Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:40
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2009 » Қаңтар » 3 » Еңбекқорлық кеселінен арылу
Еңбекқорлық кеселінен арылу
22:24
 
Еңбекқорлық, ұдайы жұмыс істеу де жұмысқа тәуелділік, яғни кесел. Өзін-өзі нағыз еңбекқор екендігін нақты білетін адамға не істеу керек? Өзін сүю, сүю керек, - деп айту жеңіл. «Ал бұл қалай жасалады?»- деп менен пациенттерім жиі сұрайды. Сауыға бастаған еңбекқорларға арналған негізгі тілектерді баяндаймын.

1.        Жұмыс – бар өмір еместігін  санамен сезініңіз. Біз өмір сүру үшін жұмыс істейміз, ал жұмыс істеу үшін өмір сүрмейміз. Жұмыстан бөлек өмірде басқалар (отбасы, достар, қызығулар және көптеген басқалар) бар екендігін еске түсіріңіз.

2.          Сіз тек қана жақсы қызметкер, тек қана өндірістік механизмнің (тетіктің) маңызды бөлшегі еместігіңізді санамен сезініңіз. Сіз біреудің ұлы, әкесі, досы, күйеуі, нақсүйерісіз. Сіз – қайталанбас тұлғасыз.   Сіздің сыртқы түріңіз, интеллектіңіз, мінезіңіз – қайталанбас және құнды. Мұны сезініңіз. Бөлшекті ауыстыруға болады, дегенмен сіз өз бойыңызға арқалап жүрген сол теңдесі жоқ әлемді қайтадан жасау кімнің қолынан келеді?

3.        Өмір сүруге шешім қабылдаңыз. Сіз – күшті адамсыз, бірақ темірден жаратылмағансыз. Өз өміріңізді созылмалы діңкелеумен және өз денсаулығына бей-жәй қатынаспен қысқартпаңыз.

4.        Өзіңіз туралы қамқорлықты бастаңыз. Сіз тек қоғамның пайдалы мүшесі және отбасы тірегі екендігіңізден ғана емес, алайда сіз- адам болғандықтан қамқорлыққа лайықтысыз, ал әрбір адам махаббат  пен қамқорлыққа зәру. Өз денсаулығыңыз туралы қамқорлық, әдемі киім сатып алу, жағымды адамдармен араласу, сүйікті кітаптар оқу, саяхат жасау – мұның бәрі сіз үшін шын мәнінде шипалы болуы мүмкін. Сіз айналадағы адамдар жөнінде керемет қамқор жасай аласыз. Оларға көмектесе отырып, әрбір ретте ойша сұраңыз, сауал қойыңыз: «Ал қазір мен өзім үшін не жасай аламын?» - деп және өз тілектеріңізді орындаңыз.

5.        Басқа адамдардың көмегін байыпты және алғыспен қабылдаңыз. (Әрине, әңгіме сіздің алғыңыз келген сол көмек туралы болып отыр). Сізге қажетті нәрсені сұрауға еш қымсынбаңыз.

6.        Өзіңіздің ұдайы ойдағы балалық қалауыңызды еске алыңыз және оны жүзеге асыруға тырысыңыз.

7.        Өмірден ләззат алыңыз! Осылайша сіз өз балаларыңызды бақытты болуға үйрете аласыз.

 

Е.А.Некрасованың «Психотерапия бойынша қысқаша анықтамалық» кітабынан үзінді.

 

                        http://qazpsi.ucoz.kz/  сайтынан

 

Просмотров: 1552 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz