Мой сайт
Сейсенбі, 16.10.2018, 20:35
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2010 » Маусым » 28 » Назар аударту
Назар аударту
17:45

Өзіңізді толғандыратын проблемаға басқалардың назарын аударту үшін не істеу қажет? Осыған байланысты бірнеше кеңес.
1. Проблеманың өзін мүмкіндігіңізше баяндау. Есіңізде болсын: сіз мәселені түсіндіріп отырған адамға бұл проблема белгісіз немесе бұл тақырыпта оның хабары аз болуы мүмкін. Одан да сол адам «мүлдем ештеңе білмейді» тұрғысынан ойланыңыз. Сізге соншалықты жақын болып кеткен проблема адресатыңыз үшін мүлдем белгісіз болуы ықтимал.
2. Фактілерге сүйеніп сөйлеңіз. Мүмкіндігіңізше, эмоцияларды алып тастаңыз. Эмоциялар тым көп болатын болса, адресатыңыз бірінші кезекте фактілерді емес, эмоцияларды «оқиды». Және осыдан кейін тақырыпты түсіне ме, белгісіз.
3. Маңызды фактілерді екінші кезектегі фактілерден бөліп алыңыз. Алғашқы хабарландырудағы детальдар басты тақырыптан алыстатуы мүмкін.
4. Қай факт маңыздырақ екенін түсіну үшін не істеу қажет? Ол үшін журналистикада бұрыннан келе жатқан алты сұрақ бар:
– Кім?
– Не?
– Қайда?
– Қашан?
– Неге?
– Қалай?
Осы сұрақтарға жауап беріп көріңіз, кейін мәтініңізде тек ең маңызды фактілер ғана қалады.
5. Құрметпен қараңыз. Адресатыңыз сізге оның тек жағымды реакциясы маңызды екенін түсінсін. Есіңізде болсын: жағымсыз эмоциялар ешқандай мақсатқа жеткізбейді және жағымсыз әсер қалдырады, сол себепті жағымсыз жауаптар да тудырады.
6. Негізгі фактілер айтылғаннан кейін, әңгімелесушіге өзіңіздің проблемаңыз маңызды және ол оны шешуге көмектесе алатыны жайында айтыңыз. Дәл осы кезде сіздің бағаңыз өте маңызды болып қалуы мүмкін.
7. Мәтінді тым ұзақ жасамаңыз. Бірақ оның қысқа да болмауы керек. Интернет үшін оның оптималді ұзақтығы – 3-4 абзац болуы керек.

* * *
Жалпы, жоғарыда айтылғанның барлығы да – пиардың негізгі ережелері. Олар жаңалықтық емес, журналистік мәтіндер жазу үшін де жарап тұр. Бұл ережелерде кереметтей түк жоқ. Бірақ блогосферадағы пиар мен журналист мамадықтарына еш қатысы жоқ адамдар үшін қажет болуы
мүмкін.
 
http://www.minber.kz/ сайтынан
Просмотров: 1177 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz