Мой сайт
Бейсенбі, 21.06.2018, 17:08
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2009 » Қаңтар » 3 » Торығуда (депрессияда) жәрдемдесу
Торығуда (депрессияда) жәрдемдесу
20:47
 
Екі аптадан артыққа созылатын және соңы көрінбейтін уайымы бар адамдарға не істеу керек? Егер психотерапевтке бару қандай да бір себептерге байланысты қол жетімсіз болғанда, зардап тартатын адам өзіне қалай жәрдемдесе алады?

1. Депрессияның мәңгілікке созылмайтындығын еске ұстаңыз. Сізге бұған сену қазір қиын, дегенмен сіз өзіңізді барынша жақсы сезінетін күн міндетті түрде туады, өмірдің мәні жоғалып кеткен жоқ, тек ол күннің бұлттарға жасырынғаны сияқты депрессияға жасырынған. Бұлттар тарқайды, ыдырайды және күн қайтадан жадырап көрінеді.

2. Әрбір тәулікте сіз қаншалықты мүмкіндігіңіз келгенше, соншалықты белсенді болыңыз. Өзіңізді тізгіндеуге, әрекетсіздікке кетуге жібермеңіз. Істердегі мұңлы ойлардан сейіліңіз. Әрбір сәтті аяқталған істі депрессиямен күрес майданындағы сіздің кішкентай жеңісіңіз ретінде бағалаңыз.

3. Әрбір күні өзіңізді қуантуға қабілетті нәрсемен қуантыңыз. Бұл жақсы кітап немесе сүйікті әтірдің иісі, шоколад немесе хош иісті шөптері бар ванна болуы ықтимал. Бұл жағымды заттардан қалған сіздің бұрынғы сезімдеріңізді еске түсіріңіз және сезініңіз.

4. Әрбір күні сізді сүйетін адамдармен, отбасы мүшелерімен, туысқандармен, достармен араласыңыз. Олардан сіздегі не нәрсе өздеріне көбірек ұнайтындығын айтып беруді өтініңіз. Айтылғандарды қанағаттанарлықпен қабылдаңыз.

5. Күлдіргі фильмдерді көріңіз және күлдіргі кітаптарды оқыңыз. Өзіңіздің тұнжыр ойларыңызға, депрессияның өзіне мысқылдап күлуге тырысыңыз.

6. Өз ойларыңызды және сезімдеріңізді, өз жағдайларыңызды күнделікте сипаттап жазыңыз. Біріншіден, қағаз бетінде ағынан жарылып айту мүмкіндігі жан жүгін азайтады. Екіншіден, сіз көп кешікпей өз жағдайыңыздағы динамиканы көзбен көресіз, ең азғантай жақсаруды мұқият түртіп қойыңыз және оларға қуаныңыз.

ДЕПРЕССИЯ ӨТЕДІ. Әрқашан. Бұл деректі сезіну сізге оны бастан өткеруге көмектеседі.

 

Е.А.Некрасованың «Психотерапия бойынша қысқаша анықтамалық» кітабынан үзінді.

 

 

http://qazpsi.ucoz.kz/ сайтынан

Просмотров: 1336 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz