Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:44
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2010 » Қаңтар » 7 » ҮШ МИ ЖӘНЕ ҮШ АҚЫЛ-ОЙ
ҮШ МИ ЖӘНЕ ҮШ АҚЫЛ-ОЙ
14:54
 




Миымыздың құрылымын білу психологияда, ЖТБ-да, коучингте өте пайдалы болуы мүмкін. Өйткені біздің миымызда өтіп жатқан (дегенмен, тек миымызда ғана емес) дәл сол процесстер тек біздің денеміздің ғана емес, сондай-ақ біздің санамыздың, біздің ақыл-ойымыздың қызметін үйлестіреді. Мен бірде адам миын оны табиғат жасағанымен, адамға пайдалануды үйретуді ұмытқан (немесе қаламаған) орасан зор, ең мықты биокомпьютермен салыстырған теңеуді (метафораны) есіттім. Миымыз дана да, өте күрделі жүйе. Және ең кемі өзі туралы білімді талап етеді. Толық болмағанымен: оның бізге қажеті де жоқ, бастысы пайдалысын. Мен ми қызметінің қызықты зерттеулері жөнінде қарапайым және қол жетімді түрде әңгімелегім келеді.

Шамамен айтқанда бізде үш негізгі ми бар. Олар Жерде тіршіліктің дамуымен бірге пайда болды және жетілді.

Ең алғашқы және ежелгі ми – бұл Ретикулярлық формация (немесе ми діңгегі). Оны рептилийдің миы деп атауға да болады, өйткені оған 100 млн. жыл толды. Дүниеден жойылған динозаврларда дәл осындай ми болды. Бұл ми ең бірінші кезекте тірі қалуға, шұғыл реакцияға жауап берді. Дәл осы ми сізді ыстық шәйнекке жанасқанда, қолыңызды тартып алуға мәжібүрлейді. Дәл осы ми сізді қауіптен барыңызды салып қашуға немесе еш ойланбастан төбелеске кірісуге бел байлатады. Бұл рефлекстердің, негіздік (базалық) инстинктердің миы. Сондықтан оны кинестетикалық ми деп те атауға болады.

Шамамен, бұдан 50 млн. жыл бұрын екінші ми – Люмбикалық жүйе қалыптасты. Бұл сүт қоректілерінің миы. Бұл ми ретикулярлық формацияны қолғап сияқты қоршап тұрады. Бұл миды интонациондық немесе эмоционалдық деп атауға болады. Дәл осы ми зерделенген дыбыстарға негізделген, коммуникация жүйесінің дамуына байланысты. Көптеген жануарларда біздің түсінігіміздегі «нағыз тіл» жоқ. Дегенмен, жануарлар бірін-бірі жақсы ажыратады, ұрғашысы еркегін, балаларын таниды, ал олар өз кезегінде ата-аналарының дауыстарын керемет айырады. Жануарлар үшін сигналдардың көп бөлігі қатаң түрлік спецификаны иеленген, дегенмен олардың ішінде басқа түрлердің өкілдеріне де барынша ақпаратты бола алатындары бар. Бұл, мысалы, алаңдау айқайлары, тамақтың болуы туралы хабарлар немесе озбырлық (агрессия) сигналдары.
Дәл осы люмбикалық жүйе көмегімен біз жануарлар сияқты дауыс сипаттамалары жәрдемімен (тон, үн, интонация, тембр, жылдамдық...) өз эмоцияларымызды бере аламыз. Сондықтан бұл ми аудиалдық деп аталады. Дәл осы ми бізге әр түрлі жаман сөздерді айтатын сол тұрақты ішкі диалогқа жауап береді: «Бәрібір менің қолымнан ештеңе келмейді, тіпті байқап көрудің де қажеті жоқ. Ал мамам маған, сенің жолың болмайды деген...». Бұл бізге армандауға және өз арманымызды өмірде жүзеге асыруға бөгет болатын айнала-айнала тозған әуен табақшалары тәрізді. Одан бөлек, дәл осы Люмбикалық жүйе естеліктерді тікелей (ассоцирленген) қабылдауға ықпал етеді: біз қандай да бір оқиғаларды, қайтадан күйзеліспен, толғаныспен бастан өткізіп, еске алғанда оларды өз көзімізбен көріп, өз құлағымызбен естиміз. Дәл осы ми бәрінен бірегейлік пен ұқсастық іздеуіміз үшін жауап береді. «Бұл бұрын болды, сонымен, мен мұны сынадым, мен мұны білемін».

Біздің миымыздың барынша соңғы қалыптасуы – Ми қыртысы немесе Неокортекс. Қыртыс салыстырмалы түрде жас – оған бар болғаны 2 млн. жыл толды. Ал егер, Формация мен Люмбикалық жүйе физиологиялық және эмоционалдық жай-күйді баяғыдан және жақсы байланыстыратын болса, онда Қыртыс эмоционалдық мимен және рептилий миымен онша интегрирленбеген. Ми қыртысы бас сүйек қорапшасының үлкен бөлігін жайлап алған, 16 триллион нейрондық байланыс иеленген. Мидың бұл бөлігінің ерекшелігі визуалдық диссоцирленген (күйзелістерден алыстаған, басқа жақтан қарағандай) образдарды жасау мүмкіндігі болып табылады. Сондықтан қыртысты визуалды ми деп атайды. Дәл осы Қыртыс нәтижесінде біз болашақ туралы ойлана және жоспарлай аламыз, бұл қабілетке Қыртыстың Маңдай бөлігі жауап береді. Осы Қыртыс нәтижесінде біз абстракттық-логикалық ойлауды (оның салдары ретінде елесету, творчество), тіл мен өзімізді тұлға ретінде саналы тануды иелендік.

Сіз «Мұның бәрінің ЖТБ, коучинг процесіне қандай қатысы бар?» - деп сұрарсыз. Тікелей. Егер сіз ассоцирленген жай-күйде болып, өз проблемаларыңызбен терең толғансаңыз, немесе клиенттің қиындықтарына жаныңыз ашыса, онда сіздің санаңызды осы сәттегі күйзелістер жаулап алған және сізде осы сәтте, бір минуттен, күннен, жылдан кейін шын мәнінде не болатыны туралы ойлауға мүмкіндік жоқ...Коучтың, ЖТБ-ердің, психологтың позициясы (диссоцирленген жай-күй + раппорт + қалыптау /калибрлеу/ + белсенді тыңдау) күйзеліс, толғаныс шегінен шығып және шешімнің мүмкін болар нұсқаларын (варианттарын) табуға көмектеседі. Клиентке проблемадан диссоцирленуге (визуалдық миды қосуға) мүмкіндік беріп, біз оған барынша жүйелі және тұтастай ойлануға ерік силаймыз. Психологтың, ЖТБ-ердің, коучтың негізгі міндеті осында жатыр.

Авторы (бапкер): Евгения Елисеева

Қазақшалаған: Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,
Қызылорда, 2010 жыл, қаңтар

Просмотров: 2150 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz