Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:46
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2010 » Маусым » 28 » Біз жанды білеміз бе?
Біз жанды білеміз бе?
17:23

Адамның жаны бар ма, жоқ па деген тылсым сұрақ атам заманнан бері ақылды адамдарды мазалап келеді. Көне грек ойшылы атақты Демокриттің өзі қолында ешқандай киелі кітабы болмаса да, ақылына ғана арқа сүйеп, жан туралы сұраққа жауап беруге талпынған. Ол адам жаны ұсақ атом бөлшектерден құралып, кірпіш тәнді құйындай қозғалтып, ары-бері жылжытып, қозғалысқа түсіреді. Дене әбден қартайып, тозығы жеткенде тән ішінде жинақталып тұрған атомдар тозығы жеткен кәрі денені ұстап тұра алмайды. Нәтижесінде адам қартайып өледі. Ал, жанды құраушы атомдар болса, ыдырап, кеңістікке тарап кетеді» деп өз болжамын жасаған.
 
Қазіргі рухани ілімнің көзқарасымен қарағанда Демокриттің айтқаны өрескел қате. Бірақ, біз үшін ол маңызды емес. Қызығы сол, грек ойшылының жан туралы толғанып, оның шындығын білуге ұмтылғандығы…
Әлбетте, Ұлық Алла жерге жіберген жүрек көзі ашылған пайғамбарлар бұл сұраққа басын қатырып жатпаған. Олар жаннан басқа нәрсе жоқ деп еш күмәнсіз сенген. Ақжүрек пенделер Құдайдың қалауына мойын ұсынған соң: «менің барлығым – жанымның барлығы» деп ізгі амалдар жасап, жүре береді. Қай кезде де ақжүректер аз болғандықтан көңілі қарайған пенделер өлімнен өлердей қорқатын рухани кеселге шалдығатыны белгілі.
 
Ақиқатында, шыбын жанның барлығы мен бас көзіне көрінбейтін ақыл нұрының ғажайып табиғаты анық болмайынша, ешбір адам күмән мен ажалдың қорқынышты үрейінен құтыла алмаса керек. Сондықтан да болар атеист ғалымдардың бәрі ХХ ғасырда өлімді жеңетін дәрілер ойлап табамыз деп ажалға қарсы соғыс ашты. Биология ғылымына тереңдеген сайын ғалымдардың да «өлмей қалармыз» деген дәмесі зорая берді. Атеист ғалымдар айтады: Ажал – адам өркениетінің қарыштап дамуына үлкен кедергі. Егер адам ғұмырын созатын болсақ, ақылды тұлғалардың мәдениет, философия, тарих саласында жинаған тәжірбиелерін молынан пайдалануға болушы еді. Соның арқасында қоғамдағы тыныштық пен мәдени қарым-қатынасты әлдеқайда жақсартып алуға болар еді деп қорытқан болады.
Бір қарағанда осындай көзқарас өте прогресшіл болғанымен бір шетінен өте қарабайыр. Себебі, адам өркениетінде рухани құндылықтар әу бастан белгіленіп қойған. Материалистік ғалымдар рухани ілімді технократиялық ғылымдармен шатастырып алған. Заттық мәдениет пен материалдық дамуда ғана жаңа нәрселер табылып, жаңарып отырады. Ар, ұждан ғылымында олай болмаса керек. Адам ата жаралғалы адам ұрпағы жақсы мен жаманның қараңғы мен жарықтың күресін тамашалап келеді.
 
Сондықтан рухани салада ешкім жаңалық ашып, адамшылықтың тың нормаларын ойлап таба алмайды. Бар болғаны дүниеге кезегімен келген барлық пенде өзінің адамгершілік міндеттерін барынша адал орындап, ақыретке жүректің тазалығымен аттануға жанын салып бағады.
 
Купревич сияқты ғалымдардың пікіріне қарсы шыққан иманды ғалымдар оған Борхестің бір әңгімесіндегі басты кейіпкердің өмірін мысалға келтіреді. Шығармадағы басты кейіпкер өзінің ажалсыз болсам деген «асыл арманына» қол жеткізіп «Ажалсыз әлемге» келіп түседі. Алайда, ажалсыз батырды бұл елде ең үлкен бақытсыздық күтіп тұр екен. Жаңа жұртта ешкім ештеменің қадіріне бармайды. Ешқандай еңбек еленбейді. Өлшеулі тағдырдың өліммен аяқталар соңы болмаған соң ешкім ештемеден қорықпайды. Түбім не болады деген қорқыныштан бәрі ада. Кейіпкердің енді біреуін еріншектік иектеген екен. Өлмейтінін білген соң жалқау жігітке бір орнында тапжылмай жата беру – қалыпты өмір. Ақыры қозғалмайтын болған соң құстар оның кеудесіне ұя салып, балапан басып шығарып жатқанына да бірнеше ғасырдың жүзі боп қалса керек. Ешбір пенде ешкімнің ерлігіне таң қалмайды.
 
Мұндағы бітпейтін ғұмырдың ішінде белгілі бір оқиғалар шынжыр секілді айналып тұра береді. Біреудің қайғысын бөлісіп, жақынның қуанышына ортақтасу деген көңіл-күй мүлде жоқ. Өмірді қызықты қып құбылтып тұратын кенеттен болатын ешқандай оқиға кездеспейді. Сондықтан да талпыну, сабыр қылу, қайғыру, жаңа белеске жетсем деген ұмтылыс, ықылас түкке де керегі жоқ! Тіршіліктің осындай мардымсыз тәртібіне түсіп қалған мәңгі өмірдің иелерінен мән кеткен. Қоғамдары тоқырап, тағдырлары мағына мен мазмұннан жұрдай бопты. Өлім шіркін шымылдығын түре алмайтын «рақат» әлемге бейімделіп алған басты кейіпкер де жүре келе адамшылық қасиеттерінің бәрінен айрылып тұл қалады. Ол да еш нәрсеге таң қалмайтын, ештемеге қызықпайтын, үрікпейтін, қорықпайтын сезімсіз көп тобырдың біріне айналады. Мағынасыз өмірден жалыққан пақыр «Бүйткен мәңгілік ғұмыры құрысын! Шіркін, ажалға асығатын күн басыма туар ма екен!» деп өкініштің уын ішеді.
Борхестің әңгімесіне қарап-ақ ажалдың адам өміріне мағына беретін ең басты фактор екенін анық көруге болады. Өлім ғана өмірді кез келген сәтте қиып түсетін болғандықтан жаманнан сақтанып, асыл мұраттарға жетуге деген ұмтылыс өмірді әдемі өрнектерге түсіреді. Ажалды абыроймен қарсы алуға дайындалған ақжүрек тақуалар барлық әлемге тең тараған өркениет пен мәдениеттің ең асыл мұраларын өндірді. Рухани ілімнің сәулесі түскен елдің бәрінде өркениетті қоғам мен мәдениетті халықты қалыптастырудың ең басты шарты өлімнен қорқып, абыройлы ажалға жету екендігін айғақтайтын ертегі, әңгімелер көп айтылады.
Оқып отырсаңыз Борхестің де әңгімесі, өсиеті ертегісі де жанға жайлы ақиқатты қалай әдемі жеткізген!? Бұл дүниеде мәңгі бақи жүре беру адам үшін ешқашан да рақат емес. Керісінше, азапқа ұшырап, мәңгі бақи қорлық тартудың белгісі ретінде қарастырылады. Сондықтан да ақылды адамдар ажалды жеңсек деген далбаса философияның шырмауына түспейді. Мәңгі өмір мәселесі асыл жанның бұл пәнидегі міндеті айқын болғанда ғана түбегейлі шешілмек. Олай болса негізгі ізденіс жанды танудан басталса керек. Алдағы күндері де «Үш қиян» газетінен қол үзбеңіз. Осы тараптағы ізденісті бірге жалғастырамыз деген үміттеміз.
 
Санжар КЕРІМБАЙ,
Шымкент http://ushkiyan.kz/
Просмотров: 1437 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz