Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:43
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Наурыз » 9 » "Сыр психология әлемі" атты республикалық жаңа газет туралы
"Сыр психология әлемі" атты республикалық жаңа газет туралы
18:44
 
ХХІ ғасырды әлем халқы психология ғасыры деп дәріптейді. Егемен еліміз жаңа, капиталистік даму жолына түсті. Бұрынғы құндылықтар жоғалды, жаңа құндылықтар пайда болды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ел тұрғындары санасына ауыр соққы болып тиген қиын кезеңді бастан кешірді. Соның зардабы әлі күнге дейін жалғасуда.
 
«Елу жылда ел жаңа» демекші, еліміз жаңару жолында өз қадамын бастауда. Капитализм заңдылықтарының кейбіріміздің жан дүниемізге жақпайтын тұстары да баршылық. Дегенмен, дүниеде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы елінің басым бөлігін қанағаттандыратын елдер де баршылық.
 
Ұзақ жылдар бойына коммунистік партия басқарған тұста бір ғана психология болды. Ол сол билікті мәңгілік ұстап тұру жолында қызмет етті. Шет елдің басқа гуманистік бағыттағы психологиясына елімізде тосқауыл қойылды.
 
Алайда сол психологияны ұстаным еткен елдер озып алға шықты. Ғалымдары адам психикасына әсер етудің жаңа технологияларын ойлап тапты. Ал қазақ тілінде бұл жөнінде деректердің аздығы белгілі.
 
Соған аз да болса үлес қосқан елімізде «Сыр психология әлемі» атты республикалық газет ақпарат алаңында алғаш өз қадамын бастады. Ол Қызылорда қаласынан шығады.
 
Көлемі - 8 беттік, түрлі-түсті қазақ тіліндегі бұл үнпарақтың бас редакторы – ҚР Журналистер Одағының мүшесі, дәрігер Серікбай Смағұлұлы. Бұл үнпарақтың адам психикасының құпияларын білгісі келген әрбір адамға берер мол. Газет әзірше айына 1 рет шығарылады.
 
Газеттің бірінші санын осы сайттың файлдар тізбесінен көшіріп алуға болады.
 
Оқырман газетке өз елді мекеніндегі «Қазпошта» АҚ филиалы арқылы жазылуына болады.
Индексі – 65777. Жазылу бағасы 6 айға – 500 теңге.
 
Газет жұмысы адаммен сабақтас барша оқырмандарға арналған. Демек, психологтарға, дәрігерлерге, педагогтарға, басшылық қызметтегілерге, саудамен айналысушыларға, барша ата-аналарға, жоғарғы курс студенттеріне және с.с. таптырмайтын ақпарат көзі.
Просмотров: 2950 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.0/5 |
Всего комментариев: 2
02.09.2013 Спам
2. Молдир
Оте керемет газет екен.Психологиялык газет, журналдар алдагы уакыттта саны кобейе берсе екен,

02.02.2013 Спам
1. Набат Жақсылыққызы
"Сыр психология әлемі" газеті бар екенін бүгін ғана біліп қуанып қалдым.Психологияны дұрыс меңгермей сана сезіміміз де дұрыс дамымайтыны белгілі.Сондықтан да психологиялық газет журналдар көбірек шығарылса жақсы болар еді. Мектеп психологтарына көптеген әдіс тәсілдер, шетел әдістемелері болса жазылуға жұмыстанамын.Уақытында келіп тұрса.

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Наурыз 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz