Мой сайт
Бейсенбі, 21.06.2018, 17:09
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Мамыр » 20 » А түріндегі мінез-құлық – инфарктке барар жол
А түріндегі мінез-құлық – инфарктке барар жол
18:51
 
 
Жүректің ишемиялық кеселінің, оның ішінде дерттің ауыр білінісі – миокард инфарктінің пайда болуына шылымқорлық, аз қимылдағы өмір салты және дұрыс емес тамақтану ықпал етеді. Алайда организмнің бұл қауіпті жарылысы, сізге келгенге дейінгі қауіп шегі мұнымен шектелмейді. Мұндай кеселдің дамуына психологиялық факторлар да елеулі үлес қоса алады. Мысалы, эмоционалдық шектен тыс кернеу немесе ұйқының бұзылуы, яғни «А» түріндегі мінез-құлық. Кардиологтар мінез-құлық деп нені ұғынады?
 
Бұл шамадан тыс белсенділік, бәрінен көбірекке қол жетуге ұмтылу, бәсекелестікке, көшбасшылыққа, озбырлыққа деген анық білінетін даму бағыты, уақыттың ұдайы жетіспеу сезімі, мазасыздық, шыдамсыздық. Мұндай мінез-құлқы бар адамдарды тану өте оңай: олар белсенді ишарат жасайды, тез жүреді, жылдам және көп сөйлейді, ұдайы қолдары бос болмайды, мүлдем тынықпайды: жұмыспен шектен тыс әуестену демалыс күндері де және бос уақытта да сақталады.
 
Олардың миында тек қана жұмыс және оларда сенімді ырғақтың бұзылуынан сақтандыратын коды бар құлып қойылған. Мұның бәрі егер қарқын бәсеңдемесе инфарктқа жетелейді. Әрине, көп адамдар жетістікке ұмтылу, жұмысқа барын салу – бұл нашар қасиет емес, тіпті керісінше олар жоғары жұмыс қабілетінің және творчестволық қайтарымды ынталандырушысы болып табылады деп қарсылық көрсетуі мүмкін. Әрине, мұның солай екені анық.
 
Дегенмен, біздің кемшіліктеріміз өз жетістіктеріміздің жалғасы болып табылады. Сондай-ақ адам өз жұмысын тынығумен алмастырып, оңтайлы ұйымдастыра алмаса, онда ол өз организміне қандай да болмасын радио арқылы басқарылатын көзге көрінбейтін құлыптың қойылғанына қарамастан өнімді жұмыс істей алмайды және өз денсаулығын жоғалту қауіпі бар.
 
Мұндай адамда оның еңбек өнімділігін төмендететін, творчестволық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кедергі келтіретін, жұмыста қателіктің туындауына жетелейтін психикалық зорығудың пайда болуы мүмкін, қарапайым тілмен айтқанда әлдебір жылжымалы электромагниттік құлып адами эмоциялардың қауіпсіздігі жүйесінде тұрақты жаңылыс береді. Оған қоса А түріндегі мінез-құлық – бұл қауіпті фактор, өз мәні бойынша ол шылымқорлықтан кем емес.
 
А түріндегі мінез-құлық медицина мен социология тұрғысынан оңтайлы емес болып табылады. Өкінішке орай, өз өміріндегі қасіретті оқиғаның, мысалы жақын адамының қайтыс болуының алдын алуға ешкімнің біліктілігінің жетпейтіні анық. Дегенмен, әркімнің эмоционалдық шектен тыс кернеудің, стресстің зардаптарымен күресте көмектесетін әдістерді игеруге қабілеті бар. Әркім өз жұмысын және бос уақытын ұтымды ұйымдастыруды, психикалық зорығуға жол бермеуді үйрене алады.
 
"Сыр психология әлемі" республикалық газетінен
Просмотров: 1570 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz