Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 20:38
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Қаңтар » 29 » ҚАРА МАГИЯНЫҢ ҚҰПИЯСЫ немесе сығанның қарғысынан сақтан
ҚАРА МАГИЯНЫҢ ҚҰПИЯСЫ немесе сығанның қарғысынан сақтан
11:00
Экономикалық дағдарыс басталғалы қоғамда психологиялық көмекке зәру пенделердің қатары көбейе түскен. Ол заңды да. Пенде баласының көбінесе басына қиындық түскенде, не ауырып-сырқағанда барып Алланы еске алатынын, тәубесіне келіп, мешітке баратынын, намазға жығылатынын жоққа шығара алмайсыз. Бірақ олар өмірінің қиын кезеңінде тура жолға түсіп, ізгі амал етіп жатса жақсы ғой. Есесіне қасіретке душар болған, басына қиын іс түскен адамдар тәуіп, бақсы, балгер жағалағыш. Солардан көмек, дәрмен іздейді. Осылайша адасушылыққа бой алдырады.
 
Батыстағыдай психологтардың қызметі бізде жолға қойылмаған. Оның орнына топырлаған БАҚ беттері (газеттер, журналдар, сайттар) шулы жарнамадан көрінбейді. Жүз пайыз кепілдік бергіш магиялық қызметтер (ақ магия, қара магия, өмірді жақсы жағына түбегейлі өзгерту, көз тигеннен, тіл тигеннен тазарту, дуадан аластау, сүйгеніңді оралту т.т.) барлық проблемаңды әп-сәтте шешіп беруге дайын. Ол аз болса, қаптаған мануальді терапевтер, астрологтар, фен-шуй мамандары, йогалар, каббалашылар жетеді...
Алматыдағы атақты көк ба­зар­дың қасынан өтіп бара жат­қа­ныңызда, бәлкім, сізді де сыған әйелдер талай рет қол бұлғап шақырған не тоқтатқан болар. Пал ашып берейін, басыңыздағы дуаны алып тастайын дейді де. Оның бәрі қалтаңызды қағудың айла-амалдары. Сөйтіп сіздің әл­сіздігіңізден, ауру-сырқауыңыз­дан, қорқынышыңыздан ақша жа­сайды.
Мынау – өмірде болған оқиға. Ал­матыдағы бір дүкенге ала­ба­жақ етектері жер сызған, тұм­сық­тары көтеріңкі бір топ сыған әйел­дері сау етіп кіріп келеді. Алмагүл есім­ді сатушының сөресіне жа­қындаған олар қыздан су сұ­рап ішеді де, жақында ғана оның жі­гітімен жүз шайысып қалға­нын айтады. Шынында да қыз сүйік­тісімен ұрысып қалып, со­ған өкініп жүр екен. Сыған дөп түс­кен соң, Алмагүл қалайша транс (гипноз) жағдайға түсіп қал­ғанын сезбей де қалады. Қайыс­тай қатқан қара қонақтар қыз­дан саусағындағы алтын жү­зігін шешіп беруді өтінеді. Ал­магүл бұл кезде олар сұрамай-ақ ше­шіп беруге дайын еді – айтқа­нын екі етпейді.
Дәл осы кезде дүкен қожайы­ны сап ете қап, сығандарға дереу дүкеннен шығып, табандарын жалтыратуды ескертеді. Сол сәтте сығандардың біреуі дүкен қо­жайы­нына көзімен ата қарап, тістене сөй­леп:
«Сенің дүкенің өртенеді, бә­рінен жұрдай боласың! Ал сен, – дейді сатушыға, – жалғыз қалып, қу тізеңді құшақтап өтесің!».
Шынында да бірнеше күннен соң электр сымының тұйықт­а­луы­нан өрт шығып, түгел жанып кет­кен дүкеннің орнында күлі ға­на қалады. Ал жұмысынан айы­рылған сатушы қызға үш жылға дейін жігіттер жуымай қойыпты. Үш жылдан соң әлдебір емшіге барып қарғысын аластатқан соң ғана жолы ашылады...
Егер күнделікті БАҚ құрал­дарына зер салсақ, жоғарыдағыға ұқсас оқиғалардың талайын кез­дестіруге болады. Сыған әйел­дер­дің арбауына түсіп қалған қыз-келіншектердің сандық түбіндегі ақшасын, алтын-күміс бұйым­да­ры­на дейін өз еркімен сыған­дар­дың алақанына салып беріп, ар­ты­нан есін жиған соң, аһ ұрып қал­ған оқиғалар тіптен көп. Енді ше? «Әке-шешеңе, жақындарыңа өлім қаупі төніп тұр, басыңда ажал дуасы бар, жеті атаңнан жалғасып келе жатқан қарғыс бар, тезірек пәлен теңге беріп, алас­татпасаң, орны толмас өкі­ніш­те қаласың» деп қара аспан­ды төбесінен төндіріп, жүрегін ұшырып тұрса, жазған құлда ес қала ма? Осылайша мектеп оқу­шысын қорқытып, психикалық соқ­қы алған ол болса әке-шеше­сінің бар жиған-тергенін сыған­дар­ға апарып берген оқиға осы­дан сәл бұрын Қарағанды қала­сын­да болған.
Жақында жолы болыңқыра­май, салы суға кетіп жүрген көр­ші әйелді Алматының «Ақсай» ша­ғын ауданындағы «Жаңа­ба­зар­да» пал ашып отыратын екі өз­бек әйел алдын кес-кестеп жүр­гіз­бей қойыпты: «Ой, қырсық ша­лып, жолың болмай жүр екен! Басыңда қорқынышты дуа бар!» деп, сенбей қолын бір сілтемек бол­ғанда: «Мына инені сауса­ғыңа сұқ. Егер ұшы қарайып кет­се, сен­де жаман дуа бар болғаны» дей­ді. Шынында да иненің ұшы қа­райып шыға келіпті. Нәтиже­сін­де көрші әйел бес мың теңгесін қа­лай суы­рып бергенін білмей қа­лады.
Ең қызығы, милиция қызмет­кер­лерінің өзі «пәледен машайық қа­шыпты» дегендей, неғұрлым сы­ғандармен байланысудан қа­шып, аулақ жүруге тырысады. Сы­ғандардың көлбең-көлбең етіп, көс­теңдеп көшені бермейтіні де со­дан.
Жоғарыдағы оқиғаларға қа­рап, құрбандығын құр жібер­мей­тін сыған әйелдерді нағыз әртістің әртісі деуге болады. Өтіп бара жатқан адамның бетіне не жүрі­сіне қарап-ақ қандай сезімде екенін біле қойып, көңілсіз болса «өлім, ауру, шығын күтіп тұр», көңілді болса «табыс күтіп тұр» деу онша қиын да болмаса керек. Бұл жерде оларды табиғаттан магия­лық қасиет дарыған, нәзік психо­лог­тар деу артық болар. Ең бас­тысы тәжірибелілігі. Мұндай «кө­ріп­келдікпен» шұғылдан­ға­ны­на бір­неше жыл болса, «психо­лог» бо­лып шыға келмегенде қай­теді.
Маман нейропсихологтар сы­ған­дардың жұртқа көзін де, сөзін де оқша тигізе алатындығын айта­ды. «Егер сені сыған шақырса не тоқтатқысы келсе, дұрысы қас­тарына тоқтаушы да, артыңа қарау­шы да болма. Қорыққаның­ды білдірмей, тез-тез басып өтіп кет. Тегін пал ашып беремін деп ал­дауы мүмкін. Тіл қатпа. Егер қор­шап-қаумалап, жолыңды кес-кестеп жібермесе, жаман сөз ай­ту­шы, не ұрушы болма. Ыза­лан­дырма. Артыңнан қарғыс-дуа жіберсе, энергетикалық соққы аласың. Олар кімге тиісуді жақсы бі­леді. Ерік-жігері күшті адам­дар­ға жоламайды. Сығандармен бет­пе-бет келіп қалсаң, жағым­сыз энергиядан арылу үшін дереу салқын душ қабылдау керек» деп зерт­теуші-оқымыстылар ақыл-кеңес береді.
Әрине, күнкөріс үшін лас тір­лік­пен айналысатын, айнала­мыз­да қаптап кеткен түрлі жал­ған балгер-құшынаштар, діннен без­гендер мен азғырушы сиқыр­шы­лардан бөлек бойында ерекше қа­сиеті бар көріпкел жандардың ба­рын ешкім жоққа шығара ал­майды.
Атақты ЦРУ қайбір жылы шпиондық барлау қызметіне кө­ріп­келдер мен экстрасенстерді пай­даланып келгенін мойындады. Ке­зінде АҚШ-тың әскери барлау қыз­меті көріпкелдердің көме­гі­мен Қытай мен Семейдегі ядро­лық және КСРО-дағы басқа да әскери құпия объектілердің қай жерде орналасқанын дәл тауып отырыпты. ЦРУ-дің тапсыр­ма­сымен әлемге әйгілі экстрасенс Ури Геллер КСРО-ның соңғы пре­зиденті, қасқа бас Михаил Горбачевқа дейін ойша сигнал жіберу арқылы дуалаған көрінеді. 1997 жылдан бастап қана ЦРУ қызметтің ондай түріне жүгінуін доғарған деседі. Бұл бір жағынан шпион-спутниктер мен тарақан мен шыбынға чип түріндегі мик­роқондырғы орнату ісінің кең да­мығандығына да байланысты бол­са керек.
Сиқыршылық пен көріпкел­дік, сәуегейлік бүгінде АҚШ пен Анг­лия, Қытай, Жапония, Фи­лип­пин елдерінде «метофизи­ка­лық медицина» ретінде қарасты­ры­ла бастады. Астрология аст­ро­номия секілді ғылым болып есеп­те­лінуде. Дәл бүгін қанша жерден сауат­ты, білімді болғанымен, жер бе­тін­дегі адамдардың тең жарты­сы, басым көпшілігі әйелдер, кө­ріп­келдер мен сәуегейлердің кө­мегіне жүгінеді екен. Түрік­тер­дің «Палға сенбе, бірақ палсыз жүр­ме» деген сөзі осындайда ерік­сіз еске түседі. Христиан да, ис­лам да, будда діні де сиқыр­шы­лық­ты, пал ашуды сайтанмен ауыз жаласу ретінде қарастырып, ға­сырлар бойы күресумен келсе де, ол тоқтар емес. Шоқан жазған «қа­зақтардағы шаманизмнің қал­дықтары» ХХІ ғасырға да аман-есен жетті.
Әрине, қоғамда туғаннан алтыншы, жетінші көзі ашылған ерекше сезімтал адамдар бар – олар бейне бір рентген-ап­па­рат сынды біз көрмегенді көре­ді, біз естімегенді естиді, біз сез­бе­генді сезеді. Былайша айт­қан­да, кар­ти­наны «естіп», музыканы «кө­ре ала­ды, тіпті «дәмін сезеді». Адам­ның аурасын көре алады, оның қандай түске боялғанын ай­тып береді. Ауырған жерді түр-тү­сіне, иісіне қарап біледі. Мұндай да­рын­ға ие атақты адамдар аз емес. Фра­нцуз­дың атақты ақыны Артюр Рембо дауысты дыбыс­тар­ды түр-түсіне қарай байланыс­тыр­ған. Музыка­лық нотаның тү­сін көре білген композиторлар, бояу­дың даусын ес­тіген сурет­ші­лер аз емес. Тек олар­ды афе­рист, шар­латандардан айыра білу ке­рек.
Көріпкелдер орыстың ұлы ақын­ы А.С.Пушкинге «ажалың ұзын бойлы, ақ боз атты кісіден бо­лады» депті. Ұлы ақын шынын­да да дәл сондай Дантестің қо­лынан қаза тапты, Мұхтар Әуе­зовке «ажалың пышақтан бо­ла­ды» депті – ұлы жазушы операция үстелінде көз жұмды. Мұндай мысалдар тарихта толып жатыр. Ғылым мұны көріпкелдер адамды сендіру арқылы бағдарлама түзіп, сол бағдарламаның іс жүзінде орын­далғаны деп түсіндірген бо­лады. Қасиетті Құранның ай­туын­ша, кәпір жындар көктегі пе­ріштелердің әңгімесіне тың­шы­лық жасап, алған мәліметтерін тәуіп, бақсы-балгерлерге өтірік қосып құлақтарына сыбырлайды. Жындардың көріпкел, палшы­лар­ға жеткізген кейбір хабар-ошар­лары кей жағдайда дәл келіп те жатады. Бірақ солай екен деп, экст­расенске пал аштырып, бо­лашақты білуге әрекеттену ислам діні бойынша үлкен күнә болып есептеледі. Кәпір боласыз. Пал аштырған сайын адамның жолы ашылудың орнына қайта жабыла беретін көрінеді. Болашағын болжатқан сайын энергетикалық әлемде жыртық тесік көбейіп, одан қара күштердің еніп кету мүмкіндігі жоғарылайды.
Бақсы-балгерлер болашаққа пал ашу, адамды сендіру, қор­қыту арқылы оны жақсылап «прог­­­раммалайды». Болмаса, адам­ға бақыт, денсаулық, жақсы­лық тілеп, адамды жақсы ойға же­те­леп, сол арқылы табысқа же­туі­не жол бастайды. Адамның энер­гетикалық орталығына (чакра) әсер ету арқылы өміріндегі, ор­га­низ­міндегі белгілі бір өзгерістерге жол ашады. Қазақтың «қарғыс ал­ма, алғыс ал» деуі, бата сұрап жатуы да осыдан.
Өмірде еш нәрсе де із-түссіз кет­пейді. Бұған біреу туралы жақ­сы, жаман ойларыңыз да кіреді. Бұған өмірдегі өз тәжірибеңіз арқылы да көз жеткізуге болады. Біреуге жан-тәніңмен ғашық бол­саң, ғашық болған жан оны сен бір ауыз сөз айтпай-ақ іштей сезіп қоя­ды. «Ғашықтың тілі тілсіз тіл» деген осы. Керісінше біреуді іш­тей жек көріп, оны сыртқа сездір­ме­ген­мен, ол оны сезеді. Жек көре бас­тасаңыз, ол да сізге жа­ғымсыз пи­ғыл білдіре бас­тай­ды. Мұның бәрі сигнал-толқын арқы­лы жү­зе­ге асады. Осылайша ойла­ған ойыңыз физикалық әлем­де ма­те­риалды ақпаратқа ай­на­ла алады.
Діндарлар бүгінде үлкен мол­да­лар мен емшілерге ғана ауызша же­тіп келген, жалпы қара халық­тың оқуына тыйым салынған ежел­гі эзотерикалық кітаптар ай­на­лымда еркін сатылатынын ай­та­ды. Оны кәсіби маман пайда­лан­са жақсы, ал шарлатанның қо­лына түссе ше?
Бір құшынаш елімізде айына бес мың долларға дейін пайда табады екен. Тек кеңес беруінің өзі 1000 теңге тұрады. Кейбір ем-дом­дарының құны мың долларға дейін барады. Бұған «махаббат», «та­быс», «ақша» әкелу үшін заряд­­тап беріп сататын түрлі тұмар­ларын қосыңыз. Қысқасы, өзі тарығып жүрген жұртқа гип­ноз­дар мен палшылардың, ша­ман­дар мен экстрасенстердің үл­кен зиян келтіріп жатқаны бел­гі­лі. Ал оларға құрық салатындай бел­гіленген заң жоқ... Дерек көзі

Төреғали ТӘШЕН
http://islam.com.kz/
Просмотров: 13792 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 3.7/6 |
Всего комментариев: 2
30.07.2015 Спам
2. мария
Торегали ага жаксы жазгансыз макаланыз бирак осыны жогарыда отырган елдин камын ойлагыш агайындарга туртки болатындай одан натиде шыгатындай етип жазсаныз.....

30.07.2015 Спам
1. мария
Осы шамандар баксы балгерлер,тауип корипкелдерди жоятын соларга карсы зан шыгарса биздин елимизде проблемалар азаюына себеп болар еди баленин бари осылардан.

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz