететін әлеуметтік-оңалдыру көмегі, емдеу психиатриялық көмек өз деңгейінде көтерілуіне қарамастан, тым нашар көрсетіледі. Қазіргі шақта өмірге қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз ету дұрыс жолға қойылған. Психиатрияда бүкіл әлемде қолданылатын ең соңғы және зиянсыз дәрілік заттар пайдаланылады.
– Алтынбек Әбілқайырұлы, маман ретінде осы бір кеселдің алдын алуға қандай кеңес бересіз...
– Ең бастысы – сауықтыру жұмыстарына көңіл бөлуіміз керек. Бүгінде дүние жүзінің психиатрлары тиімді пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерді салыстырып, соның ішінен керегін іріктеп аламыз. Осы жөнінде арнайы жоба жасап, министрлікке ұсынғанбыз, басшылар онымызды қолдады.
Ең бастысы, ата-аналарға айтарымыз, біріншіден, нәресте дүниеге келгеннен кейінгі дәрігерлік бақылауға, екіншіден, мектеп жасында, жасөспірім шағында баланың психикасының өзгеруін бақылауға алу керек. Сол сияқты ересек адамның өмірінің әр кезеңіне де бақылау, генетикалық бақылау, тексеру жүргізу артықтық етпейді. Соңғы жылдары бұл аурудың жеңіл түрімен ауыратындар саны көбею үстінде. Олар өздерін ауру санамай, психиатрға барып емделмейді. Осы жағдайды болдырмау үшін біздің орталықтан арнайы психосоматикалық, психотерапиялық бөлімше аштық. Егер жақындарыңыздың мінез-құлқынан сондай ауытқулар байқалса, осы бөлімшеге тегін келіп емдетулеріңізге болады.
– Әңгімеңізге рахмет.
Авторы: Әңгімелескен Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.
»Егемен
Қазақстан» газетінен алынды

http://psyholog.ucoz/kz/ сайтынан

Қабылдау мен қызметтің дамуы

А.В. Запорожец

Қабылдау мен қызметтің дамуы

Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын зерттеуде проблеманы "праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.
Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.
Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады. Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар (Б.Г. Ананьев, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Б.М. Теплов және т.б.) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді.
Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты. Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен анықталады, оның барысында Л.С. Выготский атап өткендей, бала бұдан. Бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді. Жекелеген жағдайда өзіндік ерекше адамдық сенсорлық оқыту перцептивті процесстерді тіршілік етудің жеке бастық жағдайларына бейімдеуді ғана емес, сондай-ақ қоғам жасаған сенсорлық эталондар жүйесін (олардың қатарына мысалы, жалпылай қабылданған музыкалық дыбыстар шкаласы, әр түрлі тілдердің фонемалар решеткасы, геометриялық формалар жүйесі, т.т. жатады) игеруді ойлайды. Жекелеген индивидтер игерілген этолондарды қабылданатын объекті зерттеу және оның қасиеттерін бағалау үшін пайдаланады. Мұндай эталондар қабылдаудың жедел бірліктері болады, оның практикалық қызметі құралмен жанама түрленсе, ал ойлау қызметі – сөзбен түрленген сияқты баланың персептивті іс әрекетін жанама түрлендіреді.
Біздің топшылауымызға сәйкес, перцептивті іс әрекеттер нақты жағдайды ғана бейнелеп қоймай, белгілі бір шамада практикалық іс әрекеттер нәтижесінде мүмкін болатын оның түрленулерін алдын ала біледі. Осында сенсорлық алдын ала білулерге (интеллектуальды алдын ала білуден айтарлықтай өзгешеленетін) бола перцептивті әрекеттер тәртіптің жақын болашағын анықтау және субъект алдында тұрған мәселелер мен жағдайларға сәйкес оны реттей алады.
Негізінен біз баланың көру және сезіну процесін зерттесекте, дегенмен анықталған заңдылықтар, біздің қызметкерлердің зерттеулері көрсеткендей, басқа да сенсорлық модальдықтарда (есту, кинестетикалық қабылдау және т.б. салаларда) жалпы мәнге ие болады және өзіндік көрініс береді.
Біз қабылдаудың қызмет сипатына тәуелділігін зерттедік:
a) Баланың онтогенетикалық дамуы тұрғысында
b) Функционалдық (қандай да бір перцептивті іс әрекеттердің сенсорлық оқыту әсерімен қалыптасу процессінде) даму барысында.
Біз жүргізген және басқа авторлар жүргізген қабылдау онтогенезін зерттеу жұмыстары, қабылдау мен әрекет арасында баланың даму барысындағы күрделі және өзгеретін қарым қатынастар болатындығын көрсетті.
Н.М. Щеловановтың деректері бойынша бала өмірінің алғашқы айларында сенсорлық функциялардың (жекелеген жағдайда дистантты рецепторлар функциясы) дамуы соматикалық қозғалыстардың онтогенезінен озады және соңғыларының қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. М.И. Лисина нәрестенің жаңа тітіркендіргіштерге бағыттауыш реакцияларының өте ерте үлкен күрделілікке жететіндігін және әр түрлі анализаторлардың бүтін кешенімен жүзеге асырылатындығын байқады.
Бұл кезеңде бағыттауыш қозғалыстардың (мысалы, көздің бағыттауыш қозғалысы) айтарлықтай жоғары деңгейге жеткеніне қарамастан, олар біздің деректерге сәйкес, тек бағыттауыш-орнатушы (белгілердің нақты бір түрлерін қабылдауға рецепторды орнатады) функциясын орындайды, бірақ бағыттаушы-зерттеушілік (пәнді жан жақты қарап зерттеу жүргізбейді және оның қасиеттерін моделдемейді) функциясын орындамайды.
Л.А. Венгердің, Р. Фантцтың және басқалардың зерттеулері көрсеткендей, осындай реакциялардың көмегімен, өмірдің алғашқы айларының өзінде ескі және жаңа объектілерді (бір бірінен өлшемімен, түсімен, формасымен және т.б. өзгешеленетін) айтарлықтай жұқа "бағыттық” айыру мүмкіндігіне қол жеткізіледі, бірақ әрекеттің күрделі өзгергіш формаларын басқару үшін қажетті константты, пәндік перцептивті образдардың қалыптасуы әлі жүрмейді.
Кейінірек өмірінің 3-4 айынан бастап, заттарды құшақтаумен және кеңістікте қозғату және т.б. манипуляциялауға байланысты қарапайым практикалық әрекеттер қалыптасады. Бұл әрекеттердің ерекшеліктеріне, олардың өз денесінің органдарымен (ауызбен, қолмен, аяқпен) қандай да бір құралдардың көмегінсіз жүзеге асырылатындығы.
Сенсорлы функциялар бұл практикалық әрекеттерге қызмет көрсетуге кіріседі, олардың негізінде қайта құрылады және өздері біртіндеп өзіндік бағыттауыш-зертеушілік, перцептивтік әрекеттер сипатына ие болады.
Сонымен, Г.Л. Выготскаяның, Х.М. Халеверсонның және басқалардың зерттеулері, өмірінің үшінші айынан қалыптаса бастайтын ұстау қимылдары заттың формасы мен өлшемін қабылдауды дамытуға айтарлықтай әсер ететіндігін байқады. Осыған ұқсас, Р. Уок және Э. Гибсон байқаған балалардың 6-18 айлық кезіндегі тереңдікті қабылдаудағы прогресі, біздің бақылауларымыз бойынша баланың кеңістікте қозғалу практикасымен байланысты.
Нәрестенің практикалық әрекеттерінің өзіндік тікелей сипаты, оның бағыттауыш, перцептивті әрекеттерінің ерекшеліктерін анықтайды. Л.А. Венгердің деректері бойынша, соңғылары негізінен баланың өзінің денесі мен заттық ситуация (жағдай) арасындағы динамикалық өзара қарымқатынастардан бұрын болады.
Бала дамуының бұл кезеңінде алдымен тікелей өзіне қаратылған және олармен оның әрекеттері тікелей кездесетін заттың қасиеттерін бөліп қарастырады, бұл уақытта оған тікелей қатысы жоқ басқа қасиеттердің жиыны, глобальды түрде, бөлінбей қарастырылады.
Кейінірек, өмірінің екінші жылынан бастап, бала ересектердің әсерімен қарапайым құралдарды игеріп, бір затпен екінші затқа әсер ете бастайды. Осыған байланысты оны қабылдауда өзгереді. Бұл генетикалық сатыда өз денесі мен пәндік жағдай арасындағы динамикалық қарым қатынастарды ғана емес, сондай-ақ белгілі пәнаралық қатынастарды түрлендіру (мысалы, затты белгілі бір қуыстан өткізу мүмкіндігін көре білу, бір затты басқасының көмегімен қозғалту және т.б.) перцептивті көре білу мүмкін болады. Қабылдау образдары алдыңғы кезеңге тән глобалдық пен фрагментарлылығын жоғалтады, сонымен бірге қабылданатын затқа құрылымдық ұйымы айқын және адекваттылықты иемденеді. Осылайша, мысалы, форманы қабылдау саласында біріншіден, бір затты басқасынан шектейтін, екіншіден, олардың кеңістіктегі өзараәсерін (жақындасу, беттесу, бір заттың екіншісін алуы және т.б.) кейбір мүмкіндіктерін анықтайтын контурдың жалпы конфигурациясы біртіндеп бөліне бастайды.
Ерте жастан мектеп жасына (3-7 жас) өткенде, сәйкесінше үйреткенде балалар өзіндік ерекшелігі бар, бар объектілерді қолдануға ғана емес, сонымен қатар жаңа объектілерді (қол еңбегінің қарапайым түрлері, конструкциялау, сурет салу, және т.б.) жасауға бағытталған адамдардың өнімді қызметінің кейбір түрлерін игере бастайды. Өнімді қызмет баланың алдына жаңа перцептивті мақсаттар қояды.
Конструктивті қызмет ролін (А.Р. Лурия, Н.Н. Поддьяков, В.П. Сохина және басқалар), сондай-ақ сурет салу (З.М. Богуславская, Н.П. Сакулина және басқалар) көріп қабылдауды дамыту бойынша зерттеулері бұл қызметтердің әсерінен балаларда көріп талдау мен синтездеудің күрделі түрлері, көріп тұрған затын бөліктерге бөлу және содан кейін оларды бүтін ғып біріктіру қабілетінің осыған ұқсас амалдар практикада орындалудан бұрын қалыптасатындығын көрсетті. Сәйкесінше формалардың перцептивті образдары жаңа мазмұнға ие болады. Заттың контурын одан әрі нақтылаудан басқа, оның құрылымы, кеңістіктік ерекшеліктері мен оны құрайтын бөліктерінің қатынасы бөлініп көріне бастайды, бала бұрын оларға зейін аудармайтын.
Қабылдау онтогенезінің әр түрлі жастағы балалардың практикалық қызметінің сипатына байланыстылығын куәлендіретін кейбір эксперименталдық деректер осындай.
Біз көрсеткендей, баланың дамуы спонтанды жүрмейді, ал оқытудың әсерімен жүреді. Онтогенетикалық және функционалдық даму бір бірімен үздіксіз өзара әсерлесіп отырады. Осыған байланысты біз "қабылдау және әрекет” мәселесін тағы бір аспектіде – сенсорлық оқыту кезінде перцептивтік әрекеттердің қалыптасу аспектінде қарастыра аламыз. Бұл процесс баланың бұрынғы тәжірибесі мен жасына байланысты өте әртүрлі нақты ерекшеліктерін иемденгенмен, онтогенездің барлық кезеңдерінде кейбір жалпы заңдылықтарға бағынады және кейбір жағынан П.Я. Гальперин және басқалар ой әрекеттері мен ұғымдардың қалыптасуын зертегенде анықтағандарды еске түсіретін белгілі бір кезеңдерден өтеді.
Бірінші кезеңде жаңа персептивті әрекеттер (бала бұрын оған белгісіз бүтіндей жаңа мәселелермен кездесетін жағдайлар) процесс заттармен сыртқы, материалдық амалдар жасау көмегімен практикалық планда мәселені шешуден басталады. Бұл әлбетте, осы сияқты әрекеттер "бас көзсіз”, мәселеге алдын ала бойламай жасалады дегенді білдірмейді. Бірақта соңғысы өткен тәжірибеге негізделіп, ал жаңа мәселелер қойылатындықтан, алғашқы кезде бұл бағдар жеткілікті емес, және қажетті түзетулер тікелей материалдық шындықпен кездескенде, практикалық әрекеттер жасау барысында енгізіледі. Сонымен, жоғарыда келтірілген экспериментальды деректер, әр түрлі жастағы балалар мысалы, затты белгілі бір қуыстан өткізу (Л.А. Венгер тәжірибелері) немесе қолда бар элементтерден күделі бүтін құрастыру (А.Р. Лурия тәжірибелері) сияқты жаңа мәселелермен кездеседі, алғашында қажетті нәтижеге практикада жасап көру көмегімен жетеді, тек содан кейін ғана оларда сәйкес келетін бағдарлаушы перцептивті әрекеттер қалыптасады, олар алғашында сырттай көрінетін, ашық сипатта болады.
Біздің мектепке дейінгі тәрбие Институтының экспериментальды дидактика зерханасымен (А.П. Усова, Н.П. Сакулина, Н.Н. Поддьяков және басқалар) бірлесіп жүргізген зерттеулеріміз, сенсорлы оқытуды рационалды қою кезінде, ең алдымен қабылданатын объектінің белгілі бір қасиеттерін зерттеуге бағытталған осы сыртқы бағытауыш әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру қажеттігін көрсетті.
Осылайша, З.М. Богуславскаяның, Л.А. Венгердің, Т.В. Ендовицкаяның, Я.З. Неверовичтің, Т.А. Репинаның, А.Г. Рузскаяның және басқалардың тәжірибелерінен, ең жоғары нәтижелерге, сенсорлық оқытудың бастапқы кезеңдерінде балаға ұсынылатын сенсорлық эталондарды орындауды қажет ететін, сондай-ақ қабылдайтын заттың олар жасайтын моделінің өзінің сыртқы материалдық формада келетін жағдайларда жетуге болатындығы табылды.Мұндай сенсорлық оқыту үшін оңтайлы жағдай, мысалы, балаға ұсынылатын сенсорлық эталондар оған заттық үлгілер (түсті қағаз жолағы, әр түрлі формадағы жазықтықтағы фигуралар топтамасы және т.б.) түрінде берілгенде, ол қабылдайтын объектімен салыстыра алатын сыртқы әрекеттер (бір біріне жақындастырып, біреуіне екіншісін беттестіріп және т.т.) процессінде пайда болады. Осындай жолмен осы генетикалық кезеңде болашақ идеалды, перцептивті әрекеттің сыртқы материалдық прототипі құрала бастайды.
Екінші кезеңде практикалық қызмет әсерімен қайта құрылған сенсорлық процесстердің рецепторлық аппараттардың қозғалысының көмегімен жүзеге асатын және келесі практикалық әрекеттерден бұрын келетін өзіндік перцептивті әрекеттерге айналады.
Аномалоскоптың жоғарғы жартысы
үшін қызыл және жасыл

жарық көздері
Аномалоскоптың төменгі жартысы

үшін сары жарық көзі

Сурет. 4.Аномалоскоп көмегімен алынған бақылау нәтижелері. а) Өрістерді алдын ала туралағанда, б) Көз қызыл түске бейімделгеннен кейін, в) Көз жасыл түске бейімделгеннен кейін.



Сурет 5. Қызыл және жасыл түске боялған көз әйнекпен жасалған Иво Колер эксперименті: а) Көз әйнекте заттың түсін қабылдау, б) Көз әйнекті шешкеннен кейін түсті қабылдаудың өзгеруі.

Бұл әрекеттердің күрделі даму процессі В.П. Зинченконың баяндамасында толық қарастырылады. Біз бұл әрекеттердің тек кейбір ерекшеліктеріне және олардың практикалық әрекеттермен генетикалық байланыстарына тоқталамыз.
З.М. Богусловскаяның, А.Г. Рузскаяның және басқалардың зерттеулері, мысалы берілген кезеңде балалар заттардың кеңістіктік қасиеттерімен кеңінен ашылған бағдарлаушы-зертеулік қимылдар (қол және көз) көмегімен танысады. Ұқсас құбылыстар акустикалық перцептивті әрекеттерді (Т.В. Ендовицкая, Л.Е. Журова, Т.К. Михина, Т.А. Репина) қалыптастырғанда, сондай-ақ балаларда өздерінің позалары мен қимылдарын (Я.З. Неверович) кинетикалық қабылдауы қалыптасқанда байқалады.
Қарау, қолмен ұстап көру және т.б. сыртқы қимылдар көмегімен жағдайды зерттеу практикалық әрекеттерден бұрын келіп, олардың бағыты мен сипатын анықтайды. Осылайша белгілі лабиринтті өту тәжірибесі бар бала (О.В. Овчинникованың, А.Г. Полякованың тәжірибелері), көзбен немесе қолмен сипап керек жолды, тұйықтарға бармай және лабиринтте бар кедергілерді қимай алдын ала біліп отырады. Осыған ұқсас Л.А. Венгердің тәжірибелерінде әртүрлі заттарды формалары мен өлшемдері әр түрлі саңылаулардан алып өтуді үйренген балалар оларды көз қиығын заттан саңылауға аударып салыстыра бастайды және орнынан осындай алдын ала бағдарлау жүргізгеннен кейін практикалық мәселені қатесіз шешеді.
Осылайша, берілген кезеңде сыртқы бағдарлаушы-зерттеу әрекеттері практикалық әрекеттердің жолдары мен нәтижелерінің алдында келіп, соңғылары бағынатын ережелер мен шектеулерді қабылдайды.
Үшінші кезеңде перцептивтік әсерлер жинақыланады, олардың жүру уақыты қысқарады, олардың эффекторлы қатарлары тежеуден босатылады да қабылдау пассивті, әрекетсіз процес екен деген ой келтіре бастайды.
Біздің көру, сезу және есту перцептивті әсерлерінің қалыптасуына жүргізген зерттеулеріміз, сенсорлық оқытудың кеш сатыларында балалар қандай да бір сыртқы бағдарлаушы-зерттеу қозғалысынсыз ақ объектінің белгілі бір қасиеттерін танып, оларды бір-бірінен ажырату, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды байқау қабілетіне ие болады.
Қолда бар экспериментальдық деректер осы кезеңде сыртқы бағдарлаушы-зерттеу әрекет идеалды әрекетке, зейіннің қабылдау өрісі бойынша қозғалысына айналады деп топшылау жасауға мүмкіндік береді. "Идеалды” перцептивті әрекеттердің ерекшеліктерін орныққан (стабилизированное) бейнені қабылдауды зерттеу (осы симпозиудағы В.П. Зинченконың және Н.Ю. Вергилестің баяндамаларын қара) жұмыстары көрсетті.

http://psyholog.ucoz/kz/ сайтынан

Просмотров: 6700 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.0/2 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz