Мой сайт
Сейсенбі, 16.10.2018, 19:29
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2010 » Шілде » 30 » Психикалық қауіпсіздігіміз қандай?
Психикалық қауіпсіздігіміз қандай?
17:47


Өмірдің тауқыметін сезініп, қиын кезеңдерді бастан өткізіп жатқан адамдардың барар жері, басар тауы қалмаған соң, зәулім ғимараттардың үстіне шығып алып, «өлемін» деп қорқытатыны бар. Осындай сәттерде ғимараттың астыңғы жағынан «өлмеші» деп өтініп тұратын қоғам болса, бұл да бір көңілге медеу екен ғой.
«Мемлекеттің ең қымбат капиталы – адам» деген қағиданы шынайы ұстанған жағдайда, жеке адамның да, бүтін қоғамның да қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндетіне айналады. Мұндай қоғамның әрбір мүшесі өзін қауіпсіз сезінеді.
Ал егер тұрғындар Әуезов суреттеген «Қорғансыздың күніндегі» кейіпкерлердің қараң күйін кешетін болса, мұндай қоғамның сүрген өмірі де бекер болар еді.
Сонымен, «Қазақстан қоғамының психикалық қауіпсіздігі қандай?», «Тұрғындар өздерін қауіпсіз сезіне ме?» деген сұрақтарға анықтама іздеп көрейік. Азаматтардың жүйке жүйесі мен психикалық болмысын тоздырып жатқан факторлар аз емес. Біріншіден, физикалық-құқықтық, яғни тән қауіпсіздігін алайық. Мұны республикадағы қылмыс көрсеткіштерінің көлеміне қарай салмақтасақ, көңіл көншітерлік нәтижеге жолықпаймыз.
 
100 мың адам басына шаққандағы бас бостандығынан айырылғандардың саны жағынан Қазақстан АҚШ пен Ресейден кейінгі алғашқы бестікке кіреді. Қылмыс болғанда да жасөспірімдер арасындағы кісі тонау, қарақшылық және төбелес көрсеткіштері түрлі рекордтардың түбін түсіреді. Қысқасы, бұл жағынан алаңдаудың жөні бар. Көше бойындағы жасалатын қарақшылықты есепке алмағанда, ата-аналардың ұлдарын әскерге жібергісі келмеуінің де себебі олардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпке байланысты.
Бұдан бөлек, өзге шетелдерде «әскери қауіпсіздік» мәселесі де халықтың ой-санасы үшін маңызды рөл атқарады. Ал Қазақстан тұрғындары бұл мәселені аса да қаперге ала бермейді. Мұны, бір жағынан, жергілікті биліктің бейбіт саясатының жемісі ретінде бағалауға болады.
Экономикалық қауіпсіздік мәселесінде де түйткілдер аз емес. Адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын реттеуіне танымдық қалдықтар кедергі келтіріп жатыр.
 
Халықтың бір бөлігі әлі де социалистік қоғамда өмір сүріп жүргендей күй кешуде. Яғни кеңестік заманның стереотиптерінен арылып, заманға бейімделу процесі толық аяқталған жоқ. Ауыл халқы орта деңгейлі тұрмыстық жағдайда өмір сүру үшін қай кәсіптің құлағынан ұстау қажеттігін түсіне алмай әлек. Бұл күймен ғылым-білім, мәдениет саласында жүрген мамандар да жақсы таныс. Сананы тұрмыс билемесе де, тұрмыстық жағдайдың адам психикасына әсер етпей қоймайтыны анық.
 
Оның үстіне, ел аузында жүрген «халықтың ақшасын шенеуніктер жеп жатыр» дегендей, таралуы жылдам келетін алыпқашпа әңгімелер халықтың психикалық келбетіне экономикалық шығыннан гөрі көбірек әсер етіп жатқан сияқты. Санамалай бастасақ, қоғам психикасын тоздыруға себеп болатын бұдан да басқа факторлардың сан түрін келтіре беруге болады.
 
Мысалы, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ешбір таусылмайтын кезектерден бастап, іс-қағаз реттеудегі бюрократия, қала ішіндегі көлік кептелістері, баспасөз құралдары сәт сайын құлақтандыратын әлемдегі қанды қақтығыстар, қала берді, жол-жөнекей күтіп алып, уағызын бастап кеп жіберетін түрлі секта өкілдеріне дейін қоғам өкілдерінің психикасын агрессивті сарынға аударып жібереді. Осындай әр бұрышта орын алып жатқан, бір қарағанда ұсақ болып көрінетін жүйкені күйзелтуші себептердің өзі кейде мемлекеттің келбетін құрап шығады. Мысалы, кеше ғана өздерінің қанқұмарлығымен әлемді таңғалдырған қырғыз халқы бір күн ішінде өзгеріп салған жоқ қой. Түптеп келгенде, құндылықтары бірдей болып есептелетін қазақтың жақын туысы.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, адам бойындағы психикалық қауіп баз біреуге сенімсіздік пайда болғанда туылады. Отбасы мүшелерінің бір-біріне сенімін жоғалтқанда шаңырақтың құлауға бет алатыны секілді, мемлекеттің де іргесі берік сақталуы үшін «сенім» категориясы аса маңызды рөл атқарады. Адам мен адамның, билік пен халықтың, ұлт пен ұлттың, тіпті әлемдік қауымдастықтың өзара қарым-қатынасын ең тиімді жолмен реттей алатын осы «Сенім» тақырыбына АҚШ-тың психолог, саясаттанушы ғалымы Фрэнсис Фукуямоның кітап арнауы да тегін емес.
 
Халықтың билікке сенімі берік болған жағдайда мемлекеттің басына төнген өтпелі қиындықтар мен уақытша дағдарыстар оның шаңырағын шайқалта алмайды. Дәл қазіргі жағдайда қазақстандықтардың Мемлекет басшысына деген сенімінің молдығы біздің қоғамдағы жағдайдың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етіп отыр. Дегенмен ол бүтіндей билік құрылымына қатысты емес болуы мүмкін.
 
Мәселен, бірқатар зерттеу орталықтарының сауалнамалары қазақстандықтардың сот және құқық қорғау органдарының әділдігі мен объективтілігіне күмән келтірушілердің шамадан тыс көп екенін көрсетеді. Соңғы жылдары ІІМ-нің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Менің полицейім» деген секілді көптеген шаралардың тиімділігіне күмән келтіруге болады. Адамдардың көпшілігі «Басыма іс түскенде полиция мені қорғайды деп емес, керісінше, полицейден қорғану керек, әйтпесе басыңа іс түсіреді» деген ережемен өмір сүреді.
Марат ШИБҰТОВ, саясаттанушы:
– Әлем бойынша өзіне қол жұмсаушылардың саны жағынан Қазақстан алғашқы бестікке кіреді, әр жылы шамамен 4 мың адам жоғалтамыз. Суицид көрсеткіштері ел тұрғындарының психикалық болмысының келбетін көрсететінін ескерсек, бұл мәселе бойынша жағдайымыздың мәз емес екені көрінеді. Оған себеп болып жатқан факторлар өте көп. Тіпті күнделікті қарапайым тіршілікте біз қаншама рет күйзеліп, өзіміз біреулерді ашуландырамыз. Меніңше, оны реттеу үшін қоғамның, оның әрбір мүшесінің философиясы тәрбиеленуі керек.
Сергей ГРИСЮК, ғылыми-ағартушылық «Аспандау» қорының төрағасы, психолог:
– Меніңше, мынадай ақпараттық тасқын белең алған заманда қоғамның психикасын бақылау, реттеу мүмкін емес. БАҚ құралдары мен интернет арқылы сан құбылған халықтың санасының өзі қауіпті. Мұның арты неге апарып соғатыны белгісіз. Дегенмен әлемнің әр түкпірінде жүргізілген зерттеулерден түйгеніміз – адамдардың психикалық санасының көрсеткіштері халықтардың құндылықтарына байланысты болып келеді екен. Қазіргі заманның құндылықтарының тез өзгеретіні сонша – адамдар оның мән-мағынасын түсініп те үлгермейді. Сондықтан қоғам мүшелерінің санасы жайында бір ғана нәрсе айтар едім: индивидуалистік сана билеген қоғамда еш уақытта қауіп сейілмейді.
Түйін
Батыс мемлекеттері өздерінің көзге еленбес бір мүшесі сыртта жүріп қиын жағдайға түсіп қалғанда, тайлы-таяғына дейін өре түрегеліп, БАҚ беттеріне де шу көтеріп, қажет болған жағдайда мемлекет басшысына дейін араласып кетіп жатады. Байқасаңыз, соңғы кездері Ресейдің ірі саясаткерлері шетелдегі қандастарының нәресте дауына дейін араласып, осы тақырыпта дүркін-дүркін мәлімдеме жасап жүр. Мұндай қадамдардың ар жағында «Біздің қоғамның әрбір мүшесі біз үшін қымбат» деген жанашыр ұран жатыр. Осының барлығы ел тұрғындарының билікке деген сенімін ұлғайтып, өздерін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.

Сәкен Көкенов
http://www.alashainasy.kz/
Просмотров: 1537 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Шілде 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz