Мой сайт
Жұма, 20.04.2018, 05:39
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2008 » Желтоқсан » 25 » Ажырасуды бастан қалай жеңіл өткізуге болады
Ажырасуды бастан қалай жеңіл өткізуге болады
20:49
Психолог кеңесі
 
 

Көптеген жұбайлардың өмірінде бір күні не істесең де, ажырасудан қашып құтылмайтын сәт туатындығы құпия емес. Оған қоса неке жұптарының бір-бірінен шаршағаны соншалық, айырылысу ең жақсы жол ретінде көрінеді. Адамдарға ажырасу жағдайында қандай ұсыныстар беруге болады?

1.        Тез арада шешім қабылдамаңыз. Иә, ажырасу – бұл эмоционалдық кернеулік. Бірақ маңызды шешімдерді бастың салқын күйінде қабылдаған жөн.

2.        Өтіп жатқандардың барлығы – сіздің өмірлік тәжірибеңіздің жинақталуы. Ал бұл үлкен құндылық, және оған сәйкесінше қараңыз: бір сынғанға екі сынған берілмейді.

3.        Егер сіздің некеңіз бір кездері махаббат бойынша құрастырылған болса, сіздің сүюге мүмкіндігіңіздің бар екендігін білесіз. Ал бұл қасиетті сізден ешкім тартып ала алмайды, демек сіздің өміріңізде тағы махаббат мейрамы болады.

4.        Тек мейрамды жақындатуға асықпаңыз. Ажырасудан соң бірден жұбайыңызға бірдемені дәлелдеу немесе жалғыздықтан құтылу мақсатында шала піскен некені құру арқылы сіз ажырасудың дәл осындай жағдайына, бірақ тез арада иеленген жаңа жұбайыңызбен тап болу тәуекелін иеленесіз.

5.        Сізде тағы да мүмкіндіктер мол. Барлық бастан кешкендерді ескере отырып және бұл таңдауды жасау ептілігін игеріп, тіпті сіз өте жас болмасаңыз да өз еркіндігіңізді пайдаланудың көптеген мүмкіндіктері бар.

6.        Сіз мінез-құлқыңыз бойынша белсенді контакттарға бейім болмасаңыз да өзіңізге тұйықталып қалмаңыз. Жаңа достарды жинаңыз, жаңа әлеуметтік (социалдық) байланыстарды реттестіріңіз. Егер сізде жұмыс болмаса, жұмысқа орналасыңыз. Жалпы жұмыс іздеумен айналысудың сізді ажырасудан соңғы кез-келген жағымсыз эмоцияларды ұмытуға мәжбүрлеуге шамасы жетеді.

7.        Өз кестеңізді сізде ешқандай бос мақсатсыз уақыт қалмайтындай етіп жоспарлаңыз. Барлық күндерді еңбекпен және тірлікпен өткізу міндетті емес – тынығыңыз. Бірақ белсенді тынығыңыз.

8.        Және міндетті түрде, мүмкін маманның көмегімен, ажырасудан соң пайда болатын кінә, өш алу, ашу, ыза, жек көру сезімдерінен арылыңыз. Бұл сіздің жаңа еркін жолыңызда жақсы серіктер бола алмайды.

9.        Ажырасу оқиғасы – ең алдымен өзіңізді түсінуге жақсы себеп. Жаңа серіктесті (партнерді) табуда бір тырманы екінші рет баспаңыз.

10.      Есіңізде болсын, ажырасу – бұл сіздің бар өміріңіздің күйреуі және тіпті оның ақыр соңы емес. Мүмкін бұл сіздің жаңа бақытты тағдырыңыздың тек бастауы болар.

 

www.naritsyn.ru сайтының материалдары бойынша

 http://kzp.ucoz.kz сайтынан
Просмотров: 2067 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2008  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz