Мой сайт
Сенбі, 21.07.2018, 05:16
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Мамыр » 20 » МЕКТЕПТЕГІ ГИПЕРБЕЛСЕНДІ БАЛА
МЕКТЕПТЕГІ ГИПЕРБЕЛСЕНДІ БАЛА
19:22
 
 
Көбіне сабақ үлгірімі де онша емес, өз сыныбындағы сотқар әрбір адамның есінде шығар. Алайда қазір бұл педагогикалық кеңес пен ата-ана жиналысының жалғыз және жетекші тақырыптардың біріне айналды. Балалардағы мұндай мінез-құлық латыншадан аударғандағы «шектен тыс әрекет» дегенді білдіретін гипербелсенділік сөзімен белгіленеді.
 
Гипербелсенділікті өсіп келе жатқан оқушының әдеттегі белсенділігімен шатастыруға болмайды. Бағалау жеңілдеу болу үшін бұл түсініктер арасындағы бірнеше айқын ерекшеліктерді келтіреміз. Сабақта гипербелсенді бала жәй ғана бір орында отыра алмайды, әсіресе ол партада жалғыз өзі болса, орындықтан орындыққа секіреді, қасында отырған сыныптастарын жұлқиды, партада жатқан заттарды лақтырады.
 
Мұндай кезде белсенді бала жәй ғана өзімен ойы сәйкестермен әңгімелесумен және ойнаумен шектеледі. Үзіліс кезінде біздің «пысығымыз» (гипербелсенді баланы осылай атайтын боламыз) мектеп дәлізінде өз жолындағы ештеңені және ешкімді көрмей құйындай ұшып жүгіре бастайды. Асханадағы таңғы аста әдеттегі оқушы стол үстінде шыркөбелек айналып, тамақпен ойнайды, бірақ егер өз басына қарата айтылған ескертуді есіткенде, бірден тынышталады. Ал «пысық» болса тіпті өзіне бейтаныс ересек адамдардың ескертуін құлаққа ілмейді, соңынан біреу қуып келе жатқандай, тамақты шайнамай жұтып, асығыс жей бастайды. Бұл мектеп өмірінің үлкен тізімінің аздаған айырмашылықтары.
 
 
Гипербелсенді балалардың өз сыныптастарымен қатынасында да бәрі ойдағыдай емес. Көбіне олар барынша ызақор және озбыр, демек оларға ұжымның толық құқықты мүшесі болу мейлінше қиын. Өздеріндегі шектен тыс озбырлығына байланысты мұндай балаларда айналасындағылармен, оның ішінде өз сыныптастарымен дау-жанжал жиі туындайды, бұл баланы сыныпта жалғыз және аластатылған күйде қалдырады.
 
Дегенмен көбісінің интеллект деңгейі орташадан жоғары болғанымен олардың оқуы да қиындықпен келеді. Қандай да бір есепті шығарғанда «пысықтың» зейіні ұзаққа жетпейді, одан соң ол шаршайды және тапсырманы аяқтамай басқа бірдемеге ауысады. Ол жазуды тез жазады, бұл оған ең шаршататын шаруаның бірі, жазуы үзік-үзік, әріптер арасындағы күрт өту бар, бірақ бұдан ерекшелік те болады. Оның мектептегі сүйікті сабағы көбіне дене шынықтыру – бұл өзінің бойындағы қуатты аздап болса да сыртқа шығарудың жақсы мүмкіндігі.
 
Гипербелсенділік туу кезінде алынған жарақат немесе емшек ему жасында туындаған проблема тигізген зардап салдары. Туу жарақаты деп не түсініледі? Жарақаттың кесар тілігінің салдары болуы немесе туу кезіндегі асқыну, атап айтқанда нәрестенің тұншығу нәтижесінде пайда болуы ықтимал. Бірақ мұндай жағдайда дүниеге келген барлық балалардың гипербелсенділіктен жапа шегеді деп пайымдау қателесу болар еді.
 
Сонымен жоғарыда айтылғандардың бәрін есте ұстай отырып, гипербелсенді бала бұл оқытушылардың да, сондай-ақ оның ата-аналарының да проблемасы деген тұжырымға келуге болады. Бірақ оны қалай шешу, сондай-ақ ең бастысы зиян келтірмей, оның шешімін қалай табу қажет?
 
Гипербелсенділікті жою үшін педагогтарға да, баланың ата-аналарының өзіне де зор күш жұмсауға тура келеді. Бұл жағдайдағы бірнеше кеңес тізбесін келтіруге болады. Бастауыш мектеп оқушысы әрекетінің маңызды түрлерінің бірі ойын болып табылатыны бәріне белгілі, демек, бала қозғалысы көп ойындарды рахаттана ойнайтын болады. Мұның саяхаттау, қыдыруға бару болуы мүмкін, осылайша оның гипербелсенділігі шығындалады.
 
Мұндай балаларға айқайлауға немесе ұрысуға өзіңізге ерік бермеңіз, өйткені ол мұндай мінез-құлық себебіне кінәлі емес, бұл тек оның тұйықталуына және өзін қор санауға жетелейді. Дәрігерге мұндай проблемамен баруға қымсынбаңыз. Емдеуді кейінге қалдырмаңыз, өйткені баладағы дәл осы кезеңде аталған проблемадан арылуға мол мүмкіндік бар.
 
"Сыр психология әлемі" газетінен
Просмотров: 4313 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.7/3 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz