Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 21:35
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Наурыз » 1 » Ағаштар адам емдейді
Ағаштар адам емдейді
07:54
 
Табиғаттың бір бөлшегі саналатын ағаштардың адамға өмірлік жағымды энергия сыйлайтынын және адам бойындағы жағымсыз энергияны өзіне сіңіріп алатынын көпшілігіміз ескере бермейміз.
 
«Жапырақ - жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын» деп Мұ­қағали марқұм жырлап кеткендей, ағаштар да жаны бар «тіршілік иесі». Ежелгі жазбалардың бірінде: «Адамдар мен ағаштарды ежелден достық пен туысқандық сезім байланыстырған. Майдан даласында қансырап жатқан солдат, күш-қайратына қайта міну үшін еменге жүгінген. Әйел, отбасы-ошақ қасында бақытты болуы және дүниеге сау ұрпақ әкелуі үшін жөке ағашына қарай жүрген. Бойжеткен, болашақ өмірі бақытты болуы үшін қайыңға қол созған» деп жазылыпты. Бүгінде био­физика ғылымы шынымен де еменнің - еркекке, жөке ағашының - әйелге, қайың­ның - қызға күш-жігер сыйлай­тынын қуаттап отыр.
Ұзақ уақыт орман ішін аралау адам ағзасына кез келген дәріден де күшті әсер ететіні бүгінгі ғылымда дәлел­денген. Мұндай емдеу процедурасы кезінде адам тың күш жинап, көңіл күйі көтеріліп, жанына батқан жаман ойлардан арылып қана қоймай, белгілі бір ағаштармен тұрақты байланыс жасаған жағдайда жаман дертінен де айығуға болатыны өмірде сан рет кез­десіпті. Сондықтан мамандар бүкіл дүние бусанып, жасыл тіршілік оянатын көктем кезінде жиі-жиі орман-тоғай аралауға кеңес береді. Ағаштар да адамдар сияқты көктемде күш-қуатқа кенеледі. Орман-тоғай сізді жұпар аңқыған иісімен-ақ емдейді.
Ата-бабаларымыз жапан далада өсіп тұрған жалғыз ағашты қасиетті санап, ешуақытта кеспек тұрмақ, зақым да келтірмеген, өмірде жалғыздыққа ұшы­раймын деп ырымдаған. Жапандағы жалғыз ағаштың түбіне отырмаған, қонбаған. Бейіт басында өсіп тұрған ағашқа да тиіспеген. Қосарланып, қатар біткен ағашты кеспеген, «олай етсең, қосағыңнан айырыласың» деп ырым еткен. Ғасырлар бойы өсіп тұрған діңі жуан бәйтеректің қурап түскен бұ­тағына да құрметпен қараған. Оған жеті ғасыр болған «Әулие ағашты» мысалға келтірсек те жетеді.
Көптеген халықтарда ертеде дүниеге бала келгенде дереу ағаш егетін салт болған. Ол ағаш әлгі сәбиге ғана арнап егіледі. Егер сәби науқастанса, кейін өсе келе, ауырған жағдайда да әлгі өзі­нің ағашына апарып, емдейтін болған. Алтайлық шамандар тайгаға барып, өзінің «шамандық» ағашын таңдап-талғаған. Егер ол ағаш өздігінен шіріп құлаған немесе адам қолымен кесілген жағдайда шаман да өлетін болған.
Сонымен, жоғарыда айтқанымыз­дай, ағаштан жағымды энергияны қалай сіңіріп алуға болады? Ол үшін зерттеушілер, ең бастысы ағашты дұ­рыс таңдай білу керек екенін айтады. Жеке немесе бір-бірінен алты метрден кем емес алшақ тұрған ағаштардың энергиясы айрықша күшті болып ке­летіні анықталған. Кейбір ағаш қасына барғаннан адамға жағымсыз сезім береді. Ондай ағаштан, әрине, аулақ жүрген жөн. Қисық біткен, бұтақтары майысқан, солған, ауру, қураған ағаш­қа жолай көрмеңіз.Ондай вампир-ағаштар керісінше, сіздің «ақ» энер­гияңызды сорып алуы мүмкін. Сон­дықтан ағаштың оқтай түзуін әрі сауын таңдаңыз.

Әркімнің өз ағашы бар
Ең мықты донор-ағаш қайсы десек, ең мықтысы - емен ағашы, ол адамның иммунитетін, рухын көтеріп, ойына керемет ой қосады.
Қарағай да өте мықты ағаш, бірақ оның биоэнергетикасы ауыр бол­ғандықтан, абайлап пайдаланған дұрыс. Әсіресе, жүрегі ауыратын адамдарға мамандар қарағайлы орманда қы­дырмауға кеңес береді.
Акация да жақсы донор саналады. Бұл ағаш адамға жақсы көңіл күй, тың күш, жұмсақ сезім сыйлайды.
Үйеңкінің биоалаңы өте күшті. Сон­дықтан кез келген адам үйеңкіні батыл құшақтай беруіне болады.
Қайың жұрттың бәріне көмектесе бермейді. Қайың тек өзін еркелететін, өзіне ғашық жандарға ғана жомарт­тығын көрсетеді. Ақ қайың - ақ ару дейтініміздей, қайың ежелден нәзік­жандылардың символы санала­тын­дықтан, әйелдерге көп көмектеседі. Қайың шырынын ішу денсаулыққа өте пайдалы саналады.
Ағаштан энергия алу үшін онымен арада міндетті түрде «диалог» болу ке­рек. Алдымен ағашқа арқаңызды не­месе бетіңізді беріп, таза оймен күш-қуатын бөлісуді өтінген дұрыс. Сосын бой-басыңызды босатып, өзіңізді энер­гия сіңіріп жатырмын деп есептеңіз. Бұл процедураны ұйықтардан екі-үш сағат бұрын 2-3 минут ішінде орындау кеңес етіледі. Энергия алған соң, ағаш­қа алғыс айтуды ұмытпаған жөн.
Бойыңыздағы «қара» энергиядан құтылу үшін төмендегі ағаштарды пай­даланған дұрыс.
Оқтай түзу теректің энергиясы да түзу болып келеді. Оның көмегімен бас және омыртқа ауруынан құтылуға болады деп есептеледі. Ол үшін ауырған жерге бір айдай терек тақтайшасын қою кеңес етіледі.
Арша ағашының емдік қасиеті қазақ баласы үшін таңсық емес. Ауырған адамды, үйді аршаның иісімен аластап, тазалайды. Етті, қымыз пісетін сабаны аршаның түтініне ыстайды. Құрғақ жөтелге аршаның түтіні бірден бір ем саналады.
Көктерек - адам бойынан жаман энергияны жұлып алуда таптырмайтын ең күшті ағаш саналады. Ол үшін ағашқа арқаңызды тіреп, 15 минуттай тұрғаныңыз дұрыс.
Қызылтал адам бойындағы құрыс-тырысты, бас ауруын жазады делі­неді.
Шетен ағашы әлсіз саналғанмен, ол да адамға едәуір көмектеседі делінеді.
Халық арасында қылтанақты, тікенді ағаш адам денсаулығына жақсы әсер етеді деген сенім бар.
Емен мен қайың қан қысымын тө­мендетеді, сондықтан гипертониямен ауыратын адамдардың осы ағаштарға жақын жүргені жөн екен.

Әр адамның өзіне сай ағашы бар
Астрологтардың айтуынша, әр адам­ның өзіне сай ағашы, ал ағаштың өзін­дік психологиялық коды болады. Мә­селен, тоқты жұлдызындағылар­дың ағашы - қарағай. Торпақтарға акация ағашы жарасады. Сондай-ақ тор­пақ­тарға емен де сай келеді. Бәрінен де сай келетіні - шетен ағашы. Бұл ағаш - отбасындағы бақыт пен тыныштықтың символы, кепілі. Сондықтан ертеде үй маңына отырғызуға тырысқан.
Егіздер үшін алмұрт ағашынан жақыны жоқ. Ал шаян шоқжұлдызында туғандарға үйеңкі ағашы жақсы кө­мек­теседі. Арыстандар үшін рухани және дене күшін сыйлауда емен ағашы лайық. Бикеш жұлдызында туғандарға алма ағашынан артығы жоқ. Тара­зы­ларға қайың ағашы сай келеді. Сары­шаян жұлдызындағылардың ағашы - қарағай. Мергендерге қайың көмекке келеді. Тауешкілердің жанына шырша ағашы жағады. Суқұйғыштардың энер­гиялық көзі қарағай ағашында. Ба­лық­тардың ағашы - тазалық пен пәктіктің, нәзіктіктің символы саналатын қайың ағашы. Балықтар үшін тағы бір энергия көзі - көктерек.
Емен мен қайың барлық жұлдызда туғандар үшін жағымды күй сый­лай­ды.
Қысқасы, ағаштар, бізді қоршаған айналамыз сияқты, ғарыштан үздіксіз энергия аулайды, оны бойына сіңіреді, өзінде сақтайды. Адам ағашпен оңашада сырласқанда биоэнергетикалық алма­сулар жүреді. Бұл үдеріс кезінде ағаш тек ғарыш пен адам арасында делдалдың қызметін атқаратынын ұмытпаған жөн.

Төреғали ТӘШЕНОВ
http://www.aikyn.kz/
Просмотров: 7560 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Наурыз 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz