Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 21:05
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Қаңтар » 29 » СТРЕССТІ ҚАЛАЙ КҮРЕСІП ЖЕҢЕДІ?
СТРЕССТІ ҚАЛАЙ КҮРЕСІП ЖЕҢЕДІ?
11:49

Жанна Ирнат, info-health.kz тілшісі 
 Әрбір адам стресстік күймен таныс, өйткені уақыт сайын біз оны басымыздан өткіземіз. Жұмыстағы проблемалар, қызметтік міндеттермен шамадан тыс жүктілік, жақын адамның сырқаттануы, күрделі келіссөздер және басқа да өмірдегі оқиғалар оның себебі бола алады. Стрессті бастан өткізуші адам сырттай ашушаң және кернеулі, ол нашар күйде болады және жиі ауырады. Бұл жайлы «барлық аурулар стресстен» деген мәтел бар. Бұл шынында да солай ма және келеңсіз жағдаймен қалай күресу керек?
Біріншіден, «стресс» деген не екенін талқылайық. Канадалық физиолог Ганс Сельенің анықтауына сәйкес стресс – бұл организмнің тез қартаюына немесе ауруларды туғызатынның барлығы. Стресс кез – келген аурулардың дамуына себепші болатынын мамандардың зерттеулері дәлелдейді. Ұйқыссыздықтың, жүректің жиі соғуы, бастың ауруы, гипертония, сексуалдық бұзылу және басқа да аурулық жағдайдың себебі стресс болуы мүмкін. Басынан өткізген стресстің нәтижесінен адамда асқазан-ішек аурулары пайда болуы мүмкін: шаншу, гастрит, жара, ішектің тітіркену синдромы және т.б. . Әйел адамда гормоналдық дисбаланс, етеккір циклінің және ұрықтану қабілеттігінің бұзылуы мүмкін. Одан басқа, стресс кезінде иммунитет әлсіреп, соның салдарынан адам суық тию және инфекциялық ауруларға шалдығады. Психологтардың айтуы бойынша, барлық аурулардың 70 % эмоционалдық стресспен байланысты. Адаммен негативті қабылданатын стресс организмге жағымсыз әсер етеді. Жағымды оқиға кезіндегі пайда болған стресс : жаңа жұмысқа орналасу, ақша ұту, баланың тууы және басқа да оқиғалар адамның организіміне негативтік немесе жағымды әсер етуі мүмкін. Мысалы, адамды тіршілік энергиясымен толтырып, күштің тасуын шақыру. Жалпы мұндай стресс адамның алдында жаңа мүмкіндіктер ашатын ресурстық күй болып табылады.
Стресстің белгілері
Стресске әлеуметтік жағдайға және қызмет түріне байланыссыз барлық адамдар ұшырайды. Бірақ бір жағдайларда адамдар қатер тобына көбірек жатқызылады, ал басқалар азырақ. Америкалық мамандардың зерттеулеріне сәйкес стресске әлеуметтік орта қызметкерлері және зиян, әрі қауіпті өндірісте жұмыс істейтін адамдар ұшырайды. Бұл мұғалімдер, дәрігерлер, әскерлер, ақпарат орталығының операторлары, полиция және басқа да мамандар. Сондықтан жұмысқа алар алдында жұмысберушілер стресске тұрақтылық тестін өткізеді. Бірақ олар шынында нәтижелі ме? Барлығына шектеу бар ғой! Бүгін бай, жетістікті және белсенді болу сән. Бірақ мұндай критерийлерге сәйкес болу үшін адам көп жұмыс істеу қажет. Осыдан бастап, адам түскі астағы үзілісті өткізеді, кешке бөгеледі, елді-мекендерді және сағаттық белдеулерді ауыстырып, жиі іссапарға ұшады. Сонымен бірге оның тоқтап және демалуға уақыты жоқ. Стресс ақырындап өзі туралы білдіре бастайды, адамға үзіліске уақыт келегенін байқатады.
Оның бірінші белгілері: • алаңғасарлық;
• жоғарғы қозғыштық;
• жиі шаршау;
• әзiлшiлдiк сезiмiнiң жоғалтуы;
• кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;
• ұйқының және тәбеттің жоғалуы;
• естің нашарлауы;
• кейде баста, арқада, асқазанда «психосоматикалық» деп аталатын аурулар болуы мүмкін;
• қуаныш негізінің толық жоғалуы.
Қуаныштың және жан мазасының қайтуы Ақырғы уақытта мамандар физикалық және психикалық денсаулықтан басқа «эмоционалдық денсаулық» бар екенін жиі айтуда. Яғни, адамды тек ештеңесі ауырмаған және ешқандай бұзушылық жоқ кезінде ғана емес, сонымен қатар ол көңіл күйі жақсы, қуаныш сезімін сезінетін және өмірден рақатын алатын адамды сау деп санауға болады. Стресс, біріншіден, адамның эмоционалдық, содан соң физикалық денсаулығына әсер етеді. Шайқасты жеңу үшін психологтармен келесідей ұсыныстар жасалған:
1) Күштеріңді ақылды үлестiрiңiз және жұмысты жоспарлаңыз
Сіз кімсіз, жүк жылқысы немесе топтағы жақсы ойыншы? Егер сіз бүкіл департаменттің жұмысын арқаласаңыз, әрине, сіз мақтауды лайықтанасыз және сізге барлық мүмкін сыйақыларды беруі немесе бермеуі мүмкін. Бірақ, сіздің организміңіз «менен жетер» деген кезде, сізді кіммен алмастыру табылады, ал өз денсаулығыңызды сіз алмастыра алмайсыз. Қызметті шебер үлестіру және жақсы топтық ойыншы болған артық, соған сеніңіз! Егер сіз белгілі бір жұмысты істеп үлгере алмай отырсаңыз, өзіңіздің әріптесіңізден көмек сұраңыз. Сонымен қатар өз уақытыңызды жоспарлауға тырысыңыз, өйткені стресстің себебі сіздің оны істей алмауыңызда болып табылады және ұдайы аврал күйінде қалуыңыз. Сауатты уақыт-менеджмент сіз үшін құтқару болады. Күндік жоспарды құрудан бастаңыз, содан соң апталық, айлық. Сонымен бірге шектен тыс жоспарлау да стресстің себебі болуы мүмкін. Сондықтан күн тәртібін уақытыңыздың тек 70% ғана құрыңыз, қалған уақытты жоспарсыз кездесулерге, демалысқа және басқа да жағымды айналысуларға қалдырыңыз. 2) Өзіңізбен бірге гармонияда өмір сүріңіз
Әрбір адамның өмірінде белгілі бір басымдылықтар бар: жанұя, жұмыс, жолдастар, хобби. Мысалы, жұмысқа ғана барлық уақытты бөліп, бір нәрсемен ғана өмір сүрмеңіз. Бір нәрсеге ғана шамадан тыс көңіл бөлу сізді бұл аймақта маңызды жетістіктерге, ал басқасында сәтсіздікке әкелуі мүмкін. Егер сіз ажырасу үстінде болсаңыз, жұмыстағы жетістік сізге үлкен қуаныш әкелмейді. Өз уақытыңызды үйлесімді бөлуге ынталыныңыз. Егер сіз жақсы жұмыс істесеңіз, жақсы демалуға тырысыңыз. Бос уақытты жақсы көретін және жақын адамдармен өткізіңіз. Түскі ас уақытын өткізбеңіз. Жұмыс уақытында үзілістер жасаңыз.
3) Жайлылықтың өз аймағын жасаңыз
Сізге 5 жас болғанда, өзіңізді еске түсіріңіз. Ол кезде сізге сынған ойыншық, даладағы жаңбыр, ата-ананың жазалауы – бұл әлемдік масштабтағы трагедия болып саналды. Бірнеше жылдан кейін сіз мұны ұсақ-түйек деп санадыңыз, ал дәптердегі сия тамшысы, ұмытылған оқулық және математикадан екі бағасы үлкен проблема болып табылды. Қазір сіз не ойлайсыз? Маңызды клиенттің кетуі сіздің жаныңызды қалай алаңдатқаныңызды еске түсіріңіз, ал енді ше? Сіздің бұрынғы клиентіңіз өзін банкрот деп жариялады және сіздің бәсекелесіңізге белгілі бір ақша соммасын төлемегенін сіз білдіңіз. Енді бұл сізге құтқару болады деп санайсыз. Біз қиындықтарға немқұрайды қараудың керектігін айтпаймыз. Жоқ, олар бізге көпке үйренуге және үлкен өмірлік тәжірибе алуға көмектеседі. Егер сіз белгілі бір нәрсені орындай алмауыңызды сезсеңіз, жайлылыңтың өз аймағына белгілі бір уақытқа жөнеліңіз. Бұл не? Қазір түсіндіреміз! Отырыңыз, денеңізді босатыңыз және жайлылықты сізге не беретінін еске түсіріңіз. Көңіліңіз босаған кезде сіз жұмсақ креслода кітап оқуды ұнатып немесе белгілі бір музыканы тыңдауды жақсы көретін шығарсыз. Әлде сізді таза ауада серуендеу немесе йогамен айналысу тыныштандырады. Жайлылық аймағына сізді ненің әкететінін тапқан кезде, әрқашанда шектен тыс шығар кезін сезінгенде, өз жайлылық аймағына түсе алатындай сіз қажетті жағдай жасаңыз. Яғни егер сізге йогамен айналысу ұнаса, үзіліс жасап тыныс жаттығуларымен айнылысыңыз. Егер сізді жағымды музыка тыныштандырса, қалаулы композициялары бар дисктi жазып алып, музыканы тыңдаңыз. Ең бастысы, сізге керек кезінде сіз өз жайлылық аймағында болсаңыз болды. Мысалға, егер сіз өз креслоңызда жантайып отырып, газет оқысаңыз, яғни демалыс пен тыныштықты қажетсінетіңізді өз жақындарыңызды, әріптестеріңізді ескертіңіз. Бірақ бұл жұмыс орнында әрдайым газет оқып, өз қызметтік міндеттерді орындамауды білдірмейді. Барлығының өз орны болу қажет!
Зор өмір сүру!
«Сау дененің рухы да сау!» – деп айтылады. Дұрыс үйлестірілген тағам, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден бас тарту сіздің стрессті жеңудің тағы бір әдісі болады. Диета сияқты, артық ішіп-жеу стресске әкіліп соқтырады, зорланудың салдарынан организм тез толып кетуі мүмкін. Тамаққа көп жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, дәнділерді және теңіз өнімдерін қолданыңыз. Көбірек қозғалыңыз, жүзіңіз, теннис ойнаңыз, бимен немесе йогамен айналысыңыз, конькимен немесе шаңғымен сырғанаңыз – ең бастысы өз жаныңызға жағатын істі таңдаңыз! Уақыт сайын массажға, спа-салонға, шаштаразға барып, жақсы көретін көйлегіңізді немесе костюміңізді киіп кешке румба билейтін, әлде караоке өлендерін айтатын жақсы көретін барға барып келіңіз. Демалыс күндерінде ұйқыңызды қандырыңыз. Сіздің мәлімдемеңізге, Наполеон... дұрыс айтпаған! Негінде… Орташа статистикалық адамға қалыпты тiршiлiк әрекетiн және сергектік рухты сақтау үшін күнделікті 7-9 сағат ұйқы қажет! Енді сіз тамаша қаруландырудасыз және стресстік ситуацияларға түспеуіңізге, өз денсаулығызбен жастық шағыңызды ұзақ жылдарға сақтауыңызға үміттенеміз!
http://www.info-health.kz/
Просмотров: 9232 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.3/6 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қаңтар 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz