Мой сайт
Жұма, 20.04.2018, 05:44
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2009 » Қараша » 16 » Полиэтникалық орта жағдайындағы тұлғаның этникалық сенімінің тасымалдануы
Полиэтникалық орта жағдайындағы тұлғаның этникалық сенімінің тасымалдануы
19:22
 
Қазақ Республикасындағы этникааралық қатынастарды тиімдендіру процесінде этникалық сенімдер психологиялық феномені мәселелерін ғылыми зерттеу жэне оларды шешудің тиімді жолдарын табу маңызды.
Осы зерттеудің нәтижелері сондай ақ бірқатар шетелдік және ресейлік дерек көэдері этникалық сенімдері этникааралық антипатияның бастапқы формаларының әлеуметтік перцептива индикаторы ретінде қарастыруға мумкіндік береді .
Оған іс әрекетінің қарым қатынастан қашқақтау және өмірдің белгілі бір салаларында этникааралық байланыстардан бұғып қалу сияқты формалары сәйкес келеді . Бұл құндылықтық бағыт ұстанудың этникалық мазмұнын көрсетуші оларға тәуелді және этникалық қалыптасқан пікірмен салыстырғанда сенім біршама әлеуметтік тұрпатта айтарлықтай дәрежеде нақты қоғамдық тарихи ахуалға баиланысты болады . Бұл феноменнің статикалық емес динамикалық тузімінде болуы этникалық сенімдерді зерттеудегі негізгі болып табылады .
Мәселені теориялық мағаналау негізіне тұлғаның мәндік қалыптасуының көпденгейлі қурылуы туралы т үсінік қойылды . Тұлғаның қалыптасуы және дамуы мәндік құрылымның жалпы қорлары арқылы журеді. Тұлға мәндік құрылымдардың жүиесі ретінде адамның әртурлі ортақ мәндік қурылымның игеруі барысында қалыптасады . Сөитіп оның субьект –субьектілік кеңістіктегі өзара қарымқатынасымен ілесе жүреді . Мәндік қурылымдардың мазмұны субьект –субьектілік кеңістіктің әртүрлі сипатымен анықталады. Сондай ақ айырықша ерекшеліктерде көрініс бере отырып индивидттердің этникааралық өзара әрекеттерінің қүрылымымен анықталады .
Сонғысы нақты этникалық қауымдастықтық қоршаған шындыққа деген көзқарастарының ортақтығының субьективті көрінісін береді . Ортақ көзқарастары олардың әрекетінің сыртқы ұқсастығының көрсетіп этникалық етенелесу процессін анықтайды Өз кезегінде этникалық етенелесу тіршілік көрінісінің бір формасы бола отырып тұлға әлемінің этникалық беинесінің басқарушы әсерінде қалады .
Әсіресе оқу процессін ұйымдастыру жағдайындағы тұлға әлемінің этникалық беинесін ескеру өзекті бола түседі . Ол басқа қасиеттерімен қатар оқушылардың бірлескен танымдық әрекеттерінің қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай ықпал етеді
Бірлескен танымдық әрекет жағдаиындағы өзараәрекеттесүші және оқушы тұлғалардың этникалық ерекшеліктерінің көрініс берүі кобінесі ақпараттың негізгі қорының субьективтімәндік мазмұнына негізделген .
С . М . Жақыпов қалыптастырған гипотезаның анамезі оқушылардың моноэтникалық және полиэтникалық оқу топтарындағы бірлескен танымдық әректтерінің нәтижелілігі этникалық етенелесу процесінің мазмұны әртүрлі болғандықтай айтарлықтай ерекшеленіп тұрады деп болжауға мүмкіндік береді .
Біздің тәжірибеміздің мақсаты моно-және полиэтникалық оқу тобында білім алатын Шымкент қаласының қазақ және орыс этносының студент жастарындағы этникалық сенімдердін анықтау болатын . Этникалық сенімдердің динамикасы және бағыттылығы С М Жақыповтың авторлық әдістемесінің көмегімен зерттеледі қосымша Э Богардустың әлеуметтік ара қашықтықты зерттеу әдістемесі пайдаланады.
Зерттеу мақсатына сәйкес келесі гипотезалар қалыптастырылады 1 Танымдық әрекет процессіндегі студент жастардың этникалық сенімдерінің бағыттылығы мендинамикасы көрініс берудің ұлттық ерекшеліктеріне ие және тұлғаның әлеуметтенүінің этникалық факторларына негізделген . Орыс және қазақ этносының студент жастарындағы этникалық сенімдердің қалыптасу процессінде гендерлік айырмашылықтар болады.
Зерттеулеріміздің мақсатымен гипотезасына сәикес зерттеудің міндеті келесідегідей түрде нақтылана түседі 1 Танымдық әрекет процесінде ереже ретінде студент жоспарындағы этникалық сенімді анықтау . 2 Зерттелініп жатқан этникалық топтардағы этникалық сенімдердің тасымалдануының ерекшелігі мен динамикасын анықтау. 3 Орыс және қазақ этностарының студент жастарының этникалық сенімдерінің қалыптасуындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеу.
Біздің зерттеуіміздің респонденттері ретінде НОО-да экономикалық тарих психология факультеттерінде орыс және қазақ бөлімінде оқитын 402 орыс және қазақ ұлтының студенттері қатысты . НОО М. Әуезов атындағы ОҚМУ қазіргі заманғы Гуманитарлық Академияның Қазақ-Ресей институтының Балтикалық Мемлекеттік Техникалық Университетінің Шымкенттегі филиалдары .
Орыс КП және қазақ КМ тілінде оқытатын топтардан қазақ ұлтының 240 респонденті және 96-орыс ұлтының РМ РП 66 басқа ұлттың респонденттері қатысты. Сонғы респонденттердің зерттеу хаттамалары зерттеуде талданған жоқ . Зерттеуге 223 қыз 179 ұл қатысты .
С . М. Жақыповтың әдістемесі зерттелінетіндерге арналған шкалалау базасында қарама-қарсытұлғалық орталып қуралған 15 биполярлық шкала бойынша семонтикалық дифференциалды құруды қарастырады . Тұлғалық сапалар үш мәнді параметір бойынша жіктеледі Процессте +- Зияткерлік +- физикалық +- моральды М тәжрибелік мәліметтерді өңдеу респонденттердің оң және кері жауптарының пайыздық сәйкестігі шығарылды студент жастардағы ЭП орта этникалық сенімдердің көрінісінің ортаарифметикалық мәні шығарылды сондай ақ этникалық сенімдердің бағыттылығын сипаттайтын этникалық коэффиценті анықталды.

1Кесте Моноэтникалық топтардың орыс және қазақ КМ этносының студент жастарының этникалық сенімінің өзгеру динамикасы

1 кестеде этникалық сенімдердің бағыттылығының коэфиценттерінің ортатоптық мәні көрсетілген коэфицент -1ден +1ге дейінгі шенберде өзгереді оның мәні +1ге қаншалықты жақын болса пікір де соншалықты оң коэфицент мәні -1ге қаншалықты жақын болса этникалық сенімінің көрінісі де соншалықты кері. Моноэтникалық оқу тобында білім алатын орыстар мен қазақтардың үш фактор бойынша да этнобайланыстық топтарды қабылдаудағы оң бағалауы тенденциясының төмендегінің кесте мәліметтері көрсетіп отыр . ОМ және ҚМ . Оның үстіне орыстарда ОМ физикалық параметір сапасы бойынша этникалық сенімдердің көрінісі тіркелген ҚМ-да зияткерлік фактор бойынша . Моноэтникалы0 топта5ы орыстар өздері пікірайтыпотырған этникалық топтардың зияткерлік сапапасын бағалауда қиналады .
Коммуникативтік және интерактивтік этникааралық өзараәрекеттеуде тәжрибесі үлкен полиэтникалық топтар студенттерінің этникалық сенімдері өзгерісінің динамикасының анализі үш параметр бойынша ҚП және ОП-ларда оң көзқарастың тенденциясының бағыты кері екенін көрсетіп отыр.
2 Кесте Полиэтникалық топтардың орыс ОП және қазақ этностарының ҚП студент жастарынын 1және 4 курстар этникалық сенімдерінің өзгеру динамикасы .

Респондент жігіттер мен қыздардың этникалық сенімдерінің бағыты көрсеткіштеріне жасалған салыстырмалы талдау келесі заңдылықтарды анықтады ОМ жігіттер ОМ қыздарға қарағанда қазақтың типтік бейнесін қабылдауда біршама сыни турғыда физикалық және зияткерлік фактор бойынша кері этникалық сенімдердің диагностикалық көрсеткіші айтарлықтай көрінген
Осыған ұқсас тенденция Қ М қыздары мен жігіттеріне тән диагностикалық коэфицент 0,19 және 0,49ға тең бұл жердегі айырмашылық сол кері этникалық сенім ҚМ қыздары мен жігіттерінде анықталмаған .
Полиэтникалық топтарда білім алатын орыс қыздары үшін , орыс жігіттеріне қарағанда қазақ бейнесін эмоциялық қабылдаудыңбіршама сыни бағалауы тән . Полиэтникалық топтардағы қазақ қыздар ҚП жігіттермен салыстырғанда ҚП орыстың итптік бейнесін біршама оң бағалайды .
Э . Богордустың әдістемесі бойынша зертелініп жатқан этикалық топ өкілдерінің әлеуметтік ара-қашықтығы зерттеу барысында алынған мәліметтерді қосымша ұсынамыз. Бұлда жоғарыда көрсетілген тенденцияны растайды. Байқайық ортатоптық көрсеткіш қаншалықты төмен болса , халықтың басқа халықтан аластау бағасын туындататын талпынысы соншалықты жоғары. Әлеуметтік дистанция Орыстардың бағалауыҚазақтардың бағалауы
ОМРПКМКП
12 (57%)14(67%}13(62%)16(76%)
Толығымен алғанда , жүргізілген зерттеу келесі тужырымдарды жасауға мүмкіндік береді .

1. Бірлескен танымдық әрекет процесінде орыс және қазақ этностарының студент жастарында этникалық сенімдердің тасымалдануы орын алады.
2. Танымдық әрекет процессінде моноэтникалық топтардың студенттерінде көбею жағына қарай кері этникалық сенімдердің өзгерісі жүреді, ол оң этникалық сенімдер азаю жағына қарай жүреді. Полиэтникалық топ студенттерінде танымдық әрекет процессінде кері этникалық сенімдердің өзгеруі азаю жағына қарай , ал оң этникалық сенімдер көбею жағына қарай жүреді.
3. Этникалық сенімдерінің бағытталуы мен динамикасында орыс және қазақ этностарының студент жастсрының социо-мәдени ерекшеліктеріне негізделген гендерлік айырмашылықтар болады.
4. Полиэтникалық топтарда бірлескен танымдық әрекет процессінде этникалық фактор төмендеиді орыс және қазақ этностары студенттерінің өзарақабылдауының әрекеттік факторы маңыздана түседі.
5. Жоғарыда аталғандар былай деуге негіз болады, егер этникалық сенімдер этникааралық өзара қарым –қатынас процессінде қалыптасатын болса, онда этникалық сенімдердің өзгеруі индевидттердің әртүрлі ортақ мәндік қурылымдары ретімен игеру нәтижесінде болады.
Әдебиеттер
1. Джакупов С. М. Психологическая структура процесса обучения. – Алматы: Қазақ университеті, 2004.-312с.
2 Джакупов С. М. Экспериментальные исследования этнопсихологических особенностей личности / Вестник Каз НУ. Серия психологии и социологии. 2002.—2(9)
-С.5-11.
. 3. Этническая картина мира иее влияние на эффективность позновательной деятельности / Проблемы и переспективы педагогического образования в современных условиях . Материалы международной научной конференции. Т. З.Бишкек,1997.-С. 75-79.
4 Джакупов С.М. Развитие экспериментальной этнопсихологии в Казахстане ВестникКазНУ , серия психологии и социологии.-2(13)-20047-C75-11.
5 Джакупов С. М. Психологическая структура процесса обучения. Алматы. Изд-во КазНУ, 2004-320с.
6. Нельсон Т. Психология предубеждений. Секреты шаблонов мышления , восприятия и поведения.СПб.,2003.-384с.
7. Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности.-М.Смысл,1998-С.165-194


Негізі: Шоманбаева А.О.,10 там 2008
http://www.eippp.kz/ сайтынан
Просмотров: 2682 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz