Мой сайт
Бейсенбі, 21.06.2018, 17:11
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Қаңтар » 29 » Елімізде суицидтен сағат сайын бір адам ажал құшады
Елімізде суицидтен сағат сайын бір адам ажал құшады
10:54

Абай ОМАРОВ (коллаж)
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының «суицид жаһанды жайлап барады» деген сөзі бекер емес екен. Әлемде жыл сайын жиырма миллионға жуық адам өз өмірлерін қиюға бел буатын болса, олардың бір миллионы жарық дүниемен қош айтысады екен. Өкініштісі, әлгі бір миллионның сегіз мыңы – қазақстандықтар. Бұл дегеніңіз біздің елде сағат сайын бір кісі суицидтен бақилыққа аттанып жатқандығын көрсетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сенсек, Қазақстан бүгінде әлемдегі ең көп суицидтік жағдайлар тіркелген ел ретінде үшінші орынға шығып отыр. Осыдан үш жыл бұрын бесінші сатыда тұрғанбыз. Яғни республикада жыл сайын өз еркімен өлімге бас тігушілер қатары арта түсуде. Әсіресе «қолдан жасалған» өлімнің еліміздің келешегі – жастардың арасында кең таралуы алаңдатады.

Жақында Талдықорғанда өткен баспасөз мәслихатында білім және ғылым министрінің орынбасары Махметғали Сарыбеков жаға ұста­тар­лық дерек айтты. Шығыс Қазақстан облысы елімізде балалардың өз-өзіне қол жұмсауы жөнінен бірінші, жалпы, суицидтің саны жөнінен үшін­ші орында тұр екен. Мұны жергілікті мамандар да жоққа шы­ғармайды. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орта­лы­ғының ақпараттарына қарағанда, өткен жылы аймақта 619 адам өмі­рімен қош айтысқан. Биылғы жағдай да жетісіп тұрған жоқ. Әсіресе шы­ғыста балалар арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары артқан. Олар­дың ақпараттарына сенсек, биылғы он айдың ішінде 60 жасөспірім өмірі­мен қош айтысса, 73 балғын жас өмірлерін қиюға ұмтылған. Бұл көр­сеткіш республика көлемінде де азаймай отыр.

Суицид оқиғаларының барлығы бойын­­ша қылмыстық iстер қозғалған. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлi­метiнше, осы оқиғаларға орай үш мектеп директоры, екi мектеп директорының орын­басары және үш мектеп мұғалiмi жұмыстан босатылған.

Жасөспiрiмдер арасында суицид өршiп тұрған аймақтар:

– Шығыс Қазақстан облысында – 25

– Алматы облысында – 22,

– Қарағанды облысында – 21,

– Оңтүстiк Қазақстан облысында –19,

– Ақмола облысында –18,

– Ақтөбе облысында –18

– Жамбыл облысында –16.

Әр сала мамандары суицид оқиғасы жиiлеуiнiң әртүрлi себептерiн алға тартуда. Суицид себептерiнiң арасында әлеуметтiк жағдай, тиiстi отбасылық және қоғамдық тәрбиенiң жоқтығы, моральдық және физикалық зорлық-зомбылық, дiни ағым­дардың әрекетi, есiрткi қолдану, жоғары сынып оқушыларының төменгi сынып балаларының намысына тиетiн әрекеттер жасауы сияқты жағдайлар бар. Ата-аналар «Алматы облысында екi бiрдей мектеп оқу­шысының өз-өзiне қол салуы мектеп қа­быр­ғасындағы ақша бопсалау салдары­нан орын алды» деген пiкiрде болғаны есiмiзде. Ақтөбе облысында орын алған оқиғада 11-сынып оқушысы ақтық хат қалдырып, онда көршiсiн кiнәласа, 9-сынып­та оқитын жеткiншектiң өмiрмен не себептi қоштас­қаны жұмбақ күйiнде қалып отыр. Ата-аналар болса бұл жағ­дайға мектеп басшылығын кiнәлi деп са­найды. Ал Алматы қаласындағы №152 орта мектепте орын алған суицид оқиға­сына орай пiкiр бiлдiрген мектеп дирек­торының тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Гаухар Тоқбер­гено­ва: «Осы оқиғаларды елге жеткiзiп отырған журналистер кiнәлi», – деп салды. Гаухар ханымның пайым­дауынша, жабулы қазан жабулы күйiнде қалуы керек екен.

Суицидтен қалай құтыламыз? Оның жолдары қандай? Әлде арнайы заң қабыл­дау керек пе?

Мәселен, Англияда осы iндетке қарсы арнайы заң қабылданған. Жапонияда пси­хикасы әлсiз балалармен жұмыс iстейтiн суициодолог деген мамандар бар. Тiптi Еуропада өз-өзiн өлiмге қимақ болған­дарды қылмыскер ретiнде тiркеп, қамауға алып, жазаға тартады екен. Бiз осы жағын ойландық па? Айына-жылына бiр өтетiн конференциялар мен басқосулар елiмiздi жайлаған мәселенi шеше ала ма? Сон­дықтан мемлекеттiң осы мәселеге дұрыстап ден қоятын кезi жеттi деп бiле­мiз.

Мирхат МҰҚАШЕВ, Шығыс Қазақстан облыстық психоневрологиялық диспансерi бас дәрiгерiнiң мiндетiн атқарушы:

– Бүгiнде бiздiң қоғамда өз-өзiне қол жұмсауға қатысты зерттеулер жоқ. Мүлде жүргiзiлмейдi десек те болады. Мұның себептерi мен факторларын анықтау үшiн халықтың әртүрлi топтары арасында психологиялық зерттеулер қажет. Сосын барып тиiстi шешiмдер қабылдағанымыз дұрыс. Менiңше, әлеуметтiк ғылым ғана өз-өзiне қол жұмсау құбылысының себептерiн анықтай алады.
Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бауыржан НЫҒЫЗБЕКҰЛЫ, Өскемен орталық мешiтiнiң наиб имамы:

– Шариғатта Алла тағала берген нығметке қиянат жасау – харам. Қасиеттi Құран Кәрiмде «Өздерiңдi өздерiң өлiмге қимаңдар», яғни өздерiңе қол жұмсамаңдар деп қатаң ескертілген. Қандай жағдайда да сабыр сақтап, Алладан жәрдем тiлеген дұрыс.

Светлана ИВАНЕНКО, Өскемен отбасы және балаларды қорғау орталығының директоры:

– Қоғамды жайлаған бұл дерттен құтылудың бiр-ақ жолы бар. Ол – махаббат. Адамдарда бiр-бiрiне деген мейiрiмдiлiк болуы керек. Мұны бәрiмiз де бiлемiз, бiрақ дұрыс мән бермей жүрмiз.

Бiз кiнәлiнi iздеп те, біреуді кiнәлi деп те отырған жоқпыз. Бiздi «12-де бiр гүлi ашылмай жатып, жасөс­пiрiм­дердiң өз еркiмен өмiрмен қош айты­суының сыры неде?» деген сауал мазалайды. «Мұғалiм­дер кiнәлi, психологтер кiнәлi, ата-аналар кiнәлi, қоғам кiнәлi» деп даурығып, екi-үш ұстазды жұмыстан босат­қанмен, мәселе шешiлмейдi. Сондықтан ұстаздар, дәрiгерлер, қоғам қайраткерлерi, психологтер, дiн өкiлдерi, құқық қорғау органы қызметкерлерi бас қосып, мәсе­ленiң себебiн анықтап, алдын алу шара­ларын қолға алулары керек шығар.
Дерек

Жасөспiрiмдер арасында 2009 жылы 244 суицид оқиғасы тiркелiп, оның 202-сi кiсi өлiмiмен аяқталған болса, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметi бойынша, биылғы жылдың 10 айында республикада кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердiң арасында 340 суицид әрекетi мен оқиғасы тiркелген, оның 211-i өздерiне қол салған. 127 оқиғада суицидтiң себептерi анықталмаған, 19 жағдайда ата-анасымен келiспеушiлiк, тоғызында жауапсыз махаббат, жетеуінде басқа себептер анықталған. 12 жасқа дейiнгi 12 бала, 12-19 жастағы 162 бала өз ерiктерiмен өмiрмен қош айтысқан.
Автор: Азамат ӘБIЛҰЛЫ, Өскемен
Просмотров: 1904 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 3.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz