Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:42
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2013 » Қараша » 16 » Дін психологиясы
Дін психологиясы
14:05

Дін психологиясының тақырыбы мен зерттеу алаңы. Дін психологиясы – діни құбылыстарды зерттейтін гуманитарлық ғылым. Аталған ғылым дінді психологиялық тұрғыда зерттеуді басшылыққа алады. Демек, адамның ішкі жан дүниесі мен әрекеттері аясында діни қасиетке ие әрбір әрекетті өзінің негізгі зерттеу нысанасына алады. Діни өмір сүру мен әрекеттің құрылымы мен мазмұнын және осыған қатысты рухани функциялар мен процестерді біртұтас қарастыратын дін психологиясы психологияның барлық салаларына ортақ қолданылатын ғылыми әдістерді қолданады. Діни өмір мен әрекетте жалпы психологияның ортақ ұстындары да негізге алынады. Демек, адамның діни өлшемін зерделеу деген сөз – оның жан дүниесіне тән барлық қырларын қарастыру болып шығады. Дін адамның жан дүниесіне көп ықпал ететін ерекшелікке ие. Діни өмір сүруді сезімдер, ойлар мен түсініктер, қалаулар мен идеалдар, әрекеттер, мерекетер, әлеуметтік қатынастар, моральдық және эстетикалық әрекеттер  сияқты адамды зерделейтін барлық рухани кезеңдер ішінен қарастыруға болады. Адамның дінге бет бұруы оны жан дүниесіне бағыттап, біртіндеп адамдық келбетіне икемдеуі және бүкіл әрекеттерінде діннің ықпалын бейнелеуі тұрғысынан дін психологиясы адамдық болмыстың барлық жағын қамтиды. Осыған қарағанда діни бейімділік пен қабілет, діни қатынастар пен қалаулар, діни сезім мен тәжірибелер, дін сенім мен жүріс-тұрыстар, дұға жасау мен ғибадат, тәубеге келу және құдай жолына түсу, діннен бет бұру және имансыздық, мистицизм мен сопылық өмір кешу дін психологиясының басты тақырыптарын құрайды. Аталған осындай тақырыптарды қамтуда психологиялық салалардың да қосар үлестері бар. Мысалы нәрестеліктен бастап, қарттық кезеңге дейінгі шақтар ішіндегі даму кезеңдерінің әрбірінде жас психологиясының діни өмір сүру мен әрекеттердің ерекшеліктері зерттелген кезде, жас шамасының даму психологиясы мәліметтері негізге алынады. Индивидтің психология аясында алуан түрлі діндар индивид типтері жайында көзқарастар дамытылады. Ақыл-есі түзу емес діндар адамдардың жағдайы патологиялық психология мәдіметтері аясында зерледенеді. Дін психологиясының мақсаты. Дін психологиясы діни өмір сүру мен әрекеттерді, осыларға жол бастайын себептер мен факторларды индивидтегі жан дүниелік құлылымдарды, оған әсер ететін ықпалдарды да бірге қамти отырып, зерттейтін ғылым саласы. Аталған ғылымның мақсаты – адамның діни өлшемін зерделей отырып, объективті нәтижелерге қол жеткізу. Дін психологиясы діннің адам өміріндегі әсері мен өлшемдерін сипаттауға талпыныс жасайды. Дін психологиясы және басқа да ғылым салалары. Дін психологиясы діни ілімдер мен гуманитарлық ғылымдармен қиылысатын ортақ қиылыста орын алатындығы белгілі. Осыған орай, аталған ғылымның беретін мәліметтері төмендегі ғылым бастаулары арқылы қол жеткізілетін мәліметтерден нәр алады: жалпы психология, дінтану ғылымдары және діни ілімдер. Дін психологиясы жалпы психологияның бір тармағы болғандықтан негізінде оның принциптері мен әдістерін пайдалана отырып, зерттеулер жүргізеді.Дін психологиясымен қатарлас адамның діни өлшемлерін әр түрлі қырларынан зерттейтін бірнеше ғылым салалары қалыптасқан. Дінтану ғылымдары арасында орын алатын ғылым салаларының басында діни өмірді қоғамдық тұрғыдан қарастыратын дін психологиясы келеді. Тарих бойындағы діндерді зерделейтін діндер тарихы, діни құбылыстарды  объективтік ақиқат аясында қарастыратын дін феноменологиясы, дінді алуан түрлі қоғамдар және оларды мәдени және қоғамдық құрылымдары тұрғысынан зерттейтін діни антропология, халықтардың діни мәдениеттерін салыстырмалы түрде және бір-бірімен байланыстары аясында зерттейтін діни этнология дін психологиясымен тығыз байланысты ғылым салалары болып табылады. Сондай-ақ дін психологиясы дін философиясының дамытқан концепциялардан, діни өнер мен әдебиеттен адамның діни қатынастарды және діндар адамның жан дүниесін түсіну және анықтау үшін қажетінше қолдана алады. Діни белгілердің психологиялық түсініктемесі мен сипаттамасы көбінесе аталған белгілердің қалыптасуына әсер еткен діни сенім мен доктриналарды жақыннан зерделеуді қажет етеді. Сондықтан, негізгі діни дереккөздермен олардың түсініктемелері бойынша қалыптасқан діни  ілімдер (тафсир, хадис, фиқһ, калам) кейде негізге алу қол жеткізетін нәтижелердің дәйекті болуы үшін қажет есептеледі. Сондай-ақ исламның пайда болуы мен таралуы, ғасырлар ішіндегі дамуы белгілі кезеңде үлкен қуатқа ие болып, халықтардың жан дүниесіне әсер етуі немесе индивидтер мен қоғамдар ішінде әлсіреуі діни динамиканың мәнін ашуда маңызды мағлұматтар  беретіні мәлім. Осыған орай, ислам тарихы, мазхабтар тарихы, ислам мәдениеті тарихы сияқты ғылым салаларының берген мәліметтерге ден қою қажет. Дін психологиясының әдістері. Дін психологиясының қолданылатын әдістері психологияның басқа салаларында қолданылатын әдістер болып табылады. Әдетте дін психологтары қарастырған тақырыптарды ерекшелігіне қарай төмендегі әдістердің бірін немесе бірнешесін қолдана отырып зерттеулер жасаған. Әдетте зерттеу әдістерін мәліметтерді жинақтау және мәліметтерді реттеп, оларға түсініктеме жасау деп екіге бөліп қарастыруға болады. А) Мәліметтерді жинақтау құралдары мен техникаларыЖеке құжаттар. Ішкі және сыртқы бақылауға негізделген адамның діни өмірі жайлы мәлімет беретін алуан түрлі жазбаша құжаттар, қағазға түсірілген диалогтар мен сипаттамалар дін психологиясының ғылыми тәсілдері арасында ерекше орынды алады. Индивидтердің өз өмірі жайлы қағазға түсірген өмірбаяндары немесе басқа адам тарапынан жазылған өмірбаяндар, естеліктері, хаттар, саяхат жазбалары т.б. мәліметтерді зерттеу нәтижесінде діни тәдірибе мен әрекеттерге қатысты құнды мағлұматтарға қол  жеткізіледі. Дін психологиясының негізін қалаушылардың бірі – У. Джеймс зерттеулерін көбінесе осы типтес мәліметтерге негіздеген. Алайда, оның зерттеулерінде өмірі зерделенген индивидтер діни жағынан алдыңғы қатарлы көзі ашық, таңдаулар адамдармен шектеулі қалған. Осы себепті оның зерттеуі сынға ұшырады. Жастардың діни дамуымен айналысқан кейбір дін психологтары да индивидтердің естелік дәптерлерін оқыған. Анкеталар. С.Холл мен У.Д.Старбек сияқты алғашқы дін психологтарының жастардың діни дамуын анкеталармен анықтауға бағытталған зерттеулері кейінгі кезеңдерде анкеталардың кең түрде қолданылуына жол ашты. Белгілі бір зерттеу тақырыбына лайықты түрде дайындалған анкеталар дін психологиясында жиі қолданылатын мәліметтер жинау құралы болып табылады. Алайда анкета дайындауда өте үлкен біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді. Анкета алудағы мақсат – адамның жан дүниесіндегі діннің орнын анықтауға бағытталуы тиіс. Тесттер. Психологияда зеректік, сәттілік, қабілет, қатынас, адамдық т.б. салаларда дамытылған көпсанды тесттер қолданылады. Мұның маңызды ерекшелігі – стандарт болғандықтан сенімді өлшем құралы ретінде мойындалады. Дін психологиясында индивидтердің діни қабілеттері мен қатынастарын, сенімдері мен әрекеттерін сенімді түрде өлшейтін стандарт тесттер кездесе бермейді. Алайда, индивид психологиясында қолданылатын кейбір техникалардан пайдаланылады. Кездесулер. Бастапқы кезден жүйелі түрде дайындалған немесе жоспарланған сұрақтар бойынша кездесу, пікір алысу – зерттеу әдісінің көректі құралы болып табылады. Осы жолмен сенімді мәліметтерге қол жеткізу үшін пікір алысып жатқан екі жақ арасында шынайы, бір-біріне сенімді атмосфера қалыптасуы тиіс. Семантикалық талдаулар. Семантика – сөздің мағыналық деңгейлерін зерттейтін ғылым саласы. Ақиқат пен тіл арасындағы арнайы байланысқа сай түрде сөздер алуан түрлі мағыналар береді. Адамның қолданған сөздердің әрбірі әлгі адамның айтып отырған көзқарастарын бейнелейді. Осы тұрғыдан семантикалық талдау адамдардың ойлау ерекшелігін, дүниеге деген көзқарастарын түсінуде жолбасшы болып табылады. Соңғы кездерде кейбір дін психологтары осы әдіске негізделген зерттеулер жасап келеді. Діни мәтіндерді зерттеу. Діннің қасиетті кітабын зерделей отырып, ондағы адам жан дүниесіне әсер ететін мәліметтерді белгілі бір психологиялық көзқарас тұрғысынан түсініктеме жасау дін психологиясының зерттеу техникасы ретінде мойындалады. Тәжірибе. Дін психологиясындағы тәжірибе әдісі сирек, шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Дегенмен осы әдіс негізінде АҚШ-та зерттеулер жасалып, еібектер жарық көрген. Ә) Мәліметтерді реттеу және оларға түсініктеме жасау әдістеріЖоғарыдағы құралдар мен техникалар арқылы қол жеткізілген дін психологиясы мәліметтері белгілі тәсіл және көзқарас аясында реттеліп, жүйленеуі және оларға түсініктеме жасалуы зерттеудің келесі кезеңін құрайды. Мәліметтерді реттеу, оған өз бағасын әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Мысалы, діни өмір сүру мен әрекеттер жалпы психологияның жүйесіне сай түрде жан дүниенің функцияларымен байланысы негізге алынып (діни тәжірибе, діни мотивациялар), реттеледі. Генетикалық әдіс. Бұл әдістің негізі индивидтің әрекеттеріндегі себептілік пен нәтиже қатынасын оның өмір тарихына, өткеніне назар аудара отырып, түсініктеме жасаудан тұрады. Адам жаратылысынан моральды, өнерпаз немесе саясатшы болып туылмағаны сияқты діндар болып та туылмады, ол өмірге келгеннен соң ғана осы қасиеттерді иелене бастайды. Осы жағынан діни өмірдің адам өмірінің шақ дамуына сай зерделеу де дін психологиясының үлесінде. Феноменологиялық (динамикалық) әдіс. Бұл әдіс индивидтің жас дамуын бір шетке сырып қойып, әрекет талдауында сол сәттегі психологиялық тақырыпты негізге алады. Белгілі бір сәтте индивидтің психологиялық ерекшеліктері, оның психологиялық ортасының мәні мен мазмұны анықталады және сипатталады. Биологиялық және прагматикалық түсініктеме. Бұл әдіс дінді адам өміріне әсерлері тұрғысынан қолданылады, адам өмірінің одан ары жақсаруына діннің пайдасы тұрғысынан зерледенеді. Мұнда адам өмірінде діннің маңызы зор екендігі қуатталғаны сияқты, адамның дінге деген қажеттілігі жоғары екендігіне де мән беріледі. Психоаналитикалық түсінікеме. Психоаналитика әрекет талдауында генетикалық даму әдісін қолданады. Оның келесі бір ерекшелігі - әрекеттерге түсініктеме жасауда саналы және санадан тысқары факторларға мән беруі. Дін психологиясында аталған әдіс адамның дін әрекеттерін санадан тысқары дүниеден бастау алатын мотивацияларға сүйене отырып түсііктеме жасайды.
  Д.Т.КЕНЖЕТАЙ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІДінтану және теология кафедрасы 
      
Просмотров: 5323 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz