Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 05:21
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Шілде » 20 » Тән мен жан бірлігін жарастырған
Тән мен жан бірлігін жарастырған
19:57
 
Мен Майра Бірләнқызы Сатыбалдинаны үстіміздегі жылдың сәуір айында Алматы қаласындағы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтында психология саласы бойынша кезекті оқу циклінен өту барысында таныдым. Жылы жүзді, әрдайым күлімсіреген, ойлы да достық пейілдегі бұл жанды осы бір ай көлемінде тереңірек білудің сәті түсті. Әрине, білім көкжиегі кең. Әсіресе, басталуы бар да аяқталуы өмір барда көрінбейтін психология ғылымына елімізде соңғы кездері қызығушылық артып келеді. Бұдан медицина саласы да тыс қалмақ емес. Бұл бағытта әлі де шешілмеген түйткілді тұстар бар. Денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық жоғары білімі бар психологтар бүгінде саусақпен санарлық.
 
Дәрігерлердің көбісі адамның тәнін емдейтін, немесе психиатр мамандықтарын таңдайды. Жеті жыл оқып психолог болуды ешкім онша қаламайды. Әзірше емдеу-алдын алу мекемелерінде педагогикалық жоғары оқу орнын «педагог-психолог» мамандығы бойынша бітіргендер медициналық психолог болып қызмет атқарады. Оларды қайта даярлау дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының міндеті. Белгілі бір тақырып бойынша оқытып, одан соң куәлік береді. Білім беру орыс тілінде. Бұған басты себеп өз ана тіліміздегі оқу құралдарының, психологиялық әдебиеттердің және басқа материалдардың тапшылығы. Көш жүре түзелер деген үмітпен алдағы күнге сенім артамыз.
 
Майра Бірләнқызы институттегі «педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі. Ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін 1975 жылы бітірген. Алғашқы еңбек жолын қазақ мектептерінде орыс тілі мұғалімі болып бастаған. Аз уақыттан соң өзі бітірген институтте «педагогика және психология» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды, практикалық психология бойынша білімін шыңдады. 1994 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде елімізде тұңғыш ашылған психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі болды.
 
Сол кезде университеттің бірінші курс студенттеріне жалпы психология бойынша дәрістер оқылып, сабақ жүргізілді. Профессорлық-оқытушылық құрам педагогика мен психология бойынша жаңа білімдермен сусындады. Кейін бұл кафедра коммуникативтік ептіліктер, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология атты жаңа толыққанды кафедраға айналды. Ал мұның бастауында Майра Бірләнқызы тұрған еді.
 
Ұзақ жылдар бойына жоғары және орта медицина қызметкерлерін дайындайтын оқу орындарында адамның тек тән құрылысына, соның патологиясына жете көңіл бөлініп, жанына байланысты тек психиатр мамандығын әзірлер кезде, онда да бұзылыстар тұрғысында мән берілетін. Дегенмен, адамдағы жан мен тәннің біртұтас, бірегей жүйе екендігі соңғы кездері мойындалған тәрізді. Сол себепті психологияға, оның ішінде медициналық психологияға басымдық берілуде.
 
М.Б. Сатыбалдина 2010 жылдан бастап Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институтінде жаңадан ашылған «психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарады. Ол еліміздегі білікті практикалық психологтардың бірі, Санкт-Петербург қаласындағы «Тренинг институтында», Новосибирск университетінің психология факультетінде топтық психотерапия, психосоматикалық медицина, гештальт-терапия, ЖТБ (НЛБ), отбасылық психотерапия тәсілдерін үйреніп, оларды күнделікті практикасында табысты қолданады. Жинаған бар білімін өзгелермен бөлісуге әрқашан әзір жайдары жан.
 
Ол осы кезге дейін еліміздің көптеген қалаларында болып, психологиялық тренингтер өткізді. Майра Бірланқызының тренингтерінің ерекшелігі – оның ешқашан тренингке қатысушылар санын шектемейтіндігі, тосыннан жаңалықтар енгізуі, қатысушыларды бей-жай қалдырмай, бәрін тренингте үйіріп әкетуі. Бұл оған берілген ерекше қасиет болса керек.
 
Менің Қызылорда қаласынан келгенімді біліп ол сөз арасында 2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде профессорлық-оқытушылық құрамға және жастар ұйымына арнап өткізген тренингін жылы сезіммен еске алды. Тренингке қатысушылардың ыстық ықыласын ерекше атап өтті.
 
Оның жұбайы кезінде қазақтың Белинскийі атанған белгілі сөз зергері Зейнолла Серікқалиұлы. Қазақтың танымал тұлғасының жары ретінде Зекеңнің «Дүниетану даналығы» атты кітабын естелікке, алғысөз жазып табыс етті. Ұлы Рүстем компьютерлік салада қызмет етеді. Майра Бірләнқызы менің дәрігерлерді, орта буын медицина қызметкерлерін және медициналық психологтарды қазақ тілінде оқыту ісін қолға алу туралы ұсынысымды қолдап, жақсы қабылдады. Алдағы кезде бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін білдірді.
 
С. СМАҒҰЛҰЛЫ
«Сыр психология әлемі» газеті
Просмотров: 2065 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Шілде 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz