Мой сайт
Жұма, 17.08.2018, 11:54
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Наурыз » 1 » ҚАЖЫМАУ ҚАЖЕТ!
ҚАЖЫМАУ ҚАЖЕТ!
08:46

Біз барлығымыз шаршаймыз. Біреулері жиірек, екіншілері сирек, бірақ та жұма аяғында біз өзімізді сығылған лимон тәрізді сезінеміз. Демалыста күштерін қайтарып, алдағы жаңа жұманы құнақы, демалған түрінде бастай алатын адамдар бақытты болып табылады.

Төсекте демалып жату немесе саябақта күндіз серуендеуге мүмкіндіктері жоқ, демалыссыз жұмыс істеуді қажет ететін адамдарға не істеу қажет? Стресс, қобалжу, күйзеліс және жұмысты – біздің дене мен миымыз губка тәрізді басымыздан өткен барлық негативті заттарды сіңіріп алады. Сөйтіп келе, шаршағыштық көбейе береді де, бір күні біз күш жоғалғанын, басты көтере алмайтындығын, жүрегіміз айнып, басымыз айналып, ешбір жұмыс жайлы ойлауға мүмкіндіктің болмайтындығын түсінеміз. Бұл - қажығыштық болып табылады. Бұл дертті ешкім бастан өткізгісі келмейді. Енді оны алдын алу жайында ойланайық.
Өзіңізге қалай көмектесе аласыз
Қажығыштық - бұл шарашағыштықтың ең жоғарғы түрі, бұл кезде ағза ыдырау өнімдерімен уланып, физикалық және ойлау қабілеттері, сонымен қатар жүйке жүйесі адам бағынуынан шығады.
Шаршағыштықты оңай жоюға болады, ал қажығыштықты жою өте қиын. Қажығу кезінде ағзаға токсикалық заттардың (мысалы, сүт қышқылының) мөлшерден көп ыдырауы жүреді, олар біздің қорғаныс заттар жұмысын тежейді, нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады. Осының салдарынан ағзаның қалыптасуына, яғни оның қалыпты жұмысына мүмкіндік беретін, қиын жағдайда бізді талай рет құтқарған «екінші тыныс», қордағы күштер жойылады.

Алғашқы және ең бастысы - қажығу кезінде ұзақ уақыт демалу қажет, бұл сағатпен емес, тәуліктермен, ал кейбір жағдайларда тіпті жұмалармен өлшенеді. Демалуды кейде бүкіл ағза, ал кейде белгілі бір мүше (қол, аяқ және т.с.с) қажет етеді. Қажығу кезінде қол- аяқ әлсіз болады, сезімталдықтары жойылады.
Қажығыштықпен күресуде екінші негізгі принцип бұл сау, күш беретін тағам. Бұл «өтпелі» жыл мезгілдерінде – көктем және күз айларында өте маңызды болып келеді, себебі осы кезде ағза қосымша витаминдер мен минералдарды қатты қажет етеді және де жаңа табиғи жағдайларға қайта құрылу мәжбүр болады. Ал шаршаған ағза одан да көп өзіне бөлек күтімді қажет етеді. Сондықтан шаршаған ағза Са-ға бай тағаммен тамақтану қажет: шикі көкөністермен, жемістермен, сүтпен, жұмыртқа сарысымен. Ал ойлау жұмысы бар адамдарға фосфорға бай тағам өнімдері пайдалы: грек және қытай жаңғақтары, миндаль, жасымық , асбұршақ, балық .
Ауырып қояды
Ағза қажығыштығына ұқыпсыз қарауға болмайды. Қажығыштық бұл созылмалы шаршағыштық, жиі жүйкелік шаршағыштықпен байланысты болады және де кейін ауыр нәтижелерге әкелуі мүмкін. Бейбақ жағдайлардың көбі, қажығыштық нәтижесінде сергектікті жоғалтқан адам кінәлігінен болады; өндірісте жарақаттар пайызының көбі жұмыс күнінің соңында немесе жұма аяғында болады.
Сонымен қатар қажығыштық жұқпалы аурулардың дамуына қолайлы жағдай болып табылады. Ал дәрігерлер болса, жүрек- тамыр ауруларын- қажығыштық және невроз салдарынан дамитын «тозудың аурулары» деп атайды. Сондықтан қажығушылықты алдын алу қажет, физикалық немесе ойлау жағынан жұмыс ырғағы қандай ауыр болса да, кезеңді түрде күшті қайта қалыптастыру мақсатында демалу қажет.
Үйде емдеу
Қажығыштықты халық медицинасының кейбір әдістері көмегімен жоюға болады:

1. Күнделікті таңертең суық сумен шайыну қажет, сонда күн бойы сіз сергек болып жүресіз.
2. Ойлау қажығыштығы кезінде ұйықтар алдында 10 минут бұрын аяқты (42 градус Цельсий бойынша) ыстық суға матырып ұстау кажет. Бұл бастан аяққа қан ағысын қамтамасыз етеді де, шаршағыштықты жойып, бас пен бүкіл денені босаңсытады.
3. Қажығыштықты алдын алу үшін жылына бір ай уақытындай күнделікті пысқан немесе шикі түрінде у сарымсағының үш бөлігін жеу қажет.
Есте сақтаңыз!
Созылмалы шаршағыштық және қажығыштық ұйқының бұзылуына, психика бұзылыстарына, жүйке таусылуына және ауруханада ұзақ уақыт болуына әкеледі.Сондықтан өзіңіз туралы ойлау қажет және мәселелер мен жұмысты артта қалдырып, саябақта серуендеу қажет. Қазір көктем келді ғой. Мүмкін бұл сізге ұнап, сіздің жақсы және өте пайдалы әдетіңізге айналатын шығар.
 
Тамара ОВЧИННИКОВА,
info-health.kz тілшісі
http://www.info-health.kz/
Просмотров: 1342 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Наурыз 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz