Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 20:34
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Сәуір » 17 » Бет бейнеде бір сыр бар
Бет бейнеде бір сыр бар
06:43

«Түсі игіден түңілме»

Адамның сыртқы пішініне қарап, жан­дү­ниесін оқуға болады екен. Мұның өзін ер­теде-ақ, өнер, ғылым деп есептеген. Осы ғы­лымды серік еткен жандар өнердің бұл тү­рімен ықылым заманнан бері айналысқан кө­рінеді. Тіпті, оның негізін салушылар қа­­тарында аты әлемге мәшһүр Аристотель мен Гиппократ та бар. Олар: «адамның бет-әлпетінен біраз нәрсені «кітапша» се­кiлдi оқу­­ға болады. Бұл адамның қал­тары­сын те­з ашады әрі алдамайды», - дейді. Енде­ше, сол кітаптың әр бетін парақтап көрейік.
 
Егер адам басының самайдан жоғары жа­ғы кушиып, шықшытқа қарай жайылып тұр­са, ол тамақсаулық пен сараңдықтың бел­гісі. Ал бас ұсқыны бұған керісінше біт­кен адамдар қиялшыл келеді. Сопақ бас пен шошақ бастың қосындысы - білімге, ғы­лымға бейімділіктің белгісі. Басы тым үл­кен адам көбінесе ақылды болмақ. Шақ­ша бас - есерлеу, дөкір жанның нышаны. Маң­дайы кере қарыс дейтін адамның беті со­пақ­ша, иегі кішкентай болып келсе, ол - қатыгездік пен зұлымдықтың белгісі. Тар маңдай - қыңырлық, қазымырлық. Әсем кең маңдай - ақыл-ой мен пара­сат­тың, асқақ сезімдердің белгісі. Маңдайы ба­тыңқы біткен адамдар әдетте ақылсыз, қыз­ғаншақ келеді. Ақылды, қабілетті адам­дардың маңдайында ұзыннан-ұзақ бес-алты сызық әжімі болады. Егер осы әж­ім­дерге кесе-көлденең басқа да әжімдер түс­се, ол адам көп қиыншылықтар көр­ген.
Енді көзге келейік. Қу, аяр адамның көзі кішкене келеді. Тікенекше қадала қа­рай­тын көз рақымсыз, қатыгез әрі сұғанақ бо­лады. Көзі бір орнында тұрмайтын адам тұ­рақсыз. Жалыны өткір, томпақтау көз, қан­дай ортада да өзін еркін сезінетін адам­ға бітеді. Ал шарасынан шыға біткен ба­қы­рақ көз - қияли мылжындықтын бел­гі­сі. Үңірейген көз қызғаншақтыққа және се­кем­шілдікке меңзейді. Мұрын ше, мұрын...
Мұрын мен ауыз арасының тым алшақ­ты­ғы - әдептің аздығы, имек тұмсық - кек­шілдік, таңқы мұрын - денсаулықтың кем­дігі, дөңес мұрын - тәкәппарлық, ұзын мұ­рын - кертартпалық, іскерлік қабілеттің жоқ­тығын байқатады. Сүйір тұмсық - қа­тал­дық. Кеңсірік үстіндегі көлденең сы­зық­тар-ұдайы ашу-ызаның белгісі. Сол се­кілді ерінде де тұнған сыр бар көрінеді. Сал­пы ерін адамның өзімшілдігін, іш­тар­лы­ғын, өкпешілдігі мен жеке басындағы жол­сыздығын көрсетеді. Ал дүрдиген ерін се­зім тиянақсыздығынан, жалғандықтан ха­бар береді. Үлкен ауыз - жағымды жұм­сақ мінездің көрінісі. Екі езуі салбыраған «ба­лық ауыз» көңіл-күйдің жиі құ­ла­зи­ты­нын меңзейді. Ернін жымқыра беретін адам әдетте өзімшіл әрі тәкаппар болады. Кімде-кімнің беті сопақ, шықшыты шы­ғың­қы болса, ол оның өркөкіректігінің бел­гісі. Беті жалпақ, етті келсе адам құбыл­ма­лы келеді. Сопақша немесе дөңгелек жүз­ді адам байсалды, жарқын мінезді.

Бояуда да болмыс бар
Кез келген түс адамның мінезінің қандай еке­нін танытады. Айналадағыларды жіті та­ны­ғың келсе, олардың қандай түсті жақсы кө­ретінін біліп алып, осы мақаланы оқып шы­ғыңыз.
Сұр - бейтарап түс. Ол ешқандай пси­хо­логиялық әсер тудырмайды. Жүйкені тоз­дырмайды да тыныштандырмайды. Сіз осы түсті жақсы көрсеңіз, шудан аулақ жү­ре­тін адамдардың қатарындасыз. Ма­мы­ра­жай тыныштықты қалайсыз. Сізді еш­кім­ге сыр аша бермейтін, томаға-тұйық мі­незділердің қатарына қосуға болады.
Көк түс - сезімталдықтың, тұ­рақ­ты­лық­тың және адалдықтың белгісі. Бұл түс­ті жақсы көретін адам ылғи мінез-құл­қы­ның тепе-теңдігіне ұмтылады. Сәл сәт­сіздікке ұшыраса, еңсесі түсіп, жүнжіп ке­теді. Ал бұл түсті ұнатпайтындар, не­гі­зі­нен, мазасыз алып-ұшпа келеді. Олар ен­жар­­лықты, тоқырап, тежеліп қалуды біл­мей­ді. Алайда асығыс шешім мен үстірт қи­мылдан аулақ болғаны жөн. Ай­на­ла­сын­дағыларға шыдамдылықпен, тү­сі­ніс­тік­пен қарағаны дұрыс.
Жасыл түс - тұрақтылықтын белгісі. Мұны әдетте, байсалдылықтың, жеке адам­ның өзіне деген сенімін арттыратын бай­ып­тылықтың өлшемі ретінде де қа­рас­ты­рады. Жасыл түсті жақсы көретіндер - өзін-өзі шыңдауға, жеке басының же­тіс­ті­гін еселеуге жаны құмар жандар. Әдетте, мұн­дай адамдар тік мінезді, қалайда өзінің ше­шімін іске асыруға талпынатындар. Ерік-жігері мықты, табандылығының ар­қа­сында кез келген қиындықты бұзады. Бірақ олар төңірегіндегілерге ұнай кой­май­ды. Жасыл түсті ұнатпайтындар, жас ба­ла­дай өкпелегіш болады. Ылғи мұңы мен өкпесін айтып жүреді. Күйкі ойлардың құры­ғынан сытылып шығайын десе, ба­тыл­дығы жетпейді.
Қызыл түс - өмірге құштарлықтың бел­гі­сі. Ол табысы мол қамалға тайсалмай ұмты­латын, кез келген салаға адам айтса сен­гісіз белсенділік танытатын адамның мі­нез-құлқына тән. Егер бұл түсті жақсы көр­­сеңіз, онда сіз қауырт іс-қимылдарды аң­сап, өзіңіздің сеніміңіздің әсеріне же­лі­гіп жүресіз. Ал осы түсті жек көретіндер - негізінен, қиянат пен кикілжіңнен бой­ын аулақ салатын, мінезі орнықты адам­дар.
Сары түс - кеңістікті яғни қысым мен қор­лықтан ада азат өмірді бейнелейді. Бұл түс­ті жақсы көретіндер тәуелсіздікке ұм­ты­лады. Олар ешқашан жарқын бо­ла­шақ­тан үміт үзбейді, өзінің жоспарын жүзеге асы­рудан еш уақытта бас тартпайды. Алай­да күрт өзгерістерге құмарлықтың соңы сағым­дай құбылған алдамшы мақсаттарға еруге ұласуы мүмкін. Сондықтан шаш етек­тен шығынға батып қалып жүрмеңіз. Ал сары түсті ұнатпайтындардың мінезінде ұс­тамдылық пен психологиялық бай­сал­ды­лық жетісе бермейді.
Күлгін түс - екі бояуды - көк пен қы­зыл­ды бойына жинаған. Әлгінде айт­қан­дай, көк түс тұрақтылық пен адалдықты, қы­зыл түстің жігерлілікті, құштарлықты біл­діретіні мәлім. Күлгін түсті ұнататындар іш­кі қарама-қайшылығы мол адамдар. Олар алдағанға сенеді, азғырғанға көнеді. Сөй­те тұра, айналасындағыларға ықпалын жүр­гізуге кет әрі емес. Алайда, ең шешуші сәт­те яғни шұғыл шешім қабылдау кезінде та­сада қалып қойғанды жақсы көреді. Мұн­дай адамдар жалғыздықтан қорқады. өзі­нен гөрі өзгелерді дәріптеп, олардың жа­­манын жасырып, жақсысын асыруға ты­рысады..
Қоңыр түс - әсершілдікті білдіреді. Дені сау, жігерлі адамдар бұл түсті онша жақ­тыр­майды, ал оны жақсы көретіндер - әб­ден қажып, тынығуды қалаған жандар.Егер бұл түс ұнамаса, сіз бірізділікті, жат­тан­дылықты және жадағай шешімді жек кө­ресіз.
Қара түс - сыртқы әсерді тежеу мен шек­теу үлгісін бейнелейді. Бұл түсті жақсы кө­ретіндер тағдыр мен бетпе-бет келгенде ыл­ғи жеңіліске ұшырап, аз ғана ғұмырын ағ­ысқа қарсы жүзумен өткізеді. Егер жақ­тыр­майтын болсаңыз, онда сіз еш нәрсе­ден бас тартпайсыз, сол арқылы өміріңізде көп­теген оқиғаға душар болып, қиындық кө­руіңіз ықтимал. Сондықтан кейбір оқи­ға­лардан бас тартып, әлдекімдермен санасуға үйренгеніңіз ләзім.
Үрей және фобии
Кейбір адамдардың бейтаныс ортада өзін-өзі ұстай алмай, берекесі кетеді. Елдің бәрі тек соған қарап отырғандай, өзінен -өзі қу­ыс­­танып әбігерге түседі. Абдырап, айта­й­ын де­генін жеткізе алмай, сөзінен жаңы­лысады. Үр­ейдің мұндай түрі фобии деп аталады.
Үрейдің кәдімгі түрлерінен мұның ерек­ше­лігі, бұл жағдайға жүрексінуге ешбір не­гіз жоқ. Фобиидің сан алуан түрлері бар: өр­мекшіден қорқатындар, тіпті көзіне кө­рін­геннің бәрінен де қорқатындар да бо­ла­ды. Мұның соңғысы панфобии деп ата­ла­ды. Мұндай жағдай, әдетте, төсек тартып жат­қан қатты науқас адамдардың басында бо­лады.
Адам көңілін алаңдататын кез келген се­­беп үрейдің немесе фобиидің дамуына түрт­кі болады. Олар адамның жеке ба­сын­дағы проблемалар, үрей сезімі, мәселен, жү­ректің дүрсілдеп соғуы, т.б. толқу сал­да­рынан адамның қаны басына теуіп, ен­ті­геді, жүрегінің соғу ырғағы бұзылады, де­несінің түрлі бөліктерінде ауру байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда адам органдары тұтастай алғанда - сау, тек олардың қыз­меті бұзылады. Үрейдің өсе түсуі, алаңдау­шылықты арттыра түсетін жаңа нышандар­дың пайда болуына әкеліп соқтырады. Бір-екі рет талмасы ұстаған адамдар оны туғызған жағдайлардан ойын аулақ салуға тырысады. Ақырында адам проблеманы шеш­кеннен гөрі, ондай жағдайға жола­мауды әдетке айналдырады. Үнемі осылай істеу адамның қорқыныш сезімін жеңуге деген сеніміне селкеу тү­сіреді. Егер сіз жү­рексінуіңіздің адам­дар­мен қарым-қатынас жасауда тәжірибеңіздің жоқтығынан еке­нін аңғарсаңыз, мұндай жағдайда еркін қа­рым-қатынас жасау рөлінде ойнау бәрі­нен жақсы көмектеседі. Белсенді іс-әрекет алаңдаушылық пен үрейдің пайда болуына кедергі келтіреді. Құр қарап отырып, азап шеккенше, үнемі бір шаруамен айналысып, қимылдаған жөн. Көңілді алаңдататын ойлардан меха­никалық жолмен де, айта­лық, бір әуенді ыңылдап айтып немесе айна­лаңыздағы заттарды санап та арылуға болады. Тіпті болмаса, өзіңіз көрген зат­тар­дың бәрін суреттеп шығыңыз. Өзіңізше талдау жасау­ға тырысыңыз. Сонда бойды кернеген белгісіз үрейден аз да болса ары­ласыз. Кейде адамның «сұмдық-ау, елдің бәрі маған қарап тұр. Түрім қалай екен? Олар мен туралы не ойлайды?..» деген секілді көңіліне кірбің түсіретін ойлардың ыр­қынан шыға алмайтын кездері де болады. Мұндай кезде көңілсіз ойларды: «Қараса қарасын, онда тұрған не бар, қазір ештеңе шығара алмасам, ештеңе күйіп-жанып кетпейді. Есесіне келесі жолы өзім­ді сенімді сезінетін боламын» деген тәрізді қарама-қарсы мәндегі ойлармен жедел алмастыру керек: Алаңдаушылықтан ары­лудың - «үдемелі үрейдің» сеансы деп ата­латын тағы бір қызықты тәсіл бар. Мұның ұзақтығы - жарты сағат. Оны қашанда белгілі бір уақытта және қатаң түрде белгілі бір орында ғана өткізу керек. Сонда сезім тек осы жағдайға бейімделеді. Қашан бол­сын, мазаңыз кеткенде көңіліңізді алаң­да­татын ойларды сеанс басталатын уақытқа дейін кейінге қалдыра тұрып, өзіңізді қан­дай да бір шаруамен алдандырыңыз. «Үде­мелі үрей сеансының» уақыты кел­генде тыйымның бәрін алып тастап, қатты ма­заңызды алып жүрген ойларға беріліңіз. Осындай жаттығумен үнемі айналысқан жағдайда бір айдан кейін сіздің маза­сыздығыңыз қырық пайызға төмендейді. Мазаңызды алған жайларды бәрін бір мезгілде бастан кешіру олардың басым көпшілігінің түкке тұрғысыз екеніне көз жеткізуіңізге мүмкіндік береді.

Нұрсұлу МЫРЗАБЕКОВА
http://www.aikyn.kz/
Просмотров: 2898 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Сәуір 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz