Мой сайт
Бейсенбі, 21.06.2018, 17:10
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Наурыз » 1 » Түнгі ұйқыңыз тыныш па?
Түнгі ұйқыңыз тыныш па?
08:51



Шындығында да, ұйқы адам өмірінде үлкен маңызға ие. «Ұйқыңыз тыныш болсын» деп тілек айтуымыздың өзі бекер емес. Біле білсек, күні бойы сергек жүруіңіздің өзі тірлігіңіздің тындырымды болуына септігін тигізеді. Алайда түнде «түлен түртіп» жүретіндер де баршылық. Ол туралы кейінірек... Қалай айтқанда да мидың тыныштығы - ағзаның бірқалыпты дамуы деп тұжырым жасауға бо­лады. Ал бірақ күнделікті арпалыс тіршілік ойдың да, бойдың да бірқалыпты демалуына мүмкіндік бере бермейді ғой. Алдымен осы­ны ескерген жөн.
Ағылшын сарапшысы, доктор Рам­лакханның пікірінше, ұй­қы­сыздық оқушылар мен мұ­ға­лімдердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі шенеуніктердің бо­йында жиі орын алады екен. Мұның себебі де түсінікті. Мидың демалмай шектен тыс жұмысқа «жегілуі» оған ауыр салмақ түсіреді. Ақырында ұйқы бұзылады. Бұл орайда Рамлакхан ауыртпалықты ескере отырып, әрбір 90 минут сайын жұмыстың арасында үзіліс жасап тұру керек деп есептейді. Сонымен қатар күйзелістен құ­тылу үшін немесе ұйықтар алдында жылы су ішіп, жылы ванна қа­был­дап жатса, өзіңізге жақсы деп ке­ңес береді ағылшын дәрігері. Алайда бұл кеңесті кім қабылдай қойсын! Шаршап келген адам демалу үшін жылы ваннадан гөрі, жылы төсекте тезірек көз шы­ры­мын алып, ұйқыға кеткенді жақсы көреді.
Жалпы, мидың тыныш және белсенді жұмыс істеуіне қатысты дәлелдер мен тұжырымдар өте көп. Америкалық ғалым Воль­кер­дің зерттеуіне сенсек, күндіз және түнгі ұйқы адамның күні бойы сергек жүруіне көп көмегін ти­гі­зе­тін көрінеді. Тағы бір анықталған нәрсе қаншалықты сергек болсақ, мидың жұмыс істеу қабілеті сон­шалықты артады. Сессия кезінде сту­денттер тобына жүргізілген зерттеулер мұны айқын айғақ­та­ғандай. Атап айтар болсақ, түні бойы ұйықтамай ертеңіне емтихан тапсырған студенттің жаңа де­рек­терді есте сақтау мүмкіндігі 40 па­йызға азайған. Демек, ол таң ат­қанша кірпік қақпай оқыған кі­табының жартысына жуығын ұмы­тып қалды немесе игере ал­мады деген сөз.
Жалпы, адамның жасы ұл­ғай­ған сайын ұйқының мөлшері де азая түседі. Мысалы, жасөспірім­дер­ге қарағанда орта жастан ас­қан­дар аз ұйықтайды, көз шыры­мын алу деген нәрсе оларға тән үйреншікті құбылыс. Алайда 65 жас­тан асқан­дардың түнде ұйықтау уақыты аз болса да, олар жастарға қарағанда күні бойы сергек жү­ретін көрінеді. Бұл «шалдар» кеш жатқанның өзін­де ерте тұ­рады. Негізі, сегіз сағат ұйқы болуы ке­рек десек те, Суррейс универ­си­теті ғалым­да­ры­ның зерттеулеріне қарағанда, 20-30 жас аралы­ғын­дағылар орташа есеппен алғанда 7 сағат 14 минут, 40-50 жастағылар - 6 сағат 50 ми­нут, ал 65 жастан жоғарыдағылар - 6 сағат 30 минут қана ұйықтайды екен. Ал алпыстан асқандардың неге құсұйқылы болатынын ағыл­шын ғалымдары зерттеп көрген­мен, оның түпкі себебін анықтай алмаған сияқты. Бірақ кейбір бол­жамдарға қара­ғанда, ол гормо­налдық өзгерістерге келіп тіре­летін көрінеді. Жалпы, әлем­дік зерттеулерге назар ау­дарсақ, сегіз-тоғыз сағаттық ұйқы жалпы адам­затқа тән қалыпты құбылыс болып табылады екен.
Десек те, ұйқысыздықтың адам денсаулығына орасан зор зияны жайлы ресейлік дәрігер-невролог Марина Василенконың пікірі көңіл аударуға тұрарлық екендігін жасыруға болмайды.
- Ұйқы үлкендер мен кішілер үшін өте керек. Әсіресе, мектепке барар алдында балалар 30 минуттай көз шырымын алса, оқушылардың көңіл күйі жақсарады, күні бойы шаршамай жүреді. Ал өне бойы ұйқысы қанбай жүрген адам ақи­қа­тына келгенде, ертерек қар­таяды. Ұйқысы қанық адамның психологиялық және еңбек ету қабілеті де жоғары болады, - дейді Марина Василенко.
Мамандардың бағалауына қа­рағанда, өткен ғасырмен салыс­тыр­малы түрде қарағанда, қазіргі таңда ұйқысыздық 20 пайызға артқан. Үнемі құсұйқылы жағдайда жүру ауруды күшейтеді, атап айтқанда, адамның ағзасы әлсіреп, ұзамай инфаркт алуы мүмкін дейді дәрігерлер. Сондай-ақ түні бойы жұмыс істеу зиян. Көптеген зерт­теулердің нәтижесі көрсеткендей, әсіресе, ел ұйқыда жатқанда оты­рып жұмыс істеу адам бойындағы сырқаттардың күшеюіне әкеліп соғады екен.
Майо университетінің офталь­мо­лог­тары атап көрсеткендей, ұйқының бұзылуы көз ауруына көп себеп болатын көрінеді. Ұй­қы­сыздықтың салдарынан, ең алдымен адамның көз жанары бұлдырайды. Егер бұл белгілер созылмалы дертке айналса, тіпті қиын.
Мамандардың бағалауынша, адам баласы өзінің ғұмырының үштен бірін ұйқымен өткізеді екен. Десек те, күні бойы тыным­сыз тірлік үстінде жүретін адам үшін түнемелік демалудың ма­ңызы өте зор. Атақты Генри Лон­гфел­лоның мынандай нақыл сөзі бар: «Түнде демалу құқығы күндіз күш жұм­сауға, істі аяқтауға мүм­кіндік бе­реді». Ақиқатында солай. Ұйқы ағ­заның күш жинауы өте қажет.
Неміс ғалымдары жатар ал­дын­да ішілген бір стақан сүт тез көз ілуге және ұйқысыздық проб­лемасының орын алмауына кепіл­дік береді деген қорытынды жа­сайды. Сүт өнімдерін шығаратын «Weihenstephan» кәсіпорны 40 адамның күн сайын ұйықтар ал­дында 1 стақан сүт ішіп отыруын сұ­рап, соңынан зерттеуге қаты­су­шылардың арасында сауалнама жүргізген. Олардың 73 пайызы сүт ішу процедурасынан кейін ты­ны­ғып, тез ұйықтап қалатынын айт­қан. Сөйтсе мұндай өзгеріс сүт құ­рамындағы мелатонин гор­мо­нының әсерінен болады екен.
Әйтсе де ұйқыңыздың қанық болғанына не жетсін! Бірақ әлемде әртүрлі жағдайларға түсіп, өмірінің жартысын кірпік қақпай өткізетін азаматтар да бар. Соның бірі- югославиялық шаруа адамы Станко Дражкович. Жетпістен асып, бақилық болған шалың 23 жасында екінші дүниежүзілік соғыста басынан жараланып, өмі­рінің 50 жылын көз ілмей өткен. Бірақ ол ұйықтамай жүрсе де, еш­қашан шаршаңқы кейіпте бол­маған. Станко Дражкович Еуро­па­ның біраз емханаларын тоз­дырғанмен, сырқатының сы­рын ұға алмай, кәрілікке жетіп барып көз жұмған.
Ал вьетнамдық тұрғын Нгуен Ван Кха 50 жылдық ғұмырының 27 жылында ұйықтамаған адам. Ол 1980 жылы дұрыстап көз шы­рымын алғанын бүгін сағынышпен еске алады. Еуропаға барып ем­дел­се де, Қытайға келіп Шығыс-Тибет медицинасының шарапатын көрсе де ол ешқандай әсер ал­маған.
Тағы бір вьетнамдық Ман Тхи да ұйқысыздықтың зардабын көп тартқан азамат. Ол 1975 жылдан бері түнде кітап оқиды, теледидар көреді және уақыт өткізу үшін та­ғы басқа жұмыстармен айналысады екен. Ман Тхи әйелінің түнде көз шырымын алмайтынын үш жыл­дан кейін ғана барып сезген көрі­неді.
Ағылшындық фермер Юстас Бернетт 56 жылдан бері ұйқы дегеннің не екенін білмейді. Ол да кітапқұмар, түні бойы кроссворд бен сканворд шешеді, радио тыңдайды. Дәрігерлер оған әртүрлі дәрілер бергенімен, бұл әрекеттің бәрі нәтижесіз болып шыққан.
Жалпы, әлемде ұйықтамаған аза­маттардың көшбасында тибет­тік монах Дава тұр. Ол 90 жыл көз ілмеген көрінеді. Соңғы рет 11 жасында ұйқысын бір қандырған Дава екі рет болған дүниежүзілік соғыс кезінде де көз ілмей өткен. Бірақ дәрігер-мамандардың жүр­гіз­ген зерттеу тесті оның бойында ерекшелік барын байқатқан. Ти­беттік монах көз ілмегенмен, зерт­теу қорытындысы оның өмірінің жартысына жуығы ұйқымен өт­кенін дәлелдеген.
Халықаралық Сомнологиялық орталығының мәліметіне қара­ған­да ұйқысыздыққа белгілі бір оқи­ғалар қатты әсер етеді. Адам күр­делі бір тосын оқиғаның сал­­да­рынан күйзеліске түседі немесе ауыр бір сырқатқа ұшы­райды.
... Құдай сақтап, ұйқыңыз ты­ныш болсын!


Керек кеңес
1. Ұйқысыздық ұзақ уақыт қажып-шаршаудан болады.
2. Жүйкенің әртүрлі бұзы­лыстарға түсуі де қатты әсер етеді.
3. Отбасы тірлігіне ерекше алаң­дайтын әйелдер ұйқы­сыздыққа көп шалдығады.
4. Ұйықтай алмайтын­дардың көру қабілеті на­шарлайды.
5. Ұйқысыздық ұзаққа со­зылып кеткен жағдайда дәрi­герге қаралу қажет.
6. Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауыратындардың ұй­қысы қанық болмайды.
7. Қалыптан тыс көп ақ­парат қабылдайтын ой еңбегі адамдарының да ұйқысы жиі бұзылады.
8. Қалың ой да қажытып, жүйкені жұқартады.
9. Таза ауада серуендеу бiр­қалыпты ұйықтауға мүм­кiндiк бередi.

Берiк БЕЙСЕНҰЛЫ
http://www.aikyn.kz/
Просмотров: 2875 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Наурыз 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz