Мой сайт
Сенбі, 21.07.2018, 05:17
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2009 » Қаңтар » 3 » Алаңдаумен күресуге болады
Алаңдаумен күресуге болады
20:40
 
Алаңдаумен табысты түрде күресуге болады. Алайда психотерапевтік көмек сол немесе басқа себепке байланысты қолы жетпейтін адамдарға не істеу керек? Неліктен оларға жел өтіндегі үйеңкі жапырағы сияқты еш жәрдемсіз дірілдеу ғана қалады? Әрине тіпті де олай емес. Алаңдаумен күресудің бірнеше сынақтан өткен тәсілдері бар. Екі сөзбен оларды былай белгілеуге болады: жұмыс және дұға. Жұмыс – адам алаңдаушы жағдайда демеп тұруға жұмсайтын сол қуатты пайдалы түрде қолдануға мүмкіндік беретін қандай да бір іс-әрекет. Дұға – өзімен өзі,  жақын адаммен немесе құдаймен алаңдау туралы әңгімелесу, алаңдауды ой елегінен өткізуге және оны құртуға көмектесетін әңгіме.  Егер сіз барынша нақты ұсыныстар алғыңыз келсе, төменде баяндалатынмен танысыңыз. Сонымен алаңдаумен күресу тәсілдері.

1.       Өзіңізден «Мен не туралы алаңдаймын» деп сұраңыз. Сізді абыржытатын нәрселердің тізімін құрастырыңыз. Одан соң әрбір бапқа жеке өзіңізге тағы сауал қойыңыз «Менде алаңдау үшін негіз бар ма?». Егер жауабы «жоқ» болса, өзіңізге «Менде алаңдауға енді қажеттілік жоқ, мен тыныштанамын деңіз. Егер «Ия» деген жауап болса, алаңдауды тудыратын жағдайды өзгертуді бастаңыз. Мысалы, егер сізде өз денсаулығыңызға мазасыздануға негіз болатын болса, дәрігерге кеңес алу үшін барып қайтыңыз. Егер жұмысты жоғалту мүмкіндігі алаңдататын болса, мекемедегі өз жағдайыңызды бекітіңіз немесе қосымша нұсқа іздеңіз.

2.        Егер сіз өзіңіз үшін емес, туыс адамдарыңыз үшін алаңдайтын болсаңыз, өзіңізден «Оған мен алаңдауым қажет пе, ол туыс адамға көмектеседі ме?» -деп сұраңыз. Бәрінен бұрын сіз бұл сауалға теріс жауап берсеңіз, мұндай жағдайда: «Алаңдаудың орнына ол үшін мен не істей аламын?» деп сұраңыз. Күйеуді күтудегі дәмді кешкі ас, пәтерде аласұрып және сіздің ойша сызған автоапаттың қорқынышты көріністерінен гөрі, оны барынша көбірек қуантады.  

3.       Егер оқиғаны өзгертуге мүмкіндік болмаса, онда оған қатынасыңызды өзгерту мүмкіндігі қалады. Тағдырға иек артыңыз және өзіңізге: «не болса да болады. Барлығы жақсылықпен аяқталсын» -деп айтыңыз.

4.       Өз алаңдауыңызды ауа шары ретінде ойға симас үлкен көлемге дейін үрлеп, оны мүмкіндігіңізше ұлғайтыңыз, қолдан келгенше жақсылап қорқытуға тырысыңыз. Мұнда барлық денемен қалтыраған да жақсы. Белгілі бір сәтте сізге күлкілі болады да, шар жарылады және алаңдау ұшып кетеді.

5.       Өз алаңдауыңызды жағымды кернеу ретінде қабылдауға тырысыңыз. Физиологиялық тұрғыда  бұл жағдайлар көп жағынан ұқсас. Алаңдау басталған сәтте ойды секске ауыстырыңыз.

6.       Сондай-ақ алаңдауды өзіңізге «мен жинақтымын, басым анық әрекет етуге дайын» деп айтып алаңдауды ынталылыққа (энтузиазмге)  айналдыруға болады. Одан соң әрекет ете бастаңыз. Мүмкін бұл кәсіби мәселелерді шешу  немесе жаңа идеяларды ойластыру немесе  пәтерді жинастыру болуы ықтимал.

7.       Алаңдауды дене жаттығулары мен қуатсыздандырыңыздар. Әдетте бір екпінде жүгіру, ұзақ жаяу жүру, хатха– йогадағы жаттығулар немесе суда жүзу лайықты.  Елеулі діңкалаудан қашу керек.

8.       Егер алаңдау созылмалы сипат иеленсе, күнделік жазыңыз, өз жағдайыңызды және өзіңізді жақсырақ сезінуге көмектескен тәсілдерді мұқият сипаттап жазып, күнделікті қайтадан оқыңыз, алаңдаудың толқынға ұқсас екендігіне көз жеткізіңіз; құйылудан кейін әрқашан кері қайту болады.

9.       Алаңдауды туыс адамдармен талқылаңыз. Олар сізге моральдық демеу береді және сіздің қауіптенуіңіздің қаншалықты негіз бар екендігін түсінуге көмектеседі.

Бір немесе бірнеше тәсілдерді байқап көріңіз. Көптеген жағдайларда оларды қолданудан соң адамның жағдайы жақсарады.  Егер бұлай болмаса, қабылдауға қош келдіңіз!

Алаңдаулы пациентке алаңдады күшейтетін мынадай факторларды ескеруге және мүмкіндігінше олардан қашуға тура келеді.

1.                   Уақытша цейтнот, бірнеше істерді бір және  сол уақытқа жоспарлау.

2.  Сергітетін ішімдіктерді (шәй, кофе) көп мөлшерде тұтыну.

Алаңдауға қарсы препараттарды бірден алып тастау. Егер сіз мұндай дәрілерді қабылдай бастасаңыз, онда алып тастауды толқынды түрде мөлшерін төмендетіп жүргізу қажет.

 

Е.А.Некрасованың «Психотерапия бойынша қысқаша анықтамалық» кітабынан үзінді.

 

                       

 

http://qazpsi.ucoz.kz/  сайтынан

 

Просмотров: 1550 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz