Мой сайт
Жұма, 17.08.2018, 11:53
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2013 » Желтоқсан » 8 » Адамды сәтсіздікке ұшырататын себептер
Адамды сәтсіздікке ұшырататын себептер
17:21

 

  • Басқалардың істеген ісі мен көзқарасына мін тағып, тырнақ астынан кір іздейтіндер.
  • Басқалардың ескертуі мен ұсыныстарын бос мылжың деп есептейтіндер.
  • Не істегісі келсе соны істей жөнеледі, тексеріп-зерттемейді.
  • Көне сүрдектен жазбайды, бейімделу дегенді білмейді.
  • Өз әліне қарамастан басқалардың табысқа жеткен үлгісіне көзсіздікпен еліктейді.
  • Нәтижеге мән беріп, барысына назар салмайды.
  • Айдан анық тұрған мәселелерге әрі-сәрі болады.
  • Істеген ісінде беталыс, жоспар болмайды. Ойына не келсе соны істейді.
  • Ауыр жүк арқалауға батылдық ете алмайды.
  • Қателік өткізіп алса сылтау іздеп, басқаның мүддесін құрбандыққа шалып, өзін қорғаштайды.
  • Басқалардың жоспарымен санаспайды. Өзінікін жөн санайды.
  • Басқалармен тек пайда алу үшін ғана араласады.
  • Бар үмітін өзінің жазмышына, бағына байлап қояды. Тағдырдың жазуына сеніп қарап отырады.
  • Білермендікке салынып, өзінің шешім шығару қабілетін жояды.
  • Істің кері жағын көп ойлап, барлық істі оңына баспайды деп қарайды.
  • Соққыға қарсылық қуаты әлсіз. Сәтсіздікті көтере алмайды.
  • Жаман әдеттері күн өткен сайын көбейе береді.
  • Өз сертіне тұрлаусыз, сөзінде мән-мағына болмайды.
  • Жұмыста тығырыққа тірелмейінше алакөл асығынан келмейді.
  • Газет-журнал, ғаламтор парақшаларын қарамайды.
  • Басқалардың алдында жалған намысын қорғағыш келеді.
  • Егер пайда табу ісіне бетпе-бет келсе өнер-білімнен жұрдай болуға риза пейілде.
  • Бірер істі бастар-бастамас бұрын сәтсіздікке ұшырап қалам ба деп құр уайымға салынумен болады.
  • Не іс болса да талас-тартысқа дайын, ақылмен ойлауға шорқақ болады.
  • Өз даралығын танымайды.
  • Өрістің ар жағында өріс болатынын сезбейді.
  • Қашан да көрермен болғысы келеді.
  • Өзіне шабыт сыйламайды.
  • Жастық шағын өтпейтіндей көреді де, оны өлеусіреген шам сияқты жарығы жоқ деп ойлайды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: qncye. .com

http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/14992http://massaget.kz/bastangy/psihologiya/14992

Просмотров: 1320 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz