Мой сайт
Жұма, 20.04.2018, 05:33
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Мамыр » 20 » ЕЛІМІЗДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ ЖӨНІНДЕ
ЕЛІМІЗДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ ЖӨНІНДЕ
18:43
 
 
 Адам денсаулығы оның бүкіл өмір бойына қалыпты және белсенді қызмет етуі үшін маңызды және қажетті шарт болып табылады. Оның бұзылуы өз соңына үйреншікті өмірлік тұрмыс салтындағы, әлеуметтік, кәсіби бейімделудегі өзгерістерге жетелейді, өмірлік жоспарларды түзетуге, өзгертуге мәжбүрлейді, оған қоса дәмелену деңгейін төмендету тұсына қарай ойысады.
 
Денсаулық – бұл өз мәні бойынша күрделі, жүйелі ұғым. Медицина ғылымы дәстүрлі түрде патология, яғни денсаулық жоғалған кездегі жай-күй мәселелерімен айналысып келді, бірақ шипагерлік мақсаты тек емдеу ғана емес, керісінше адамға денсаулық жай-күйін қайтару. Денсаулық проблемалары тек кешенді тұрғыдан келгенде ғана жетіледі. Жақын уақытқа дейін, әсіресе кеңестік кезеңде, медицинада биологиялық тұстан келу басты болды.
 
Психологияның, психиатрияның, психотерапияның, әлеуметтанудың (социологияның) дамуымен, жаңа білімдердің жинақталуымен психоәлеуметтік факторлардың рөлін түсінетін кез келді. ДДСҰ жарғысының преамбуласында (1948) мынадай анықтама берілген: «Денсаулық – бұл дерттердің немесе денелік (физикалық) ақаулардың жоқтығы ғана емес, физикалық, психикалық және әлеуметтік бақуаттылығының жай-күйі».
 
Қазіргі кезде Қазақстанда, сондай-ақ ТМД-ның басқа елдерінде биологиялық медицина концепциясының басымдығы жалғасып кееледі. Емдеу торабы ағзалық-локалдық принцип бойынша құрылған. Емханалар мен ауруханалардағы көмек құрылымы – ағза және оның емі түрінде ұйымдастырылған – окулист, ЛОР, стоматолог, кардиолог, пульмонолог, уролог және с.с. Алайда мұндай жүйе әрқашан ықпалды емес.
 
Соңғы онжылдықтарда соматикалық шағымдармен (ішкі ағзалар кеселдері бойынша) емханалар мен ауруханалардан көмек сұрайтындардың 50%-ке жуығы шын мәнінде практикалық тұрғыда дені сау, тек эмоционалдық жай-күйін түзетуге (коррекциялауға) мұқтаж адамдар екеніне куә бола алатын мол ақпарат көлемі жинақталған. Тұрғындардың науқастылығы мен аурушаңдығының бүгінгі таңдағы өсуі инфекциялық емес дерттердің өсуімен сабақтас, бұл өз кезегінде психикалықтың және соматикалықтың күрделі өзара қатынасына байланысты.
 
Сондай-ақ қазіргі заманғы көптеген аурулардың мультифакторлық этиологиясын және күрделі патогенезді иеленетін дерегін ескеру қажет. Олардың туындауындағы міндетті, көбіне жетекші факторлар психогениялар, психикалық жарақаттар және жеке адамның (индивидтің) тұлғалық ерекшеліктері болып табылады. Мұны түсіну, оған психотерапия қосылған кешенді терапияда ескеру уақыт талабына айналуда.
 
Биологиялық медицинаның басымдығы медициналық ЖОО-дағы оқыту жүйесімен байланысты. Алты жыл оқу кезіндегі уақыттың 97%-і – медицинаның биологиялық аспекттеріне арналған. Тек уақыттың 3%-і ғана психология, психиатрия, психотерапия, этика, деонтология, адам өмірінің әлеуметтік аспекттеріне бөлінген. Егер сынақтарды, алынған білімді бақылау ретінде ескерсек, онда студент-медик барлық оқу жылдарында 50 сынақ тапсырады. Тек соның біреуі ғана адамның психологиялық проблемаларына – психиатрияға арналған. Мұны негізге ала отырып, бақыланатын білім көлемінде бағдарламалардың 2%-і ғана психикалық денсаулық мәселелеріне арналған. Дәрігердің клиникалық ойлауындағы қиғаштық дәл осыдан шығады.
 
В.Т. Кондрашенко және Д.И. Донский (1998) атап өткендей «дәрігерді дайындаудағы мал дәрігерлік тұстан келу» деп аталатыннан арылу, мүмкіндігінше дәрігерлерді кәсіби дайындаудағы тапшылықтың орынын толтыру қажет. Шипагерлік өнері әрқашан холистикалық сипат иеленді және ақылды докторлар өз жұмыстарында психотерапевтік амалдарды қолданды. Науқастардың бәрі дәрігерден тек кәсіби білімді ғана емес, сондай-ақ өздеріне мейірімді және кішіпейіл қатынасты күтеді.
 
Биологиялықтың, психологиялықтың және өмір сүру ортасының ажырамас бірлігін түсіну – бұл науқастарды зерттеудің және ықпалды емдеудің психосоматикалық тәсілі, қазіргі заманғы психосоматикалық медицинаның концепциясы. Әлеуметтік індеттер мен апаттар нашақорлық, АҚТҚ/ЖИТС, лаңкестік, діни экстремизм, ойынқұмарлық, еліміздің әр түрлі өңілеріндегі трагедиялар бүгінгі күннің теріс белгілерінің бірі болып табылады. Жағдайды талдаудағы тұжырымдардың біріне – елімізде психотерапевттер мен психологтардың тапшылығы жатады.
 
Бұдан 15 жылдай бұрын елімізде жүзден аса психотерапевтік кабинет болса, бүгінде 46-ы ғана жұмыс істеп тұр. Европа елінде 10 000 тұрғынға 1 психотерапевт келсе, бұл өлшеммен Қазақстанға 1500 психотерапевт қажет. Біздегі психологиялық және психотерапевтік көмекке мұқтаж жандар емшілерге барады, алайда олардың белгілі бір бөлігі – мұқтаж адамға тек үмітті ғана сатушылар. Психотерапевтер шамасы жетпейтінге уәде бермейді «Мен – Құдаймын! Әулиемін! Бәрін барлық аурудан емдеп, жазамын, өлгендерді тірілтемін» демейді. Дәрігерлердің табиғи ғылымы, материалистік білімі, мәдениеті психотерапевтерге бұлай айтуға ерік бермейді және олар әлеуметтік, экономикалық тұстан ұтылады.
 
Емханаларда жұмыс істейтін психотерапевттер мен психологтар тек емдік жұмыспен ғана емес, сонымен қатар психопрофилактикалық және психогигиеналық шаралармен айналыса алар еді. Осылайша, қоғамдық пікірге және қоғамдық санаға әсер етіп, жеке және қоғамдық саногендік ойлауды, тұлғаның, отбасының және тұтастай қоғамның денсаулығының рөлін нығайтуға ықпал ете алады. Психогигиеналық шараларды тек психотерапевтер мен психологтар құрастырып және жүзеге асыруы тиіс емес. Мұны сондай-ақ педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер және әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер атқаруы керек. Бұл жұмысқа барлық деңгейдегі билік өкілдері, қоғамның әрбір мүшесінің ат салысуы қажет.
 
Президент Дж. Кеннеди 1961 жылы өзінің Конгресске жылма-жылғы Жодауында былай деген болатын: «Құрама Штаттар үшін №1 проблема – бұл ұлттың психикалық денсаулығы». Бұл психикалық денсаулық саласын, тұрғындарға психиатриялық көмекті реформалаудың, қаржыландырудың елеулі артуының бастамасы болды, қоғамның, БАҚ-ның қатысуын белсенді етті. Оған қоса бұл елдің үлкен жетістіктерге қолы жетті. Психотерапевтердің жұмысы орасан зор күш-қуатты талап етеді. Ол хирургтың қуат шығынына шамалас. Хирургтердің Қазақстандағы және Ресейдегі көптеген мамандық өкілдерімен салыстырғанда азырақ өмір сүретіні белгілі. Б.Ельцинге операция жасаған Хьюстондағы медициналық орталықтың белгілі хирургі М.Дебеки 92 жасында жұмыс істеуін, бағасы 100 000 АҚШ доллары тұратын Porsche көлігін жүргізуін жалғастырады, оның әйелі 30 жаста. Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы республика бойынша орташа жалақыдан анағұрлым төмен. АҚШ-да мейірбикелер айына 4000-5000 доллар, ал дәрігерлер 8000-10000 доллар жалақы алады.
 
Тағы бір өзекті мәселе - халық емшілігінің бүгінгі кездегі тарауы. Бұл психосоматикалық кеселдері бар науқастардың саны басым кездегі кәсіби психотерапевтер мен психологтардың жоқтығына берілген жауап. Аталған науқастар емханадағы қабылдауда 30%-тен 50%-ке дейінгі сырқат адамдарды құрайды. Олардағы соматикалық симптомдар мен шағымдар негізінен психогендік факторлардан туындаған кеселдер. Бұл жағдайда психотерапия мен психологиялық түзету аса ықпалды. Емханада көмек ала алмаған ауру адам емшіге, көбіне оның үйіне барады және де көмекті әрқашан еш кедергісіз алғанымен, бірақ әр кезде ол сәтті бола бермейді. Оған қоса қайғылы аяқталған оқиғалар да бер.
 
Мәселенің бір шешімі – бұл өз қабілеттерін тексеруден сәтті өткен емшілерді шаруашылық есептегі емдеу-алдын алу мекемелерінің құрамына енгізіп, психиатрлардың және психотерапевтердің қадағалауымен олардың жұмыстарын оңтайлы ұйымдастыру. Бұл әлеуметтік те, экономикалық та ықпал беріп, емшілік жолымен оңай олжа тауып жүрген алаяқтардың жолын кесіп және шынайы емшілерді сақтаған болар еді.
 
"Сыр психология әлемі" республикалық газетінен
Просмотров: 3913 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz