Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 04:49
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Наурыз » 1 » Ең ақылды адам кім?
Ең ақылды адам кім?
08:28



...Жо-жо-жоқ, оның құпиясын білмейміз. Білсек, ақылды болып алар едік қой. Біз мұнда тек әлемдегі ең ақылды адам деген атты қалай алуға болатыны туралы айтпақпыз. Нақтырақ айтқанда, әлем «Ең ақылды» деп кімдерді және қандай себептермен атайтындығына тоқталмақпыз. Өзі ақылдылық және сауаттылық дегеннің екі бөлек нәрсе екені байқалады. Бүкіл әлемнің ғылымын тауысқан, білімін меңгерген, былайша айтқанда, оқымаған кітабы қалмаған адамның ақылды болмауы мүмкін. Ал әрі-беріден соң әліпті таяқ деп білмейтін кісінің ақылды болып шығуы ғажап емес. Сол тұрғыдан келгенде, сауат - ақпараттар (теориялық) жиынтығы, ақыл - тәжірибелер жиынтығы. Тіпті сауат жүре бітетін, ал ақыл туа бітетін қасиет секілді.
 
Халқы­мыздың танымындағы «көпті көрген» мен «көпті білгеннің» айырмашылығы да сол. Бір әзіл бар еді: «Құдай қандай әді­летті, ақылды бәріне теңдей бөліп бер­ген. Ақылының аздығына шағым айт­қан әлі бірде-бір адам жоқ». Әрбір адам баласы өзін ақылды санайды. Ол - заңдылық. Ал сізді өзгелер ақылды са­най ма? Ақылды, сауатты, білімді, ке­меңгер, данышпан, ойшыл деген анық­тауыштардың барлығын адамдар өнер­­де, я ғылымда белгілі бір жетістікке жеткен адамдарға жомарттықпен та­ңады. Сонымен бірге, ешқандай жа­ңалық ашпаған, өнер шашпаған, жай ғана тыныш өмір сүріп, жақсылық пен жамандықтың, шындық пен жал­ған­дықтың, дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата білген, ешқашан ешкімге зия­ны тимеген адамдарға да қолдана­ды.
 
Мәселен, «Ол бір әулие кісі ғой» немесе «жарықтық, данышпан адам ғой» де­ген секілді. Осыларға қарағанда, нақты ақылдылық дегеннің формуласы жоқ­ты­ғын байқаймыз. Ол бірде адамгер­шіліктің кемелділігі, бірде мінездің асыл­дығы, тағы бірде жай ғана адам­ның қарапайымдылығы. Дүниені төң­керіп тастардай данышпан, аспан мен жердің сырын білген әртүрлі ға­лым­дар, оқымыстылар, философтардың бәрі адам құндылығы үшін қызмет еткен­дер. Адам үшін қызмет ету - қызмет­тердің ең ұлысы болуы керек. Ал «суық ақыл» немесе «құрғақ сауат» көп ретте адамзатқа қарсы жұмыс істейді. Дина­митті ойлап тапқан Альфред Нобель дiң өзінің бүкіл байлығын Швед академия­сына аманаттап, адамзат үшін қызмет еткендерге сыйлық тағайындауы да адамзат алдында ақталуы еді ғой. Оның ашқан ғылыми жаңалығының адам баласына қарсы жұмыс істей баста­ға­нын көрген Нобельдің өмірден түңіліп, тіпті адамдардан түңіліп кеткені де рас.
 
Ақылдылық үшін ақталу осылай жүзеге асса, ал ақылсыздық үшін ақталу әлі орын алған емес. Адам өзі-өзімен жеке қалғанда белгілі бір қателігі үшін күйі­ніп «Неткен ақымақ едім!» деп опық жейтіні рас. Бірақ ешкім де мұнысын жалпаққа жария етпейді. Жария етуге батылы да бармайды. Адамдардың дұ­рыс түсінбей қалуы мүмкін. Сократтың атышулы ақталу сөзі осы ақылдылық­тың шындығына біршама жақындай­тын секілді. Ол өзін философтармен, ақындармен, саясаткерлермен салыс­ты­ра келе, өзінің оларға қарағанда ақыл­ды екеніне көзі жетеді. Сократқа та­ңылған айыптаулардың бірі де оның өзін ақылды санауы еді. Бұл адамдар­дың намысына тиді. Сократ өзінің ақылдылығы мына нәрседе жатқа­нын айтып еді: «Мен өзімнің ештеңе білмей­тінімді білемін, ал өзгелер білмейтіндігін білмейді». Адам баласы кітапты ақылды болу үшін оқымайды. «Ақылды болу үшін оқимын» деген адамды кезіктір­діңіз бе? Жоқ. Адамдар кітапты үйрену үшін, яғни өмір сүруді үйрену үшін оқитын секілді. Үйрену - машықтану, бірақ ақылды болу емес. Сол данышпан Сократ «Мен аяқкиімімді жөндету үшін кімге баруым керек?» деп сұрайды екен. Халық оған: «Етікшіге» деп жауап береді. Қызық.
«Ақыл қайда тұрады?» деген сұрақ болса оған бірден «Мида!» деген жауап болады. Орта жастағы ер адамның миы­ның салмағы 1424 граммды құрайды екен. Ал қартайған сайын 1395 граммға дейін төмендейді. Адам қартайған сайын ақылды болмаушы ма еді? Бұған қарасақ, ақыл деген нәрсе мидан өзге мүшелердің бірінде болып шыққаны ғой. Әлемдегі ең ауыр ми әлдебір ер кісі­нің миы - 2049 грамм. Ал ең ауыр әйел адамның миы - 1565 грамм. Еркек әйелге қарағанда ақылды болып шық­қаны ма? ХІХ ғасырда ер адамның миы­ның орта салмағы 1372 грамм, әйел адамның миының орта салмағы 1096 грамм болған екен. Демек, ғасырлар өткен сайын адамдардың миы ауырлап келеді.
 
Ақылдылық мидың салмағымен өлшенер болса, неге адамзат баласының өміріндегі ең данышпан адамдар біздің заманымыздан бұрын және орта ға­сыр­ларға дейін өмір сүрді? Неге әлі күнге дейін Аристотель, Платон, Демокриттер ең ұлы данышпандар, неге әлі күнге дейін Бетховен, Моцарт, Шопен ең ұлы композиторлар, неге әлі күнге дейін до Винчи, Рембранд, Рафаэль ең ұлы суретшілер, неге әлі күнге дейін Гали­лей, Ом, Ньютон, Коперник ең ұлы ғалымдар болып қалып отыр? Адам түсініп болмайтын осы бір ген құпия­лары ғасыр өткен сайын, адамдардың миы үлкейген сайын көмескіленіп, жұмбақталып, өз ішіне өзі кіріп барады. Уақыт өткен сайын адамдар өз тамыр­ларынан, яғни ақиқаттан алыстап келе­ді. Эйнштейннің миы 2000 грамм, ал орыс жазушысы Тургеневтің миы 2012 грамм тартқан. Демек, оларды адамзат тарихындағы ең ұлы данышпандар дей аламыз ба? Бірі ғылымда, бірі көркем әдебиетте жаңалық ашты, бірақ осын­ша ми салмағымен олар жаратылыстың, адамзаттың пайда болу құпиясын ашуы керек еді ғой. Адам миының ең бір тез даму кезеңі 11 жасқа дейін жүреді екен. 11 жастан кейін мидың салмағы ар­тып, ақылды болып кету мүмкін емес. Бұған сүйенсек, 11 жасында данышпан болған адам данышпан, одан кейін жай ғана сауатты адам. Бірақ сауаттылықтың да өзінің атқарар рөлі аса маңызды. Адам неғұрлым көп білім алған сайын ми ауруларына шалдығудан өзін сақтап қалатынын мамандар айтады. Сондай-ақ адам баласы барлық қабылдайтын нәрсесін 9 жасқа дейін-ақ қабылдайды екен. Ал қалған өмірінде соны қайта­лайды.
Сонымен, әлем кімдерді ең ақылды санайды? Қазір «коэффициент интел­лекта» (ағылшынша IQ - intelligence quotient) яғни «өре өлшемі» деген ұғым бар. Адам өресінің өлшемін арнайы сұрақтар (тест) арқылы бағамдайды. Бұл ұғымды 1912 жылы неміс ғалымы В.Штерн енгізген. Аталған тест бойын­ша адамдардың қаншалықты ақылды екендігі анықталады. Мүмкін болған сұрақтың қаншасына дұрыс жауап бере алса, сол дұрыс жауаптар арқылы ақылдың көрсеткіші шығады. Осы бір қисынды ойлау жүйесін дамыту, сол бойынша жоғары көрсеткішке ие болу жекелеген адамдардың ғана емес, тұтас бір ұлттардың ақыл-ой жүйесінің жетістігі болып отыр. 0 ден 19-ға дейінгі бірлік көрсеткіші бар адамдар - ақыл-ойы дамымаған болып саналады. Сон­дай-ақ 20-36 бірлік - мидың кеш да­муы, 69-85 бірлік орта деңгейге жақын­дау, 86-144 бірлік - орта деңгей, 115-124 бірлік - орта деңгейден биік, 125-134 бірлік - ақылы толысқан, ал 135-тен жоғары көрсеткіш - данышпан деп танылады. Мамандар өткен ғаcыр да­нышпандарының өре өлшемін анықтай келе мынадай қорытынды жасады: Не­міс халқының ұлы ақыны Гетенің өре көрсеткіші - 200 бірлік, Ньютон мен Вольтер - 190 бірлік, Галилей - 185 бірлік, до Винчи 150 бірлік, Бах пен Дарвин - 140 бірлік, Коперник - 130 бірлік. Сонда бұлардың арасындағы ең данышпаны Гете екен. Ал халықтар, яғни елдер бойынша «өре өлшемі» көр­сеткіші мынадай: ең жоғары көрсеткіш Гонконг - 107 бірлік, Корей елі - 106 бірлік, Жапондар - 105, Қытайлар - 104, ал орта деңгейде: Франция - 98 бірлік, Моңғолия - 98, Құрама Штат­тар - 97, Ресей - 96 бірлік, төменгі көр­сеткіштер: Кения - 72 бірлік, Гвинея - 69 бірлік, Эфиопия - 66 бірлік. Енді осыған қарап әлем халық­тарының қайсысы қайсысына қара­ғанда ақылды екенін өлшеуге бола ма? Ондай тұжырым жасауға келмейтін секілді. «Өре өлшемі» көрсеткішіне қатысты қазір сын көп. Тіпті сынау­шылар бұл жерде логика емес, жай ға­на тапқырлық бірінші орынға шығып ке­тетінін айтады. Ал осы ұйғарым бо­йынша бүгін әлемдегі ең ақылды адам деп Америка жазушысы, драматург, жур­налист Мэрилин вос Савант таны­лып отыр. Оның «өре өлшемі» көрсет­кі­ші - 228-230 бірлікті құрайды. Бұл Гетеден де жоғары көрсеткіш. Сонда әлемдегі ең ұлы данышпан Мэрилин болып шыққаны ма? Иә, Гиннестің Рекордтар кітабы солай санайды. Ол бұл көрсеткішке небары 10 жасында ғана жеткен екен. Яғни мидың өсіп біткен шағы. Оның тегі - «Савант» француз тілінен аударғанда «білу» немесе «кемеңгер» деген ұғымды береді. Міне, «Әлемдегі ең ақылды адам» атану үшін осы «Өре өлшемі» көрсеткіші бойынша жоғары бірлік жинай алсаңыз болғаны. Еврей хал­қының «Ақылды болсаң, неге ке­дей­сің?» деген мәтелі бар еді. Расында, ақылды болсақ, неге, неге, не­ге..........???

Ерлан ЖҮНІС
http://www.aikyn.kz/
Просмотров: 5743 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 2
03.02.2013 Спам
2. 41161
buny kaidan aldynyzdar

03.02.2013 Спам
1. 41161
дотзщт

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Наурыз 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz