Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 04:15
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2008 » Желтоқсан » 24 » МЕЙІРБИКЕЛІК ҚЫЗМЕТКЕРДЕГІ “КӘСІБИ БОЛДЫРУ” СИНДРОМЫ
МЕЙІРБИКЕЛІК ҚЫЗМЕТКЕРДЕГІ “КӘСІБИ БОЛДЫРУ” СИНДРОМЫ
20:40

МЕЙІРБИКЕЛІК ҚЫЗМЕТКЕРДЕГІ “КӘСІБИ БОЛДЫРУ” СИНДРОМЫ

 
 

Көбіміздің өзімізден немесе өз әріптестерімізден бұларда келтірілген белгілердің бірін не бірнешеуін аңғаруымыз мүмкін. Демек, бұл – кәсіби мейірбикелік ортада кең тараған психикалық стресс деген сөз.

 

Стресстік кернеуге мынадай белгілер тән:

         бір нәрсеге жете ден қоя алмау;

         жұмыста жіберілетін тым жиі қателік;

         есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

         жиі шаршау сезімінің пайда болуы;

         тез сөйлеу;

         ауырудың (басы, арқасы, қарын тұсы ауырады) жиі білінуі;

         жоғары қозу сезімі;

         жұмыстан бұрынғыдай ләззат ала алмау;

         әзілдесу сезімін жоғалту;

шегетін темекі санының кенет артуы;

         алкогольдік ішімдіктерге құнығу;

         тамаққа тұрақты түрдегі қомағайлық сезімі;

         тәбет жоғалту – жалпылай ас дәмін сезбеу;

         дер кезінде жұмысты аяқтай алмау.  

Көбіміздің өзімізден немесе өз әріптестерімізден бұларда келтірілген белгілердің бірін не бірнешеуін аңғаруымыз мүмкін. Демек, бұл – кәсіби мейірбикелік ортада кең тараған психикалық стресс деген сөз.

Стресс тудыратын (стрессоогендік) факторларды қорыта келгенде, мейірбике қызметкеріне тән мынадай стрессорлар тобын бөліп қарастыруға болады:

1. Мейірбике жұмысының шарттарынан туындаған стрессорлар: жәрдем қажет ететін саны көп адамдардың барлығымен тұрақты эмоционалдық жұғысу (контакт). Өліммен (нақты, потенциалды, фантомды) ұдайы жұғысу; материалдық қиналу; біртекті (монотонды) жұмыс; сапалы қызмет үшін ынтаның болмауы; жүзеге аспаған кәсіби білім мен ептілік; шектен тыс зорығу; ауысымдық (кезекшілік) жұмыс.

2. Жеке себептер бойынша туындайтындар: әкімшіліктен сескену; психологиялық білімнің, өзіндік менеджменттің тапшылығы, мамандықты, кәсіпті тындаудағы қателесу; жұмыстағы “болдыру”; жұмыс нәтижесі бойынша жоғары жауапкершілік сезімі; когнитивтік диссонанс (танымдық сәйкессіздік);

3. Әкімшілік тарапынан болатын жайсыздықтар: аттестаттау, куәландыру; жұмысқа сырттан бақылау жасау, әкімшілікпен арадағы дау-жанжал, теке-тірестік; әкімшілік тарапынан сынап-мінеу;

4. Пациенттермен арадағы қарым-қатынастан туындайтын, олардың ата-аналарынан, студенттерден болатын стрессорлар.

5. Әріптестермен өзара қарым-қатынастан туындайтындар; тұйықтыққа немесе “ұжымның санаспауы” тұрғысына байланысты жалғыздық; психологиялық сәйкессіздік; қайтарымсыз жек көрушілік; топтық бірігудің болуы; әріптестер тарапынан болатын сын.

Стресстердің әсер етуі нәтижесінде мейірбикелік қызметкерде мынадай стресстік жағдайлардың дамуы ықтимал:

1. Психикалық: сөзден, қылықтан білінетін ызалану; көңіл-күйдің төмендеуі; үрей, кірпияздық, ұялу; пациенттерге, әріптестерге, әкімшілікке бағытталған ашу-ыза; когнитивтік ригидтілік (қабылдамау, біркеткейлік).

2. Әдептік-психикалық:мінез-құлықта және әрекетте білінетін ызақорлық; мінез-құлықпен жек көруді көрсету; әлеуметтік орынсыздық бойынша белгісіздік сезімі, жұмысқа ынтаның жоғалуы.

Патологиямен шектен жатқан  стресстік жағдайлар: стресске кінәлі адамнан кек алу жабысқақ идеясы; суицид (өзіне қол жұмсау) туралы жабысқақ ойлар; жағдайға қарсы тұру қабілетін кемсітетін шаршау; өзіне ие болуды жоғалтумен бірге жүретін ақ көзділік.

Ең қайғылысы, стресстердің ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде “кәсіби болдырудың” дамуы мүмкін.

“Болдыру” (burnout) атауын 1974 жылы америкалық психолог H.J.Freudenberger эмоционалдық қанық ауа-жайда (атмосферада) клиенттермен (пациенттермен) белсенді кәсіби қарым-қатынаста болатын адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізді. Оған “басында үлкен творчестволық мүмкіндікке (потенциалға)ие, ...өз ісіне құлай берілген, кәсіби адамдар тап болады”. V.Moss кәсіби болдыруға “күшейе түсетін қуатын, идеалын, мақсатын жоғалтатын ақыл-ойлық, денелік және жандық тауысылу” деген анықтама береді. С.Maslach болдыру тұлғааралық әрекет етудегі стресстен туындайтын эмоционалдық жүдеулік екендігін байқады.

Ол «болдырудың» позитивтік (оңды) сезімдерді, клиенттер мен пациенттеріне аяу және қастерлеу сезімін жоғалтумен білінетінін айтты. С.Мaslach бұл проблеманың негізінде адамдардан бұрын, жағдай тұрады деп есептейді. «Болдырудың» кең тарауы мен бұл синдромға тап болған кәсіби мамандар санының артуы көптеген жақсы адамдар жұмыс істейтін «нашар» оқиғаларды талдау, мекемедегі «нашар» адамдарды табуға әрекеттенуден ықпалдырақ екендігін көрсетеді.

«Кәсіби болдыру» кенеттен, тұтқиылдан пайда болмайды. Бұл процессті жабық кастрөлдегі сұйықтың, кейін қайнап сыртқа тасып төгілетін жәй қайнауымен; немесе көңіл аудармаса соңы өртке айналатын жалынның ұшқындауымен теңестіруге болады.

А.Сullen мейірбикелік қызметкердің «кәсіби болдырудың»3 сатысын былайша сипаттайды:

бірінші саты-мазасыздану; адам қалайтын деңгейге қызмет атқаруға бейім емес, ол өз беделін демеу үшін, қорғаныс механизмін қолданады. Мысалы: «Үйде қызығарлық не бар?» «Маған жұмыс көбірек ұнайды». Бұл механизмдерді қолдану кейде көмектеседі, алайда оны күнделікті пайдалану-адамның бірденені дұрыс істемегенінің белгісі;

екінші саты-қарсылық; бұл сатының басты сипаттамасы-бірбеткейлік, бағынбау, қатандық; адам ережелер мен нұсқауларға жабысып, өз позициясын (көзқарасын) өзгертуге құштарлық танытпайды; томаға тұйық, өзгелерден оқшау қалады (бұл мінез-құлқы айналасындағыларды кері тебетіндіктен назардан тыс қалуы мүмкін); егер сіз әдетте жұмыстан кейінгі уақытты бірге өткізетін мейірбике тұтқиылдан мұндай қарым-қатынасты күрт үзсе, онда оның «кәсіби болдыру» синдромын бастан кешіруі мүмкін;    

үшінші саты таусылу; А. Сullen бұл сатыны ақырғы саты ретінде сипаттап, жазады; адамның бір жағынан, маужыраған, солбыр және тұрлаусыз, ал екінші жағынан аса зілді және қатал болуы ықтимал; бұл сатыда оған көңіл мен қамқорлық қажет, алайда шұғыл жағдайларда тәртіптік сипаттағы жаза қолданылады: бұл ретте баламалы ең жақсы тәсіл – маманнан кеңес алу.

«Болдырудың» дамуына көптеген факторлар ықпал етеді. L.Phlpps шұғыл терапия бөлімшесінің ең стрессогендіктерін атағанда, мынадай бөліктерді бөліп көрсетеді: уақыттың тапшылығы; сенсорлық ынталандырушының шектен тыс мол болуы ау-жайында (атмосферасында) жұмыс істеу; көмек көрсетудің реттілігіне қатысты шешім ету қажеттілігі: дәрігерлермен өзара әрекер ету проблемалары.

Мейірбикелік қызметкердің қайда жұмыс істеуіне байланысты “болдырудың” дамуына ықпал ететін басқа да жағдайлар болады. J.Meissner мейірбикенің ең қатал жауы-басқа мейірбике деп есептейді. Мейірбикелер жаңа және /немесе жас мейірбикелермен істес болғанда өз тарапынан геноцид жасайды. Бұл процессті сыртқы ортадан бұрын, мамандықты құртуы мүмкін “қатал адам жегіштік” деп қарастыруға болады.

Мекеме штатында жаңа мейірбикенің пайда болысымен, басқа қызметкерлер өздерінің де кезінде “сары ауыз балапан” болғандарын естерінен шығып, оған қолдан келмес, нақты емес талаптар қоя бастайды.

 

Енді мына ұсынылған сауалдарға жауап беріп көріңіз.

1.        Сіз мамандыққа оқыған кезде, осы айналысқан кәсібіңіз – сіздің қалауыңыз деп есептедіңіз бе?

2.        Қазір сіздің сол пікіріңіз өзгерді ме?

3.        Сізге осы жұмыс, бастапқыдағыдай қызықты ма?

4.        Сіздің бір кездері мамандықты өзгерткіңіз келді ме?

5.        Ертең жұмыс екендігі еске түскенде – көңіл-күйіңіз бұзылады ма?

6.        Сізді әріптестеріңіз жиі ызаландырады ма?

7.        Пациенттеріңіз сіздің жүйкеңізге жиі тиеді ме?

8.        Мамандығыңыз бойынша жаңа бірдеме алу үшін медициналық басылымдарға жиі үңілесіз бе?

 

Сауалдардың жартысынан көбіне “ия” деп жауап бергендердің абайлағаны жөн: өйткені сіз “болдыру” “құбылысына” жақынсыз.  

 

http://qazpsi.ucoz.kz/ сайтынан

Просмотров: 3002 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 1
10.10.2013 Спам
1. Alemdar
It's much easier to unnsaetrdd when you put it that way!

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz