Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 05:55
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Мамыр » 20 » Араққорлық кезіндегі психотерапия
Араққорлық кезіндегі психотерапия
18:32
 
 
Бүгінгі таңда психотерапия маскүнемдікке шалдыққан науқастарды емдеудің басты тәсілі болып есептеледі. Мұндай психотерапияның негізін қалаушы В.М. Бехтеревтің емдік үштігіне өңіндегі жай-күйде сендіру, гипноз жай-күйінде түрткілік нандыру, науқастармен психотерапевтік әңгімелесудің жалғасқан тақырыптары, пациенттің өзін сендіруі мен өзін қолға алуы кіреді.
 
Сондай-ақ Рожновтың ұжымдық эмоционалдық-стресстік психотерапиясы деген әдіс те бар. Бұл жерде гипнотикалық әсердің алдында психотерапевтік сұхбаттар жүргізіледі, оның емдік ықпалы гипнозда бекітіледі (соңғысы автор ұсынған әдістеме бойынша ұзартылған – 1-1,5 сағаттан кем емес – гипнотерапия сеансында өткізіледі).
 
Гипноз жай-күйінде алкогольдің дәмі мен иісіне шартты-рефлекторлық жүрек айну-құсу реакциясы қалыптастырылады. Араққорлықты емдеудегі аверсивтік (жиіркеніштік, жек көру) терапиясының басқа тәсілі де бар. Вербалдық аверсивтік терапияда сөзбен сендіру көмегімен елестетілген алкоголь тұтыну құсу реакциясымен бірге жүреді.
 
Бүгінгі күнге дейін маскүнемдікті терапиялауда аутогендік жаттығуды қолдану талпынысы жалғасуда. Оның мақсаты вегетативтік бұзылыстарды қалпына келтіру мен эмоционалдық кернеуді алып тастау болып табылады. Аутогендік жаттығу аверсивтік терапияның бекітілуіне ықпал етеді, сондықтан маскүнемдікті терапиялаудың маңызды компоненті ретінде өзін реттеудің, өзін түзетудің және өзін тәрбиелеудің белсенді тәсілі болып табылады.
 
Соңғы кездері араққорлыққа шалдыққан науқастардың психотерапиясында жүйкелік-тілдік бағдарламалаудың, гештальт-терапияның және басқаларының техникалық тұрғылары қолданылады. Маскүнем науқастарды емдеу тәсілінің үлкен бөлігі (гипнотерапия, апоморфиндік терапия, аутотренинг және басқ.) топта қолданылады, бұл емдік әсердің ықпалдылығының артуына септігін тигізеді.
 
Қазіргі кезеңдегі араққорлық психотерапиясының ерекшелігі алкогольге жек көрініштілік қалыптастыруға бағытталған, топта түсіндіру терапиясымен өз мақсатында пациенттің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін арттыру және соның нәтижесінде алкогольді тұтынудан бас тартуды ниет тұтатын оның құндылық қатынастар жүйесін қалыптастыратын науқас тұлғасын терең талдауға дейінгі гетеро- және аутосуггестивтік ықпал ету эволюциясы болып табылады.
 
Маскүнемдіктің туындауындағы, ағымындағы, компенсациясы мен декомпенсациясындағы психо-әлеуметтік факторлардың рөлін ескере отырып кешенді емдеудегі маңызды орын топтық психотерапияға берілуі тиіс. Маскүнемдіктен зардап тартатын науқастың өзін ауру адам деп танымауы, маскүнемдіктің жеке және отбасылық өмірге, әлеуметтік қатынастарға, өнеркәсіптік іс-әрекеттерге теріс әсерін дұрыс бағалай алмау, алкогольді тұтынудан бас тартудың толық ұстанымының жоқтығы, топтық психотерапияда әсер етудің негізгі нысандары ретінде қарастырылуы тиіс.
 
"Сыр психология әлемі" республикалық газетінен
Просмотров: 2319 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz