Мой сайт
Жұма, 17.08.2018, 11:53
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Қаңтар » 29 » Ашу жан дүниеңді жүдетеді Өйткені, «Ашу – дұшпан, ақыл – дос»
Ашу жан дүниеңді жүдетеді Өйткені, «Ашу – дұшпан, ақыл – дос»
11:04

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Адамның жан дүниесі өте күрделі. Онда жақсылықтың да, жамандықтың да әр түрі бар. Олардың қайсы
басым түссе, адам соған қарай бетбұрыс жасап,
өз тұлғасын қалыптастырады. Алайда, өмір
қарама-қайшылықтарға, қиындық, қайғы-мұңға
да толы болғандықтан, ол жақсы да, жаман да адамның мінез-құлқына әсер етіп, адамда қандай мінез басым болса, сол мінез иесін басқарып, өктемдік жүргізеді.
Осы мінездің, көңіл-күйдің жағдайы ашу-ыза, реніш,
қуаныш, жайдарылық түрінде көрініс береді. Ашудың зардаптары Бойын ашу кернегенде, мейірімсіздік пен қаталдық билегенде көп адам ызалы күй кешеді, әрқилы жаман істерге барады, тіпті олардың қатігездік, қылмыстық істерді де жасап қоюы мүмкін. Өйткені, ашу-ыза ерік күші әлсіз адамдардың ақыл-ойын билеп-төстеп, сабыр-төзімін жойып, есінен де адастырады. Сол себепті де біздің данагөй бабаларымыз: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», - деп айтып кеткен. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның қатты ашу-ызаға бөлену жағдайы жоғары жүйке қызметіндегі тежелу процесіне күшті қозу процесінің ерік бермеуі нәтижесінде туындайды.

Ашу – сезімдік, эмоциялық күй. Оны қашанда ақыл-ойға, санаға билете алған адам ғана байсалды кісі атанады. Ұлы ойшыл Ахмет Жүйнеки: «Ашу, кек оты тұтанып жалындаса, биязылық суын шашып, ол отты өшір», - десе, екінші бір данагөй Д.Свифт: «Ашуға берілу – басқаның кінәсі үшін өзіңді-өзің жазалаумен бірдей», - дейді. Асан Қайғы атамыз ашуға берілмеу, ұрыспау, араздаспау хақында былайша ой толғайды:

Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегісіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға, Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен, Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа.
Ашу-дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтерсің, Түбі терең қуысқа?!

Адам баласы дүниеге келгенінде рухы таза болып жаратылған күйі көпке дейін пәк қалпында тұрады. Кез келген ұл мен қыз туылғанда оның бойында өзіне жүктелген адамгершілік, перзенттік жауапкершілік пен міндетті орындай алатындай қабілеті болады. Тек есейіп ержете бастағанында көрген тәлім-тәрбиесі мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілігіне, бастан кешірген әр түрлі жағдайларына, өскен, араласқан ортасына байланысты оның рухы, жан дүниесі өзгеріп, тіпті бұзылуы да мүмкін. Әсіресе, өмірдегі қат-қабат қиындықтардың салдарынан кез келген адамның үнемі қуаныш құшағында, мамыражай, жайдары қалы-пта жүруі мүмкін емес. Көптеген мәселелер, оның ішінде кездейсоқ тап болған қиын жағдайлары адамның ашу-ызасын туғызып, оны торықтырып күйзелтеді де. Дәрігер-психолог мамандардың айтуынша, торығу мен ашушаңдық-сол адамның өте күшті дағдарысқа ұшырай баста- уының, оның асқынып бара жатқанының белгісі. Ашу-сезімдік, эмоциялық күй болғандықтан, көп адам әп-сәтте ренжіп, ашуланып қалғанымен, сәлден соң оны ұмытып кетеді. Ағзасы дағдарысқа ұшырай бастаған адамның ашу-ызасы бірнеше күнге созылып, жан-жағындағыларға ұрысып, айқайлап, өзін ренжіткен адамға іштей кек сақтап, қатты жауығады. Осы орайда ата-бабаларымыз: «Жақсы адамның ашуы шәйі орамал кепкенше», - деп дұрыс айтқан. Мінез-құлқы дұрыс, тәрбиелі, жомарт жүректі, кеңпейіл адам ұзақ ренжімейді. Дені сау адамдар да солай. Азу-ызадан торыққан кезде:

1. Мұндай жағдайда адам өзгелерден оңашаланып, жеке-дара бола тұруға тырысқаны жөн.
2. Аса маңызды үй шаруасымен, тұрмыс мәселесімен айналысуды кейінге қалдыру қажет.
3. Сырт адамдармен көп араласпай саяжайға барғаны, ем-шипа қабылдағаны, жеке табиғатты тамашалағаны, ер адамдарға балық аулауға барғаны дұрыс.

4. Торығуға ұшыраған адам түсінуге тиіс: ішкі жан-дүниесінің мәселелері, қиындықтары көбейгенде ашудан, күйзелуден, жабыр-қаудан өзін-өзі бақылай, билей алмайтындай да хал-ахуалға түсетінін.
Ашуланшақ болудың, тоқыраудың кейбір себептері:
1. Жұмыстан, отбасындағы кикілжіңнен, әлеуметтік жағ-дайынан шектен тыс шаршауы.
2. Жалғызбасты әйелдердің жалғыздық күйзелісін жеңе-мін деп шектен тыс өзіне жүк артуы: жұмысқа салынуы, көп кітап оқуы, құрбыларын көп қонаққа шақыруы, дүкен, базар, жәрмеңкелерді көп аралауы.
3. Шамына тиген адамға деген ашу-ызасын басқалардан алып, туған-туыс, таныстарымен, әріптестерімен араздасуы. 4. Сұраншақтық, көрсе-құмарлық, дүниеқоңыздық. Содан меселінің қайтуы, «көмектеспейді» деп туған-туыстарына көп өкпелейтіні, әркімнен қарыз сұрай-сұрай жаманатқа қалуы, оны сезініп, іштей қорлануы.
5. Торығудың себеп-салдарын түсінбей, оны одан әрі күшейтетін іс, қылығын жалғастыра беруі.
6. Өзінің ашуланшақ болып бара жатқанын айтқа-ндардың сөзіне құлақ аспауы, оны ақылға салып, ойла- нбауы.

7. Қашанда өзімдікі дұрыс деп, өзгелерді кінәлауы. Бұл көбінесе әйелдерге тән.
8. Көңіл күйдің жиі бұзы-луынан. Әсіресе әйелдерде бұл жиі көрініс береді: күйеуіне көңілі толмай, істеріне, сөздеріне көп ренжиді, баласының, күйеуінің, аға, інілерінің бірі арақты көп ішетін, жұмыс істемейтін болса, соған күйіп-пісіп, ашулана береді.
9. Әйелдердің өзін басқаларға мой ындатамын деп тыраштануы: Жүйкесіне күш түсіп, қажиды, өзі- нің өзгелерден ар- тықшылығын сезініп тәкап- парлық танытса, басқалар-мен қарым-қатынасын ушы-қтырып, түрлі жанжалдарға тап болады.
10. Ерлер мен әйелдердің көп адамға, тіпті туған-туыстарына да ұнамауы. «Олар мені неге жақтырмайды, неге жек көреді» деп ойлай берсе, жүйкесі жұқарып, ұрысқақ болады, тез ашуланатын күйге түседі.
Дәрігер мамандардың айтуынша, ашу-ызаны басудың қарапайым тәсілдері көп. Біз енді солардың біріне тоқталсақ. Ашу-ызаны басудың 10 тәсілі 1. Уақытты созуға тырысып, онға дейін санаңыз.
2. Ашуыңызды келтірген адамнан алшақтай түсуге тырысыңыз. Сізді уақыт қана емес, ара қашықтық та емдейді.
Жаяу жүріп, жаттығу жасаңыз. Қозғалыс та көмегін тигізеді.
3. Егер ешнәрсені өзгерту мүмкін болмаса, сол қалпы-нда қалдырыңыз.
4. Мәселені келте қайырып, шешуден аулақ болыңыз. Даулы мәселені шешуде қызбалыққа салынбаңыз. 5. Тыңдаудан қашпаңыз. Менің де қателесуім мүмкін ғой деп, қарсыласыңыздың сөзін байыппен ақырына дейін тыңдауға тырысыңыз.
6. Сүйіктіңізге ашулан-саңыз да оны құшақтап, сезіміңізді ашық сездіруге тырысыңыз. Қаламасаңыз да дәл осылай істеуге дағдыланыңыз.
7. Қателескеніңізді сезсе-ңіз, кімнен де болсын арланбай кешірім сұраңыз.
8. Қандай жағдайда да адамның көзіне тура қара-ңыз.
9. Ашу-ызаға жол бердіңіз бе, дереу өз ісіңізге есеп беріп, екі-үш күннің ішінде әрекетіңізден дұрыс қорытынды жасауға тырысы-ңыз.
10. Біреуден көмек, ақыл сұрауға арланбаңыз. «Жаяудың шаңы, жалғыздың аты шықпас» деген халық даналығын үнемі есте ұстаңыз.
Хадистер ашу туралы Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде ашу туралы былай деп айтылған:
«Ашу – адам ішінде жанып тұрған от, көрмейсіз бе, мойын тамырларының іскенін, көзінің қызарғанын. Кімде ашу пайда болса жерге отырсын».
«Адамдардың жақсысы ашуға шыдамды, мейірімді адамдар. Адамдардың жаманы ашуланшақ, терісі тар адамдар». «Егер ашуы тез, разылығы керісінше болса, ондай ада-мдардың жақсыға немесе жаманға жататындығы оның осы мінезіне байланысты болады».
Бір күні Әбу Дарда деген сахаба Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп:
- Иә, Расулуллаһ, маған жәннатқа кіретін бір сөз айтыңызшы, - депті. Сонда Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «- Ашуланба! Жәннат сеніңкі!», - депті.
Әбу Хурайра риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Күрескенде жыққан адам мықты емес, ашуы келгенде өзін ұстап, өзін-өзі жеңген адам мықты».
Имам Тирмизи риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Ашу шайтаннан, ал шайтан оттан жаралған, от сумен өшіріледі. Кім ашуланса, дәрет алсын».
Ашу дәрет алумен басылады деген сөздің мәнісі: ашуланған адамның қан қысымы жоғарылайды, адам танымастай өзгереді. Мұндай кезде мұздай сумен дәрет алып, жуынса, ыстығы басылады. Мұны Пайғамбарымыз 14 ғасыр бұрын айтып кеткен. Кейін ол ғылыми негізде дәлелденді де.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі үшін емес, Аллаһ Тағала үшін ғана ашуланады екен. Бір күні оған бір кісі келіп: «Маған өзіңнің де, әкеңнің де малынан емес, Аллаһтың беріп жатқан малынан бер!» депті. Сонда сахабалар бұл кісіге ашуланғанында олардың ашуын пайғамбарымыз басып, әлгі адамды үйіне ертіп келеді де, қалаған мал-мүлікті алуына рұхсат етеді. Жаңағы кісі бұған қатты риза болып, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) шын мәнінде Аллаһтың алдында адал екенін мойындайды.
Ахмед Абу Даут риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: «Ашу келгенде адам түрегеліп тұрған болса отырсын, сонда да ашуы тарқамаса, жатып алсын».
Ашуланғанда айтылатын дұғалар Ашуланған адам оны басу үшін: «Әъузу бил – ләһи минәш – шәйтанир – ражим», - дейді.
Ашуланған адам өзін ренжіткен кісі үшін: «Аллаһуммә фә - әйюмә му/минин сәбәбтуһу фәжъал зәликә ләһу курбәтән иләйкә иәумәл – қиямәһ», - дейді.
Ашу шақыратын түстер Мамандардың түрлі түсте- рді зерттеулерінің нәтиже-сінде келген қорытындысы: қызыл түс-жүйкені жиі тітіркендіреді, ашу-ызаны қоз- ғайды. Қара, қаракөк түстер мұңға батырады, уайымға бейім етеді. Сол себепті бірқатар ауруханаларда бұл түстерді пайдаланбай, сыр- қаттардың жүйкесін тыныштандыру үшін көк түспен қабырғаларды бояйды, сол түстерді қолданады. Өйт-кені, адамдардың айнала-сындағы түстер миының қоректендірушісі болып саналады. http://www.info-tses.kz/
Просмотров: 5696 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.1/8 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz