Мой сайт
Жұма, 20.04.2018, 05:46
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2009 » Қаңтар » 11 » Жүйке тіл бағдарламасы бойынша қысқаша сөздік
Жүйке тіл бағдарламасы бойынша қысқаша сөздік
21:49

 

«ЖТБ бойынша қысқа сөздік».

 

Жетелеу - өз мінез-құлқыңды басқа адамға оған ілесуге мүмкіндік беретіндей раппорт деңгейінде өзгерту.

Икемділік – кейбір нәтижеге жету үшін ойлау мен мінез-құлықтың тәсілдерінің кең жинағын меңгеру.

Калибрлеу – басқа адам тұрған жағдайды вербалдық емес сигналдар бойынша тура білу.

Карта – өзінің жеке күйзелістері мен қабылдауларынан құрастырылған әрбір адамға тән әлем туралы теңдесі жоқ пайымдау.

Кинестетикалық – еске түсірілетін әсерлер, эмоциялар мен тепе-теңдік сезімі сияқты еске түсірілетін сыртқы тактильдік және ішкі сезімдер.

Конгруэнттілік – сенімдердің, құндылықтардың, ептіліктердің және әрекеттердің үйлесімділігі.

Уақытша сызық – біздің өткенімізді біздің болашағымызбен жалғастыратын сызық; біздің өткенімізге, бүгінгімізге және алдағымызға қатысы бар суреттерді, дауыстарды және сезімдерді сақтау әдісі.

Метамодель – тіл мен ішкі тәжірибе арасындағы байланыстарды құратын лингвистикалық амалдар мен сауалдардың жиынтығы.

Метафора – салыстырылу деп ұғынылатын оқиғалар мен тілдік оралымдар көмегімен тік емес қатынасу. ЖТБ-да метафора ретінде салыстыру, оқиғалар, басқаша айту мен аллегориялар түсініледі.

Модельдеу – белгілі бір мақсатқа жетуге көмектесуі мүмкін ойлар мен мінез-құлықтың реттілігін бөлу процесі. ЖТБ негізінде жатады.

Модальдық – сол арқылы ақпарат келіп жететін сенсорлық канал (көру, есіту, сезу және т.б.)

Позитивтік ниет – кез-келген әрекеттің немесе нанымның негізінде жатқан позитивтік мақсат.

Санадан төменгі бөлік – дәл осы сәтте сіз сезінбейтіннің барлығы.

Қатарласу – басқа адамның мінез-құлықтарын, ептіліктерін, наным-сенімдерін немесе құндылықтарының элементтерін онымен раппортты нығайту мақсатында иелену.

Екінші позиция – басқа адамның көзқарасы тұрғысынан қабылдау.

Бірінші позиция – әлемді тек өз көзқарасы тұрғысынан қабылдау. Өзінің жеке ішкі реалдылығына толық бойлау. Қабылдаудың үш позициясының бірі.

Үшінші позиция – алыс орналасқан бақылаушының көзқарас тұрғысына көшу.

Алғы шарттар – жобалап түсінілген идеялар мен сенімдер, яғни оларға өзімен-өзі болатындай қаралады және бұл болжамға сүйеніле отырып әрекет жасалады.

Предикаттар – адамның репрезентативтік жүйесін анықтауға мүмкіндік беретін атаулар.

Жағдайды үзу – эмоционалдық жағдайды өзгерту үшін қозғалысты пайдалану немесе зейінді алаңдату.

Қосылу (қатарласу) – басқа адаммен белгілі бір уақыт аралығында оның реалдық картасына көшу жолымен раппортты орнату және демеу. Өзіне өзі қатарласудың мәні өз жеке ішкі тәжірибесіне, оны жедел өзгертуге   тырыспай зейінді аударуды білдіреді.

Рамка (жақтау) – белгілі бір контексті немесе айтылған сөздерді, оқиғаларды, мінез-құлықтарды жеткізу тәсілі.

Раппорт – өзімен өзі немесе басқа адамдармен сенім және ықыластылық қатынасы. ЖТБ-ның төрт бағанасының бірі.

Нәтиже – сезімдік қабылдауға негізделген нақты қалаулы мақсат. Бұл мақсатқа қол жеткізген кезде нені көретініңізді, есітитіндігіңізді  және сезінетіндігіңізді  сіз білесіз.

Ресурстар – нәтижеге қол жетуге көмектесуі мүмкіндердің барлығы, мысалы, физиология, жағдайлар, ойлар, сенімдер, стратегиялар, күйзелістер, адамдар, оқиғалар, мүліктер, орындар, хикаялар және с.с.

Рефрейминг – (қайта қалыптастыру) – оқиғаға басқа көзқараспен қарау немесе оқиғаға басқа мағына жапсыру. Оқиғаға жаңа мән беру үшін жақтауды (рамканы) өзгерту.

Көздік жету сигналдары –визуалдық, аудиалдық немесе кинестетикалық ойлау тәсілдерін көрсететін белгілі бір бағыттағы көздің қозғалысы.

Репрезентативтік жүйе – өз сезім ағзаларымызды: визуалдық, аудиалдық, кинестетикалық, иіс пен дәм жүйелерімізді пайдалана отырып олардың көмегімен ішкі ақпаратты репрезентирлейтін (қайталап көзге елестететін) қабылдаудың әр түрлі каналдары.

Уақытты кесіп өту – уақыт сызығының орналасуы, бұл кезде өткен сіздің соңыңызды, ал болашақ – алдыңызды, мұнда «бүгінгі (осы)» сіздің денеңізді жарып өтеді.

Сана – уақыттың осы сәтінде ұғынылатынның жиынтығы.

Ассоцирленген жағдай – толғанысқа толығымен тартылған кезде айналадағылардың барлығына өз жеке көздерімен қарап оқиғаның ішінде болу.

Стратегия – тұрақты түрде белгілі бір нәтижеге жетелейтін қайталанатын ойлар мен мінез –құлықтың реттілігі.

Субмодальдық – әрбір репрезентативтік жүйенің ішінен біз аңғаратын майда ерекшеліктер, ішкі пайымдаулардың сапалық сипаттамалары, біздің ойларымыз құрастырылатын ұсақ кірпіштер.

Нейрологиялық деңгейлер – тәжірибенің әр түрлі деңгейлері: айнала, мінез-құлық, ептіліктер, сенімдер, сәйкестіктер және сәйкестіктерден де жоғары.

Сенсорлық сезімталдық – сыртқы әлемнен біз алатын сол  сенсорлық ақпараттардан барынша майда ерекшеліктерді аңғаруға біз үйренетін оқу процесі.

Дене қимыл тілі – хабарды дене көмегімен, сөзсіз немесе дыбыссыз беру тәсілі, мысалы тұрғымен (поза), ишаратпен, бет-әлпет көрнісімен, сыртқы түрмен және қол жету кілттерімен.

Зәкірлеу – екі әр түрлі оқиғалар арасындағы ассоциативтік байланысты құру процесі.

Зәкір – реакцияны шақыратын кез келген ынталандыру. Зәкірлер біздің жағдайларымызды өзгертеді. Олар өздігінен пайда болуы мүмкін, ал кейде қасақана орнатылуы ықтимал.

 

http://qazpsi.ucoz.kz/ сайтынан

Просмотров: 1888 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz