Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 05:49
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Мамыр » 20 » НЕВРАСТЕНИЯ
НЕВРАСТЕНИЯ
18:37
 
 
Неврастения – бұл ызаланулы әлсіздікпен, жоғары титықтаумен, вегетативтік нерв жүйесі қызметтерінің бұзылуымен бірге жоғары қозумен қосарлана сипатталатын невроз. Неврастенияның симптоматологиясы алуан түрлі. Жиі симптомы тәулік соңына қарай пайда болатын диффузды бас ауруы болып табылады.
 
Мұнда адамның басына ауыр құлақшын киілгендей бастың қысылу сезімінің болуы мүмкін («неврастеник дуылғасы»). Бас айналуы ықтимал, бірақ шарт бойынша мұнда қоршаған заттардың айналу сезімі туындамайды. Жүрек соғуы, жүрек тұсының сығылуы немесе шаншу сезімдері тән, сырқат тез қызарады және бозарады.
 
Бұл өзгерістер кез келген толқу кезінде және тіпті қызу әңгімелесуде туындайды (жүрек соғуы пайда болады, тамыр соғысы жиілейді, қан қысымы көтеріледі). Кейде тәбет нашарлауына, төс түбі аумағындағы қысымға, асқазан қыжылына, кекіруге, іш кебуіне, іш қатуына, себепсіз іш өтуіне және басқа диспепсиялық құбылыстарға шағымдар болады.
 
Неврастенияның маңызды симптомы поллакиурия (зәр шығаруға жиірек шақыру) болып табылады, ол толқу кезінде күшейеді, және керісінше тыныш жай-күйде азаяды немесе толығымен жоғалады. Жыныстық әуестіктің төмендеуі жиі байқалады. Ұрықты уақытынан ерте босату тән, бұл шаршау, діңкәлау, қанағаттанбау сезімін қалдырып, жыныс актісінің тез аяқталуына жетелейді.
 
Несеп-жыныс аумағындағы бұзылыстар ипохондриялық синдромның дамуына негіз болады. Ұйқының бұзылуы – неврастенияның басты симптомдарының бірі: сырқат қиналып ұйқыға кетеді, жиі оянады, ұйқысы ұзаққа созылмайды. Ұйқыдан тұрғанда өзін тыныққандай сезінбейді, делсалдық байқалады. Ұйқы басудың болуы мүмкін.
 
Жаңғалақтыққа, зейіннің тұрақсыздығына байланысты есте сақтау үрдісі қиындайды, кейде сырқаттар жадының осалдығына шағымданады. Неврастенияның маңызды белгісі – жұмыс қабілетінің төмендеуі. Әдетте жұмыс үрдісінде науқастарда шаршау, әлсіздік, зейіннің төмендеу сезімі тез туындайды, соған байланысты еңбек өнімділігі азаяды. Жоғары ызақорлық кез келген тұтқиылдан шыққан қатты дыбысқа селк етумен немесе тіпті айқайлаумен білінеді.
 
Науқастар әрбір болмашы нәрсені уайымдайды, елеусіз оқиғаға бола күйзеледі. Көбісінде ызалану қызбалықпен, ашулану, ыза кернеу ұшқынымен қосарлана жүреді. Көңіл-күйі аса тұрақсыз. Әрбір түкке тұрғысыз сәтсіздік ауру адамды тепе-теңдік күйінен ауытқытады.
 
Тексеру кезінде сіңірлік және периосталдық рефлекстердің тірілуі, алға созылған қолдар мен қабақтардың дірілдеуі, анық білінген дермографизм, гипергидроз (әсіресе алақанның тершеңдігі), арта түскен пиломоторлық рефлекс, тахикардия анықталады.
 
Неврастенияның гиперстеникалық (қозулы) және гипостеникалық (тежемді) екі түрі ажыратылады. Алғашқысы кеселдің классикалық симптомдарымен білінеді, ал екіншісінде жалпы әлсіздік, болбырлық, ұйқы басу байқалады; сіңірлік және периосталдық рефлекстердің төмендеуі мүмкін. Неврастенияның созылмалы ағымға бейімділігі байқалады, дегенмен бұл невроздардың арасындағы прогностикалық тұрғыдағы барынша жайлы кесел.
 
Бақытгүл Тоқшылыққызы КЕРІМҚҰЛОВА,
Қызылорда облыстық психо-неврологиялық аурухана,
№3 невроздар бөлімшесінің меңгерушісі, психиатр дәрігер
 
"Сыр психология әлемі" республикалық газетінен
Просмотров: 2037 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz