Мой сайт
Сенбі, 21.07.2018, 05:16
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2010 » Шілде » 30 » Тар қорқыныш
Тар қорқыныш
17:40

Қорқынышты сезу - бұл әр адам үшін қалыпты нәрсе. Бірақ қорқыныш сезімі шектен шығып, қорқу объектісі адам психикасына қатты қысым көрсетсе, онда ол қарапайым қорқыныш емес, күрделі ауру – фобия екенін мойындауымыз қажет.
Фобия – иррационалдық және бақыланбайтын қорқыныш. Фобия бір нәрсеге жағымсыз қатынасты білдіреді, ал қорқыныштың өзі бұл жағдайда әсер сияқты бүркемелі түрде қатысып, тек осы жарамсыздықты білдіру құралы болып келеді.
Белгілі бір тітіркендіргішке қорқыныш реакциясының жоғары патологиялық көрінісі психиатрияда фобия деп аталады.Фобия даму нәтижесінде адам белгілі бір объектілерден, қызмет немесе жағдай түрлерінен қорқып, олардан қаша бастайды.
Ең таралған фобиялардың бірі тұйықталған кеңістіктерден қорқу - клаустрафобия.
Қорықсаң – істеме
Клаустрафобия - бұл үрейлi бұзылыс, бұл кезде адам тұйықталған және тар бөлмеде болғанда, қатты, себепсіз қорқыныш сезімін сезеді. Клаустрафобиясы бар адам лифтта, автобуста, ұшақта, кісілермен толған бөлмелерде үрей тату мүмкін.

Клаустрафобия симптомдары:
• Тердің ағуы
• Жүрек қағысының жиілеуі
• Ентігу
• Діріл
• Бас айналу
• Талу алдындағы жағдай сезімі
• Қауіп сезімі

Адамда клаустрафобияның бар-жоқтығын келесі көріністер бойынша анықтауға болады:
• Бөлмеге кіргенде, бірден шығу жерін тексеріп, одан алыс кетпеуге тырысады;
• Жолдарда «тығындар» болса, көлік жүргізбеуге тырысады.
• Лифтті қолданбау үшін, баспалдақпен жаяу көтеріледі.

Фобия – бұл жүре пайда болатын құбылыс. Осылайша, клаустрофобия бастан өткізген қатты стресстен кейін, ағзаның қорғаныс реакция ретінде пайда болуы мүмкін. Мысалы,
адам бірнеше сағат лифтте өткізді, түтіндікте тұрып қалды және басқа да адам өмірі немесе денсаулығына қауіпті қандай болса да, қысаң жағдайға түсу мүмкіндігін ми қоршауға алады.
Істесең қорықпа
Қорқыныш психологиялық түзетуді үнемі қажет етпейді, ал тек адамның бақылауынан шыққан және қалыпты өмір сүруге кедергі жасаған уақытта ғана қажет етеді. Сол кезде «үрейлі бұзылулар» қатарынан диагноз қойылу мүмкін.
Фобияларды емдеу әдістерінің ең таралған түрі - науқасты қорқу объектісіне бірте-бірте, баяу дағдыландыру. Релаксация және конгнитивті- жүрiс-тұрыс емінің әртүрлі әдістері қажет. Ал клаустрофобия көріністерін медикаментозды жою үшін, әдетте антидепрессанттар қолданылады.
Топтық психикалық терапия да жоғары нәтижелі болып келеді. Нәтиже бірден байқалмайды, бірақ тұрақты, сондықтан шыдамдылық сақтау қажет. Асқынып кеткен клаустрофобия орталық жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарына әкелуі мүмкін.
Қуанышқа орай, қазіргі уақытта клаустрофобияны емдеу медицинаға үлкен қиыншылық тудырмайды, тіпті көп ақша да қажет емес. Ең қауіптісі - қорқыныштан шыға алмау, оған сіздің ойларыңызбен әрекетіңізді жаулап алуға мүмкіндік беру. Осыны болдырмау қажет.
 
Қорқынышты жеңуге болады.
Медитация.
Дәрілер.
Гипноз.
Бастысы - қолды сілкемеу.
Себебі, қорқыныштан жоғары тек қана жеңіс.

http://meirbike.nsknet.ru/
Просмотров: 3403 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 1
17.02.2013 Спам
1. улжан
RAXMET

Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Шілде 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz