Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 20:33
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Шілде » 21 » Адамдар неге өтірік айтады?
Адамдар неге өтірік айтады?
10:35


Халық ішінде бір жақсы сөз бар: «ешқашан ешқашан деп айтпа». Өмір бізге ешнәрсенің кесіп айтуға келмейтінін үйретті. Кездейсоқтық дегеніміздің заңдылық екенін, заңдылық дегеніміздің кездейсоқтық болып шығатынын да көрсетті. Осы заңдылықтар мен кездейсоқтықтардың арасында жүріп адам бір күні өзінің өтірік айта алатынын да білді. Кездейсоқ білді. Бірақ ол заңдылық еді. Ең ұлы өтіріктер «Мен ешқашан өтірік айтпаймын» дегеннен басталатын секілді. Ешқашан өтірік айтпау деген әрқашан шындықты айту дегенді білдірмесе керек.
 
Ал шындық дегеніміздің өзі не еді? Шындық туралы өтірік айтқаннан гөрі кейде өтірік туралы шындықты айтқан да жақсы. Шындық туралы шындық пен өтірік туралы өтіріктің арасалмағы шамалас екенін байқау қиын емес. Шындық туралы шындықты айтуға болады, бірақ өтірік туралы өтірік айтуға болмайды. Неге десеңіз, біреудің шын­дығы өзгеге өтірік, ал біреудің өті­рігі өзгенің шындығы. Жал­пыадамзаттық шындықтар жеке адамдық өтіріктерден құ­ралатын секілді. Өйткені та­рих­ты адамдар жазады. Кей өті­ріктердің туу дәуірі тым ескі, тым көне болғандықтан, оның туу себебі ұмытылып үлгер­ген­діктен оның салдары ең ұлы шын­дық секілді көріне береді.
 
Бай­қап көріңіз, мамандардың зер­ттеуінше ең бір шыншыл адам­ның өзі бір күнде төрт өті­рік­тен елу өтірікке дейін, ал әсі­лінде адам бір күнде екі жүз өті­рікке дейін айтады екен. Тіп­ті онысын өзі де байқамай қа­л­ады. Алпыс жыл өмір сүрген адам сексен сегіз мың өтірікті қол­дануы анық болып отыр. Сон­да тұтас бір халықтар өзінің өмір сүру кезеңінде қанша өті­рікке дейін айтуы мүмкін? Мә­селен, психологтардың пайым­дауынша, батыстықтар өтірікті көбірек айтады екен. Әрине, өті­рікті айтудың әртүрлі себеп­тері және өтіріктің түрлері бар. Платонша айтқанда «Ізгі өтірік» («Кінәратсыз мемлекетте билік қоғамның игілігі үшін «ізгі өті­рік­ке» баруы тиіс») яғни әр ал­уан адамдардың бір-бірімен түсі­ністігі үшін зиянсыз деп та­ны­лады. Батыс қана емес, шы­ғыс халықтары да «ізгі өті­рік­ті» ерек­­ше қолдана біледі. Ал ба­тыс­та «ізгі өтірік» айтудан бірін­ші орында итальяндықтар, со­дан кейін француздар, немістер, ағылшындар және тізім соңын­да голландықтар тұр.
 
Қазақ хал­қы өтірікті қаншалықты ай­та­ды? Қазақта өтірікшіні мынадай ұғымдармен береді: суайт, бөспе, судыр, алдампаз, сужұқ­пас т.б. Сондай-ақ «Өтірік өрге жүз­бес», «Өтірікшінің куәсі қа­сын­да», «Өтірікті шындай, шын­­ды құдай ұрғандай...», «Өті­ріктің құйрығы бір тұтам» се­кіл­ді мақал-мәтелдермен ай­қын­дайды. Осыдан байқағаны­мыздай, қазаққа аңғал өтірік тән секілді. Алдампаз кейіп­кер­лері өз өтірігіне өзі алданып қа­латын мысалдар бек көп. Бы­лайша айтқанда, біз көбіне өз­гені алдадық деп, өзімізді алдап отырамыз.
2008 жылы белгілі бір халық­аралық компания әлемнің 19 елін­де жүргізген сауалнама нә­тижесін ұсынды. Сондағы ұйға­рым бойынша, адамдар өткен онжылдықтарға қарағанда қазір өті­рікті ерекше көп айтатын бо­лып шыққан. Онымен қоймай, өтірік айтуда ерлер әйелдерден аспаса, кем түспейді екен. Мұ­ны немен түсіндіруге болар еді? Әр дәуір, кезеңдер бір идеямен немесе пәлсафалық ұғыммен ашылып, анықталып отырады. Үміт дәуірі, Сенім дәуірі, Кек дәуі­рі деген секілді. Бұл ұйға­рым­ға сүйенсек, алда
 
Жалған­дық дәуірі келе жатқан сыңай­лы. Адамдар барлық құнды­лық­тардан бас тартып, алдам­шы, өтпелі идеяларға бой ұруы мүм­кін. Оған негізгі себеп са­наға берік орнай бастаған Ақыр­заманның жақындап қалуы туралы түсінік десек қа­телесе қоймаспыз. Сондықтан да адамдар тек Бүгінмен өмір сүруге дағдылануда. Ертең - абст­ракция, Бүгін - утопия. Бүгін өтірік айту өмір сүрудің тә­сіліне айналып үлгерген. Кәрі шындықтардан жап-жас өті­ріктер сүйкімді. Өмірдің шын­ды­ғын, өлімнің шындығын, зама­нақырдың шындығын, ғаламдық жылынудың шын­дығын, жердегі биоқорлардың таусылу шындығын білу жалпы алғанда адамға қажет пе? Адам он­сыз да оны біледі. Ал адам ба­ласының табиғат алдындағы жеңімпаздығы, өлімді де жеңе­тіні, биоқорды басқа ға­лам­шарлардан алуға болатыны ту­ралы әдемі өтіріктер өмір сүруге деген құштарлықты оятады. Дегенмен әркімнің қандай шын­дықты болмасын білуге хақысы бар. Тіпті жазылмас дертке шалдыққандардың өзі қанша өмірі қалғанын білуге құқылы. Бірақ кейде белгілі бір шындықтарды білмей-ақ қой­ған жақсы. Өмір тыныш болады.
 
Күнделікті өміріміздегі өтір­ік­терге қатысты қарапайым ғана мысалдар келтірелік. Екі адам өзара әңгімелесіп отыр делік. Біріншісі: «Айтшы, осы айт­қа­ным өтірік пе?», екіншісі: «Жоқ, өтірік емес»; «Рас па?» «Рас»; Мұнда негізгі басымдық көңілге қарауда. Екінші адам іштей келіспей тұруы мүмкін, бірақ дәл содан дүние төңкеріліп кет­песін білгендіктен, бәріне ма­құл. Екеуінің кез келгені бір-біріне «Сізді көргеніме қуа­ныштымын!», «О, құлпырып кетіпсіз», «Мен сізді көп ой­лаймын», «Сіздей адамдар си­рек туады ғой» дейді. Осы төр­кіндес тағы да басқа көптеген көңіл үшін айтылатын сөздерді толық шындық дей алмайсыз. Кезекті сөздер.
 
Адамдар өтірікті өзгені немесе өзін қорғау үшін, шындықты мойындаудан қо­рыққанда немесе істің ың­ғайында қажет деп таппағанда, сөзін өткізу үшін, жауап­кер­шіліктен бас тартқанда, жа­задан, жәбірлеуден өзін ара­ша­лау үшін, өзгенің мүддесін я өмі­рін сақтап қалу үшін, мем­лекет ішіндегі я бір әулет ішін­дегі үйлесімді ұстау үшін, тағы да басқа себептермен айтады. Зиян­сыз, кінәсіз, яғни отба­сының беріктігін сақтайтын, кісіні ажалдан алып қалатын өті­ріктер дінде де жоққа шы­ғарылмайды. Ал жас балалардың өтірік айтуын қазіргі заман пси­хологтары «өтірік» деген ұғым­мен анықтауға қарсылық біл­діріп отыр. Өйткені бала нақ­тылық пен елестетілетін дү­ниелердің аражігін толық біл­мейді. Сондықтан да оның өті­рігі - күнәсіз.
 
Бірақ үлкен адам­ның, көп жағдайда ата-ана­сының балаға өтірік айтуы, шын­дықты жасыруы оң нәтиже бе­ре бермейді. Ол тіпті бара-ба­ра патологиялық алдамшы­лық­қа дейін жеткізуі мүмкін. Ба­ланың жан-дүниесін зерттеуші мамандар балаға сұрақ қойған­ның өзінде ол өтірікке сұра­нып тұратындай болмауын қа­да­ғалауды өтінеді. Мысалы сұ­рақ «Ойыншықтарыңды жина­дың ба?» дегенге қарағанда «Ойын­шықтарыңды жина­ма­ғаныңды байқадым» деген се­кілді болуын талап етеді.
Калифорния универси­те­тінің ғалымдары патологиялық (өтірік айтпаса тұра алмайтын жә­не өз өтірігіне өзі сенетін) өті­рікшілердің миының жай адам­дар миыннан өзгеше еке­нін байқаған. Олардың миында жүйке жасушасының негізгі элементі - нейрондардың (сұр зат) көлемі кішірейіп, керісінше ақ заттың (жүйке талшық­та­ры­ның) ұлғайғанын анықтаған.
 
Демек, адамдардың шындықты немесе өтірікті айтуы - мидағы ақ және сұр заттардың ойыны, күресі. Қайсысы басым түссе, адам соған қарай ыңғайланады. Сонымен, адамдар неге өтірік айтады? Оған бір ғана жауап бар секілді: адамдар шындықты қорғау үшін өтірік айтады. Түсінікті ұғыммен айтқанда - өмір сүру үшін. Ал өмір бүгінмен өлшенген кезде, ол да бала қия­лындағыдай өтірікке айналады. Бір күндік өмірді сүру үшін ай­тыл­ған өтірік ертеңгі келген күн­мен әшкереленеді. Бұдан шы­ғатыны, өтірік - шындықты ашушы құбылыс.

Ерлан ЖҮНІС
http://www.aikyn.kz/
Просмотров: 3974 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Шілде 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz