Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 04:15
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Қаңтар » 29 » Адам тани аласың ба?
Адам тани аласың ба?
11:23

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Ол үшін ісіне, жүзіне қарасаң жеткілікті
Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады, деп есептейді адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер.
 
Бәрі мүмкін. Өйткені ойшыл Меһмет Соймен айтпайды ма: «Дене мен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді», - деп.
Ісі арқылы адамды бағалау
 
Кімнің кім екенін кескін-келбетіне қарамай-ақ, ісінен де білуге болады ғой. Бұл орайда біздің данагөй қазақ былай демейді ме:
Туыстың кім екенін, басыңа іс түсіп, жалалы болғанда білерсің.
Бауырдың кім екенін, жаның күйзеліп, жаралы болғанда білерсің.
Достың кім екенін, өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің.
Жолдасың кім екенін, басыңнан бақ тайғанда білерсің.
Баланың кім екенін күш-қуатың кетіп, қартайғанда білерсің.
Келіннің кім екенін, жағдайың кетіп, жантайған-да білерсің.
Әйелдің кім екенін, ша-ңырағың шайқалғанда бі-лерсің.
Адам тану-даналықтың қайнар көзі.
 
Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын. Кінәсіз бола тұра ақталғысы келмейтіндер де, «менің ақтығыма сенеме, сенеді, сенбейді ме, өзі білсін», - дейтіндер де бар. Оның бәрі адам жанының күрделілігінен.
Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпей-ілділігі, қарапайым, мәде-ниеттілігі,еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы. Бұл орайда біздің қазақ тағы да былай дейді:
Жігіттің астындағы атын көріп, жетер жерін біл.
Атының ер-тұрманын көріп, жігіттің шыққан тегін біл.
Үстіндегі киген киімін көріп, кісілігін, жігіттігін біл.
Сөйлеген сөзін тыңдап, алған білімін, тәлім-тәр-биесін біл.
Алайда біздің қазақ осылай деп отырып, ойын былайша да қорытады:
Алтын табақтан ас іш-кеніңнің керегі не, ішкен асыңның дәмі болмаса.
Ұзақ ғұмыр кешкенің-нің керегі не, ғұмырыңның мәні болмаса.
Еңсесі биік шаңырағың-ның керегі не, астында сәні мен әні болмаса...
Физиономистика – адам тану ғылымы
Мамандардың айтуынша, қоғамдық орында сөз сөй-лейтін болсаң, кәсіп таңдап, жұмыс іздесең, біреумен танысып, әңгімелесуге ниеттенсең, бастықтарыңнан еңбекақыңды өсіруді өтінгің келсе, ең бірінші, бойыңды түзе, кескін-келбетіңе, киім-кешегіңе көңіл бөл, айтатын сөзіңді алдын-ала дайындап ал, өзі-ңе-өзің сенімді бол. «Біздің қимыл-қозғалысымыз өзіміз-дің жеңісімізді белгілеп келеді. Біз өзіміздің қимыл-қозғалысымызды меңгеріп алуымыз керек», - деп жазушы Георги Еллиот айтып кетпекші, адамның дене бітімі мен іс-әрекеті оның психологиялық бейнесін өзгертуге, тіршіліктегі жапа-машақатты кедергілерді жеңуіне көмектеседі.
Адамның жүзіне қарап отырып мінез-құлқын білуге тырысу мәселесі біздің арғы ата-бабаларымызды да қатты толғандырған. Олар сол кезден-ақ адамның бет әлпеті мен мінез-құлқының арасындағы ішкі байланысты іздей бастады. Соның нәтижесінде ерте заманда-ақ Пифагор, Сократ, Гиппократ тәрізді атақты ға-лымдар негізін салған физиономистика ғылымы өмірге келді. Орта ғасырға таман физиономистер бет-әлпетті жеке-жеке алып қарап, бет пішіні мен мінезін байланыстырды. Ал қазіргі физиономистика ғылымы болса, бет-әлпетті қар-сы алдынан, қырынан және айрықша жеке ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөліп зерттейді. Ғасырлар сынынан өтіп, толыға, зерделене түскен бұл ғылым әр дәуірдің өзіне тән ерекшелігіне қарамастан, өз болжамдарындағы дәлдігін, өткірлігін әлі жойған жоқ. Бұл ілімнің тұжырымдары алғаш көрген адам жөнінде дұрыс пікір қалыптастыруға көп жәр-демдеседі. Әрине, адамның мі-
нез-құлқын бетіне қарап отырып біржолата жіктеп, нүкте-сін қойып тастауға болмайды.
Физиономистика ғылымының мақсаты тек адамды тануға көмектесу. Оның дәл келетін де, келмейтін де тұстары бар.
Жүзіңде жазулы тұр

Біз бұл өмірде біреуді дөң-гелек жүзді, ат жақты, қалмақ бет, кең маңдай, тар маңдай деп жатамыз. Былайша, мұнда тұрған ештеңе жоқ, әркімнің өз жаратылысы, өз пошым-пішімі бар. Алайда сонау кө-не кезеңнен тамыр тартып келе жатқан физиономистика ғылымына жүгінсек, адамның бет-әлпетіне қарап-ақ оның мінез-құлқын, өмір жолын болжап білуге болады. Біз енді оған жеке-жеке тоқталсақ.
Беттің пішініне байланысты
1. Сопақша бет. Саясаткерлер мен үкімет билігіне ие адамдарда жиі кездеседі. Ол сонымен бірге, адамның ақсүйек тұқымынан шыққандығын да көрстеді.
2. Беттің симметриялы емес пішінде болуы. Көбінесе маңдайы биік зерделі жандарға және ерік-жігері әлсіз өнер адамдарына тән. Беттің мұндай типі негізінен тым шамшыл емес әйелдер арасында көп ұшырасады.
3. Сопақ бет. Ол адамның жалпы шамшылдықтан жұрдай екендігін танытады. Алайда, ол биік жақ, өткір көзді болса, онда ол-күшті, тіпті қиын-қыстау шақта өте қауіпті жан.
4. Дөңгелек жүзділік. Мейірбандықтың, ақ жарқын, ашықтықтың белгісі. Ондай адам жайлы тұрмыс үшін жанын салады. Ол-маңайымен тіл тапқыш, қарапайым турашыл, еңбекқор, айналасына жайлы, оларға қолайлы жағдай жасай алатын адам.
5. Ат жақтылық. Ақсүйектігі басым адамға тән. Олардан іскер ұйымдастырушы, мықты басшы шығады. Оның жұртты бастауға икемі бар, зиялы, іскерлік қабілеті мол. Қажыр-қайраты мен ерік-жігері де бір басына жеткілікті.
6. Үш бұрышты бет пішін. Бұл жоғары интеллектен, зиялылықтан хабар береді. Мұндай адам сергек те сезімтал. Араларында қулыққа, айлакерлікке бейімдері де бар.
7. Төрт бұрышты бет пішін. Бұл күресе білетін, бірақ өте шабан ойлайтын, бірбеткей және тікбақай адамға тән. Мұндай кескін әйелдерге бітсе, онда оның диктаторлық қабілеті бар және отбасында билік жасауға икемділеу болғаны, әрі бұл әйел өзін ер адам орнына балайды.
Төрт бұрышты бет пішіні бар адам дөрекіліктен де, қатал-дықтан да ада емес. Бірақ не істесе де сабырмен, ақылмен іс-тейді. Сөзіне ел сенетін, соңынан жұрт еретін көсемдер көбінесе осындайлардан шы-ғады. Олар ойға алғанын жүзеге асыруда табанды.
8. Томпақ бет. Қырынан қарағанда томпақ бет кісі қалжыңға бейім, ақжарқын келеді.
Маңдай пішініне байланысты
1. Жазық, кең маңдай.
Ол ақылдылықтың, ойлы-лықтың нышаны. Мұндай адамдар интеллектуалдық қызметке бейім. Осындай маңдайды шаштың етегі дөңгелене жиектеп тұрса, та-бандылықты, турашылдықты көрсетеді. Кең маңдай – ақыл, ойдың кемелділігі.
2.Қусырыла біткен тар маңдай. Мұндай маңдай иесінің көбінесе интеллекті төмен болады. Алайда өмірге икемді, өзіне-өзі сенімді. Аяғын қашанда нық басады. Егер осындай маңдай-
ға шаш тым төмен орналасса, етегі тым төмен түсіп тұрса, қарабайырлықтың, орта
қолдылықтың нышаны саналады. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық келеді.
3. Жалпақ маңдай. Адамның маңдайы жал-пақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келсе, мұн-дай кісінің есте сақтау қабілеті жақсы, бірақта мінезі құбылмалы. Оның өте сезімталдықтан қол-
ға алған ісінен тез жалы-ға салатын қасиеті де жоқ емес.
4. Орташа маңдай.
Бұл иесінің естілігінен хабар береді.
 
Қас-қабаққа байланысты
1. Жіңішке қас. Егерде адамның қасы жіңішке болса, ол – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жан.
2. Түзу қас. Адамның қасы түзу болса, ол – елгезек, тіл алғыш адам.
3. Қиылған қас. Мұндай қас қиялшыл адамдарға тән.
4. Алшақ қас. Егерде адамның екі қасының арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпа-лына тез түседі.
5. Түйіскен қас. Егерде адамның екі қасы бір-бірімен түйісіп тұрса, бұл жүйкесінің мықтылығын білдіреді.
Көз - көңілдің айнасы
Шығыс тәуіптері, сәуегей-лері көзге қарап көп нәрсені анықтаған. Мысалы, көзінің ақ
етінен қызарған қан тамырлары білініп тұрса, ол жүйкесі жұқара бастаған адам, дене күші де, ақыл-ой күші де қа-жыған. Егерде көздің қабығы мен астыңғы кірпіктің арасынан көздің ағы көрініп тұрса, бұл жүректің, бүйректің, бауырдың, өкпенің ауыратындығы.
 
http://www.info-tses.kz/
Просмотров: 4336 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.7/3 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz