Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:41
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Наурыз » 1 » Аздырған автомат
Аздырған автомат
09:11

Дәл қарсы алдында жалт-жұлт етіп тұрған аппараттың түймесін басып қалған қысық көз жігіт «туһ!» деп шарасыздықтан санын бір соқты. Содан соң, кімге екені белгісіз «осыбіреу де «жеуін» қоймайды екен!» деп күбірледі. Бетжүзінен әлденеге бола алаңдап тұрғанын аңғаруға болар еді. Тіптен түтігіп кеткен. Бар өшін аппараттан алардай, түймелерін дүрс-дүрс соғады. Содан соң, ерніне темекі талын қыстырып, сыртқа шығып кетеді.
 
Аз-маз уақыт өткен соң, адамға лық толған жерге қайта кіріп, әлгі аппаратқа қайта шүйлігеді… …Қысық көз бұл жігітті бұрыннан білемін. Мінезі ашық-жарқын, көрген беттен құшақ жая қарсы алатын оның соңғы кездері мінезі күрт өзгеріп кеткенге ұқсайды. Бүгін оны тіптен танымай қалдым. Теміржол вокзалы, дұрысы «Дәулет» сауда үйінің маңынан жолықтырғанымда, осындай жағдай болып еді…
– «Кореец» (көзі қысық болған соң, осылай атайтынбыз), қалайсың? Көрінбей кеттің ғой, осындасың ба? – деп сұрадым.
– Нормально, – деді мұңайғандай.
–Не болып қалды, бәрі дұрыс па?!
– Достым, – деді маған жақындай түсіп. – Мына «игровой автомат» деген бір пәле болды. Кеше ғана «зарплата» алып едім, осыған кіріп ойнаймын деп бар ақшамнан айырылдым. Екі күн болды, үйге бармағаныма…
– Ау, ойын аппараттарын баяғыда жауып тастаған еді ғой?! 
– Өтірік! – деді. – Бұрындары «соткаға» «единица» ұтып алу үшін ойнағанбыз, қазір карточкамен…
– Карточкасы қалай?! 
– Ол былай, егер сені 5000 теңге ұтты дейік…
– Содан… –Онда саған операторлар бес карточка береді. Әрқайсысы мың теңгелік. Содан сен ойын автоматына кімдер келеді екен деп күтесің. Егер бір кісі аппаратқа мың теңге салар болса, онда сен қолындағы карточканы ұсына қоясың. Түсіндің бе? Ол ақшасын саған береді.
Сөйтіп, ақшаны қалтаға басасың да, тайып тұрасың!
– Қызық екен…
– Ешқандай қызығы жоқ! Айтпақшы, «тайып тұрасың» деп қоямын-ау, егер күш-жігерің болса жақсы. Ал біз ұтқан ақшамызды 5 минут өтпей-ақ қайта салып жібереміз. Міне, жаңа ғана он екі мың теңге ұтылдым. Әп-әдемі көтеріп едім он бес мыңға дейін…
– Кеше қанша ұтылдың?..
– Ой, несін айтасың, кеше дәл осы автоматқа жиырма бір мың салып жібердім. Өзі дебір «тоймайтын» аппарат екен, «Жұта» береді, «жұта» береді…
– Ау, мұны қою керек қой. Керегі не мұндай ойынның?!
– Достым-ау, қайбір еріккеннен ойнайды дейсің, өткенде ақша керек болып қысылып тұрғанымда, осындай автомат «выручайт» еткен.
– Қалай?!
– Қара, қалтамда екі мың теңге болған, біреуге он мың берешек едім. Не де болса тәуекел деп, ойнамаймын ба?! Сол кезде бір қуанғаным-ай! Нәтижесінде он мың теңге болмаса да, сегіз мыңды қалтама басып, алды-артыма қарамай тайып тұрдым. Өзімді сол жолы ұстадым. Әлгі қарыз берушіге апарып беруге асықтым. 
– Сонымен, аз да болса беріп құтылдың ба?! – дедім «Кореецке» сынай қарап.
Ол күмілжіп барып: – Бердік қой, – деді. Содан соң, тағы бір әңгіменің басын қылтитты: –Өткенде Winjamer-ді (ойынның аты) ойнағанмын. Қырсық қылғанда, бес мың теңгелік «бочканы» «жаруға» соңғы карта қалған. Бес карта жабық тұрады ғой. Түймені басқанда, әуелі алғашқы карта ашылады. Қалған төрт карта жабық тұрады. Мәселен, нөмірі 10-шы картадан үлкен «Валет», «Дама», «Кароль», «Тұз» және «Joker»-ді табу керек. Бірақ бұл жолы маған 2-ші карта ашылды. Қуанып кеттім. Өйткені, одан үлкен карталар көп қой! Содан «түйменің қайсысын бассам да сен үлкен картаны табамын-ау» деп әйтеуір бірін басып қалмаймын ба?!
–Содан…
– Содан маған екіге екі берді ғой… «Свара» болды. Карталар қайта жабылып, 3-ші карта ашылды. Қобалжымадым. 3-ке де табуға болады. Осы картадан әйтеуір үлкен картаны тапсам, бес мың теңге менікі. Қырсық қылғанда 3-ке 2-ні бермей ме! Сондағы күйіп кеткенім-ай. Ішім удай ашыды… – деді жұдырығын алақанына соғып. – «Закон подлости» деген осы!
–Жә, енді қайда барасың? – деп сұрадым одан.
– Жаңа бір жерден екі мың теңге қарыз алып едім, енді ұтылғандарымды қайтсем де қайтаруым керек қой?! Тағы бір мәрте ойнап көруге бармақпын, – деді асыққандай жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап.
– Тағы да ұтыласың ғой, қайтсаңшы үйге!
Ол жымиып: – «Кто не рискует, тот шампанского не пьет»» – деді.
– Жә, өзің біл! Бірақ бұлай болмайды, – дедім аузыма жібі түзу сөз түспей. –Ничего! – деді де, менімен асығыс қоштасып, кете барды.
Елбасының тікелей тапсырмасымен құмар ойындарды Алматы қаласына іргелес Қапшағай қаласы мен Бурабайға ауыстырғаны белгілі. Алайда, сол құмар ойындардың, дұрысы ойын автоматтары Астанада да «жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай» қаптап кетті. Тіпті әлі де ашылып жатыр. Бұған бірауық назар аударып, тосқауыл қоятын құзырлы органдар бар ма?! Бар болса, олар қайда қарап отыр?! Тіпті тәртіп сақшылар да сол «Дәулет» сауда үйінің (бұл жерде бір ғана жердегі құмар ойын орталығын айтып отырмыз) маңында жиі жүреді. Солар қайда қарап жүр?! Жұлдыз санап, ай қарап жүр ме?! Бүгін біз осындай құмар ойындарға «тұсалған» бір ғана жас жігітті мысалға келтірдік. Ал Астанадағы маңдайшасына «ойын-сауық орталығы» деп бадырайтып жазып қойғандар орындардан жастарды жиі ұшыратасыз. Бұл, айналып келгенде, құлқынын ақша тескен, өздерін «кәсіпкер» санайтындардың халықты азғындыққа салуы! Сондықтан да құзырлы мекемелер тарапынан бір шара қолданылуы қажет деп білеміз!
 
Атым ЖОМАРТ,
http://masa.kz/
Просмотров: 1380 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Наурыз 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz