Мой сайт
Жұма, 20.04.2018, 05:45
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Мамыр » 20 » ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
18:25
 
 
Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ та және ең күрделі кезеңі болып табылады. Оның ұзақтығын түсіну үшін, ұрықтың жетіліп, даму мерзімінде, жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен.
Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін, әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды. Адам тәрбиесі тәрізді өте күрделі құбылыстың бастауы болып саналатын, ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы жетілудің сырына терең үңілмей, ұрпақ тәрбиесінің іргелі мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес.
Заманының түзу кезінде дәстүрі бұзылмаған Қазақ елінің, "Алып – анадан туады” дейтін өсиетін Ана құрсағындағы физиологиялық кезеңінің үндесіп жатқанын байқау қиын емес сияқты. Халқымыздың ата дәстүрі болып саналатын – "Жеті атаға дейін қыз алыспау” салты да біраз нәрседен хабардар етеді. Бірақ, бодандықтың бұғауымен маталған соңғы үш ғасыр, бұрынғы ата-баба даналықтарынан қол үздіріп кете жаздады. Тіпті, қазір – "алып - анадан туадының” мағынасы түгіл, бұл сөздің мәніне де көңіл аударып жүргендер аз.
Енді осынау, "Алып – анадан туады” дейтін өсиет сөздің мәні неде екен? Ұрпақ тәрбиесіндегі орны қайсы? Ол нені меңзеп тұр? Қысқаша осы сауалдардың жауабын іздеп көрелік. Ол үшін – тіршілік құпияларына – үңілмей болмайды. Оның тоғыз айдың ішінде "он сегіз мың ғаламның” жүріп өткен жолы мен даму сатыларын қайталайтындығы, ғылымда да дәлелденіп зерттелген мәселе?! В.А.Мезенцевтің "Ғажайып энциклопедиясында” /185-бет/ қайталап еске түсірсек ­ "Адам ұрығы өзінің жетілу сәтінің 18-20-шы күндері, ол балыққа ұқсайтындығы соншама, тіпті желбезек саңылаулары мен аяқ-қолдарының орнында – жүзу қанатшалары да болады. Содан сәл уақыттан соң, ол – қосмекенді бақаның түріне еніп, біраздан кейін бауырымен жорғалайтын кесірткеге ұқсайды. Шамамен бір жарым айда – ананың құрсағындағы жан иесі – тұп-тура маймылдан айнымайды. Тек ақырғы айларда ғана адам бейнесіне енеді. Сөйтіп ол – жер бетіндегі эволюциялық даму сатыларын түгелдей басып өтеді” – деп егжей-тегжей жазады.
Ата-бабамыз осы жағдайларды жоғарыда келтірілген өсиет сөздерімен ұрпағына тек тән құрылысының жетілуін ғана емес, "алып” деген сөзінің астарында тәннен де күрделі, жандүниесінің де ана құрсағында қалыптасатынын меңзеп отыр. Оны – қалыптастыратын да және тәрбиелеп жетілдіретін де, тек ананың ғана парасаты екенін айтып тұр.
Бұл жайында да электроника ілімімен салыстыра отырып, адам жанының 12-мүшесі, яки арналары - түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі бес сезімдері – бар жан дүниесі де, тәннің мүшелері – жүрек – ми – бауыр - өкпе – бүйрек - тағы басқалары тәрізді, тек ана құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне жете мән берілмей келді.
Осыншама күрделі құбылыстарды сөз өнеріне сыйдыра білген жұрт, "Алып – анадан туады” – дейтін өсиет сөзін де ұрпағына қалдыруға құқылы еді. Сөйтіп, адамның тән құрылыстары - дамудың қандай күрделі жолдарынан өтсе, жандүниесі де қарапайым түйсіктен - санаға дейін жетілетінімен, бұл кезеңнің адам тәрбиесіндегі орнының өлшеусіз екенін айқындап тұр. Олай болса, адамның жаны мен тәнінің аса күрделі даму кезеңін де – тәрбие тәсілдерінің қажеті жоқ деп кім айта алар екен?! Тіпті, керек десеңіз жүрек тәрбиесінің жүйесіне енетін, жанның тума қасиеттерін ұштап тәрбиелеуші – тек ана ғана екенін түсінсек екен.
Егер адам тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін салалай жіктеп ашып айтсақ; - Ұрық тазалығы – еркектің аталық парызы болған да, ана құрсағындағы тәрбие - әйелдің аналық парасаты екенін, тіршіліктің бұлжымайтын заңындай етіп өмірге енгізу қажет. Сондықтан да, ананы да, атаны да, өзінің мінәжат етер қағбасына бетін түзеп, бұл кезеңдегі тәрбие тәсілдерінің қыры мен сырына саналы түрде үйретудің міндеті мен қажеттілігі, ұлттық идеологиямыздың негізгі арқауы болуға тиіс.
Ана атаулы жүкті кездерінде, жаратылыстың өзі бейімдеген қасиеттеріне ауысатындықтан, оның сыртқы бес сезімдері ғана емес, сондай–ақ ішкі бес сезімдері де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-күйде болатындықтары белгілі. Соның салдарындай, қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелер түгелге жуық жүрек тәрбиелері оянбай былайша айтқанда, жан дүниелерінің арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр.
Сондықтан да, олардың зердесі таяз – жігерлері құм – мінездері дөкір – ұяттан безген – ешкімді де сүймейді – қабілеті әлсіз – түйсігі жоқ – көкірек көздері оянбаған – денсаулықтарының да ақаулары мол, адамдар тобырын көбейтіп отыр. Осының барлығы да бұған дейін ескерілмей келген адам тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып есептелінеді. Бұл мәселені Ел болып мемлекеттік деңгейде түзетуге кіріскен жағдайда, аса үлкен үміттерге жетелейді.
Мұндай арман орындалған кезде, кешегі Ұлы Абай көксеген – "нұрлы ақыл мен толық адам” мәселесі ойдағыдай шешілер еді. Әуелден-ақ, анасынан жүректері оянып жан–дүниелері ашылып туған жандар, адамшылық пен арды да, тіпті болашақ ұрпақ қамына да, ерекше сергектікпен қарайтыны анық. Абайдай данышпанның; - "Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла” – деуінің мәні де, өз еңбектерінің осы үш іліммен сабақтасып жатқанын меңзесе керек.
Абайға жүгінсек:
- Ұйықтап жатқан жүректі - ән оятар,
- Үннің тәтті оралған – мәні оятар, - дей келіп,
………………………………………………
- Жүрек тербеп, оятар – баста миды - деп, тұжырымдауын да, телегей теңіз ғұламалық жатыр емес пе?!?
Ұлы Абайдың бұл еңбектерін барынша ашып бағдарлап берген – кемеңгер жазушымыз М.О. Әуезов болса, оның шәкірттері – К. Бейсенбаев, Қ. Өміралиев, М. Мырзахметовтер хал-қадірлерінше жалғастырған еді. Абайдың педагогикалық еңбектеріндегі құнары мол қасиеттерді игеру мәселесі, тіпті әлі жүйелі түрде басталған да жоқ.
 
Совет Хан Ғаббасов, жазушы дәрігер, фантаст, драматург, Медицина және Педагогика ғылым. докторы, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Махамбет сыйлығының лауреаты, Профессор.
 
http://www.maidan.kz/
Просмотров: 1736 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz