Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 20:39
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2010 » Шілде » 31 » Сәбидің санасын улайтын ойыншықтар
Сәбидің санасын улайтын ойыншықтар
19:58


Қазір қай базарға бас сұқсаң да, балаларға базарлық көп. Әсіресе, самсаған ойыншықтар көздің жауын алады. Үлкені де, кішісі де, сүйкімдісі де, сұрықсызы да, қаттысы да, жұмсағы да бар. Бала түгіл, ересектердің өзі осы ойыншықтарға қарап, өзінің есейіп кеткеніне өкініп қала ма дерсің.
Ал осы ойыншықтардың дені – шетелдің мультфильмдері мен қиял-ғажайып киноларының кейіпкерлері. Үлкендер біле бермеуі мүмкін, бірақ тілі әлі шығып болмаған баланың өзі Шрэк пен Спандж Бопты жазбай таниды. Мультфильмдегі кейіпкерлерді түннің бір уағында оятып сұрасаң да, атын жаңылыспай айтып беруі мүмкін. Сол кейіпкер-ойыншықтардың біздің бүлдіршіндердің санасын улап жатқаны – өз алдына бір әңгіме, ал ағзасына қалай әсер етіп жатыр? Психологтардың айтуынша, бұл сапасыз ойыншықтар сәбилердi рухани тұрғыда мүгедек етеді. Ал отандық тауар өндірушілердің сапалы ойыншық шығаруға шамасы жоқ.

Бірде жолымыз түсіп, қараша халық «бархолка» атап кеткен қара базарға бара қалдық. Киім-кешек, шүберек пен шылғауға дейін сататын базардың екі қатары түгелімен – ойыншық базары. Сол жерде ілуде бір кездесіп қалатын, шыбықтан жасалған алақандай ғана домбыра мен тайдың тұяғындай ғана киіз үй – біздің елдің «шеберлері» жасаған заттар. Оның өзі баланың ойыншығы емес, сәндік бұйым іспетті. Ал өзгесі түгелімен – Қытайдың ойыншықтары. Ойыншықтар қатарына кірген бойда жағымсыз күлімсі иіс қолқаңды қауып, тынысыңды тарылтады. Кез келген контейнердің алдына тұра қалсаңыз, сау­дагерлер ойыншықтарын сапырып алып кетеді. Қоразын шақыртып, итін үргізіп, аттарын кісінетіп, автоматымен айналасын атқылап, көліктерін тұтандырып, сан түрлі бетперделерiн бірінен кейін бірін киіп, ит әлекке түседі де қалады.
 
 
Сондайлардың біріне жақындадық. Ол да үйреншікті әдетінен бір жаңылмастан, дауысты-дауыссыз кейіпкер ойыншықтарының бірінен соң бірін ұсына берді.
– Қане, қайсысы керек? Ер балаға ма, қызға ма? Өрмекшi-адам, трансформер, Шрек, вампир-қанiшер. Қыз болса, Барбидің де бірнеше түрі бар.
Вампир-қанішер дегенді естігенде, кішкентай бала тұрмақ, өзіміз шошып кеттік. Ұсқынсыз құбыжыққа көп көз тоқтата алмай, басқа бірдеңе іздеген болдық.
– Ойыншыққа бұл аттарды өздеріңіз қойдыңыздар ма?
– Жоқ. Бұл атауларды балалардың өзі қойған. Мен саған түсінікті болу үшін айтып жатырмын. Қандай ат қоямын десең, өз еркің (күледі).
– Маған иісі жоқ, сапалы, ұлттық нақыштағы ойыншық керек еді.
– Бұл базардан ұлттық нақыштағы, сапалы ойыншықтарды таба алмайсың.
 
Бар ойыншық Қытайдан келеді. Қазір кедендік салық өскеннен кейін ол жақтан да ойыншық әкелу қиынға түсіп жатыр. Біраз күнде осы сапасыз арзан ойыншықтарға да қол жеткізу арман болады. Сонда көреміз ата-анасының етегін тартып, ойыншық деп жылаған балаларды. Ал сапалы ойыншық іздесеңіз, онда дүкендерге барыңыз. Бірақ ол жақта да Қытайдан келген тауар. Тек сапалырақ, бағасы қымбат.
Расында, базардағы ойыншық­тардың бағасы екі жүз бен төрт мың теңгенің айналасында екен. Кез келген сәбидің не нәрсе болса да әуелі ұстап, сосын аузына салып көретінін бәріміз жақсы білеміз. Ал мұндағы иісінің өзі қолқаны жаратын ойыншықтар баланың қолына түссе, не болмақ? Естеріңізде болса, осыдан он шақты жыл бұрын Еуроодақ елдерінде тісі шығайын деп жүрген сәбилерге арналған кершіктерді және әртүрлі дыбыс шығаратын ойыншықтарды поливинилхлоридтен жасауға тыйым салынған болатын. Тек бұл емес, басқа да ойыншықтар осы материалдан жасалған.
Әсіресе, Шығыстағы көршімізден келетін ойыншықтардың дені осыдан жасалған. Қазір Ресейдің ойыншық нарығының 80 пайызын Қытай жауып отырғанын ескерсек, олардың біздегі үлесі де осыдан асып түспесе, кем соқпайды.
 
Алматыдағы Абылай хан мен Төлеби көшелерінің қиылысындағы «Балалар әлемі» дүкеніне де арнайы ат басын бұрдық. Әлгі жағымсыз иіс жоқ. Кейіпкер-ойыншықтардың арасында жүріп өзіңді құдды бір ертегілер еліне кіріп кеткендей сезінесің. Балалық шақ еске түсіп, бақыттан бас айналар шақта бағаны көріп қана ес жиғандай болдым. Мұнда ойыншықтардың бағасы 2 мыңнан 150 мың теңгеге дейін екен. Тіпті кейбір сөрелерде әлгі базардан көрген ойыншықтар да тұр. Бірақ бағасы әлдеқайда жоғары. Ұлттық нақыштағы ойыншықтарды іздеп едім, тек кәдесыйға лайықтап жасалған киіз үй мен ұлттық киімдегі қуыршақтар, түйе мен ат мүсіндері көзге түсті. Оның өзі алып дүкеннің екі-үш жерінде ғана бар.
 
Біраз аралап болғаннан соң, Әйгерім деген сатушы қызды әңгімеге тарттық.
– Қытайдан келген тауарлардың екi түрi болады. Бiрақ бiз соның нағыз түпнұсқасын ғана сатамыз. Мұнда арнайы тексерулерден өтiп, тiркелген ойыншықтар ғана бар. Сондай-ақ Польшадан, Ресейден әкелiнген өнiмдердiң сапасы анағұрлым жақсы. Жалақысы жанбағысқа жетпейтiн ағайындарымыз қымбат деген дүкендердiң есiгiн де қақпастан, балаларының көңiлiн қалдырмас үшiн арзан, сапасыз ойыншықтарды амалсыз алады. Ескi базар маңындағы «қуғын-сүргiн» аталып кеткен шағын сатушылар орнында, мәшинесiнiң артқы есiгiн ашып жiберiп, ойыншық сатып тұрған сатушының да саудасының қызып жатқанын көрдiк. Қуыстан шыға келген полиция қызметкерiн көргенде, түк бiлмегендей, машинасының есiгiн жылы жауып қоя салды. Қызығы, зат алушылар да бұған дағдыланғандай. Формалы адамның кеткенiн аңдып тұрып, ойыншық таңдауға қайтадан кiрiстi, – дейді Әйгерім.
Ата-анада басқа амал бар ма? «Балалар әлеміндегі» ойыншықтар бақуаттылардың баласына болмаса, басқаның бүлдіршінін қуанта қоймас. Ол – тек қараша баласының көз құрты ғана. Сондықтан былайғы жұрттың бәрі арзандау ойыншықпен еркесінің көңілін аулауға тырысады. Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын ресейлiк мамандар бала тәрбиесi мен ақыл-есінің, ой-өрісінің дамуына керi әсер ететiн ойыншықтарды саудадан алып тастау туралы бастама көтерген болатын. Ал баласына ойыншық сатып алуға жағдайы келмейтiн отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету керек деген еді. Дәл сол жылы америкалық Mattel компаниясы өздерінің Қытайда жасатқан 18 миллионға жуық ойыншығын дүкен сөрелерiнен сыпырып алды. Себебi америкалық кәсiпорынның тапсырысын орындаған қытайлық Dong Lian және Yip Sing компаниялары ойыншықтарға құрамында белгiленген мөлшерден көп мырышы бар бояуларды пайдаланыпты. Дүниежүзiлiк деңгейдегi дауға қалған Mattel Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африкаға жөнелткен тауарларын керi қайтарып, тұтынушыларға өтемақы төлеп зорға құтылды.
 
Мырыш, әсiресе, нәрестелер мен кiшкентай балалар үшiн аса қауiптi. Ағзаға енген мырыш миды зақымдап тынады. Расында, Әйгерім айтқандай, «Балалар әлемі» секілді ірі дүкендердегі ойыншықтар арнайы тексеруден өтуі мүмкін. Ал «барахолкадағы» ойыншықтардың құрамы мен сапасын кім зерттеп жатыр? Дәл қазір сондағы Қытайдан әкелінген ойыншықтар сапасыз десек, ешкімнің дау айта алмайтыны анық. Өйткені ол ойыншықтарды шығарған нақты фирманың немесе компанияның да аты-жөні жоқ. Әйтеуір, Аспан асты елінен келгені ғана белгілі. Яғни балаларыңызға базарлық апарғанда да абай болғаныңыз абзал. Еркетотайыңызға бір сәттік қуаныш сыйлаймын деп, өмірлік кеселге шалдықтыруыңыз да ғажап емес.
Елдос Өмірзақ
Сіз не дейсіз?
Анна Құдиярова,
психолог:
– Кішкентай балаларға қорқыныш екі жақтан келеді. Бірінші қорқыныш ішкі жағдайдың өзгеруінен пайда болса, екінші қорқыныш сырттан келеді. Мәселен, жалғыз қалдырып кетсе, бөтен дыбыстан қорқады. Осылардан қорықпай, оны жеңіп шығуына ойыншықтар көмектеседі. Кейбіреулер балаға кішкентай кезінде тек ұлттық ойыншықтарды көбейтіп, аты қорқынышты, түрі жаман ойыншықтарың көзін құрту керек деп жатады. Мен онымен келіспеймін. Кішкентай балаларда күн бар да, түн жоқ па? Жақсы нәрсе бар да, жаман нәрсе жоқ па екен? Оларда бәрі бар. Сол себептен де бала нақты бар дүниемен өмір сүруі қажет. Бала жаман мен жақсыны ажырата білу керек. Кішкентай кезінде ойыншықтар соған көмектеседі.
 
Мынау – жалмауыз кемпір, мынау – аждаһа, олардың сипаты мынадай. Сен сондай болғың келе ме? Мына ит сияқты үріп тұрасың ба? Әлде батырлар сияқты ерлік жасап халқыңа қамқор боласың ба? Соның бәрін бала білуі керек. Баланың мінезі қандай болатыны ата-анаға байланысты. Мәселен, балаға кішкентай кезінен пышақты жаман деп миына құйып тастасақ, кейін ол пышаққа тіпті жақындамай қояды. Қарапайым мысал. Пышақ болмаса, нан кесілмейді ғой. Сол себептен де өсіп келе жатқан балаға әр нәрсенің жақсы әрі жаман жағын айту керек. Расында, Шрек, вампир-қанiшер дегендерге қарағанда Алдар Көсе сынды кейіпкерлер ойыншық ретінде жасалса, нұр үстіне нұр болар еді.
http://www.jasqazaq.kz/
Просмотров: 39414 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 2
11.03.2017 Спам
2. Milahono
Мoзги устали, oни хотят oтдыхать. Не зaвтра и нe пoтoм – пpямo cейчаc. Bыбеpи свою флеш-игрушку, которая разгрузит твoй мoзг в любое вpeмя дня и нoчи. Никaких сложнocтей – понятнo всем oт 5+ до 100+. Стань удачливым, будь победителем, дай в моpду бoксёpу или пoкатайся на тaнчиках, провeди кpоликa пo лaбиpинту и найди моpкoвку. Ты cупер-пупeр занят и тебе некогда? Враньё, минуткa-то всeгдa найдётcя.

http://all-flesh.ru/ - бесплатные flash игры

03.04.2014 Спам
1. BbvzQ19df
http://www.phpbbhacks.com/forums/august-osage-county-download-full-movie-hd-hq-avi-divx-form-vt83124.html Download or watch free August Osage County 720p qhgin http://www.phpbbhacks.com/forums/the-hunger-games-catching-fire-download-full-movie-hd-hq-av-vt83127.html Download full movie The Hunger Games Catching Fire online aouul http://www.phpbbhacks.com/forums/the-nut-job-download-full-movie-hd-hq-avi-divx-formats-free-vt83120.html Download full movie The Nut Job for free in good quality k2p07 http://www.phpbbhacks.com/forums/the-book-thief-download-full-movie-hd-hq-avi-divx-formats-f-vt83129.html Download full movie The Book Thief 720p tt63x http://www.phpbbhacks.com/forums/devil-s-due-download-full-movie-hd-hq-avi-divx-formats-free-vt83131.html Download movie Devil's Due DVD high quality dp89c http://www.phpbbhacks.com/forums/frozen-download-full-movie-hd-hq-avi-divx-formats-free-vt83119.html Download movie Frozen for free in good quality hd 720p w3mzk http://www.phpbbhacks.com/forums/her-download-full-movie-hd-hq-avi-divx-formats-free-vt83132.html Download film Her DVD kv97n

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Шілде 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz