Мой сайт
Сейсенбі, 22.01.2019, 02:02
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2009 » Қараша » 16 » Тұлғаның этникалық төзімділігінің факторы ретінде құндылықтық бағыттар
Тұлғаның этникалық төзімділігінің факторы ретінде құндылықтық бағыттар
19:39
 
 
Психологиялық ғылымда құндылық және құндылық бағыт категорияларын пайдаланудың қазіргі Қазақстандағы этникалық процесстерді мәндестіруде маңызды т.б.
Біздің зерттеулерде құндылықтық бағыттар тұлғаның этникалық әлеуметтік топ құндылықтарын өмірлік стратегиялық мақсаттар мен дүниетанымдық бағыттар ретінде түрлендіруі. Түрлендіру процессі мәндік түзімдердің жалпы қорын игеруге байланысты психологиялық механизмдер арқылы жүзеге асады.
Осы еңбекте Шымкент қаласының орыс және қазақ этносы студент жастарының құндылығымен құндылық бағытын зерттеудің нәтижесі келтірілген. Зерттеуде біз студенттік жас этникалық сапаның дамуымен қатаюының шешуші кезеңі болып табылады деген теориялық ережені пайдаландық
Бәрімізге белгілі, қазақтар мен орыстар мәдениет арақашықтығы анық көрінген халыққа жатады. Осыған байланысты біз орыс және қазақ этностары студенттерінің құндылық құрылымында әлеуметтенудің этникалық факторларына негізделген ерекшеліктердің бар екендігін шамаладық.
Біз ОҚО-ң келесі ерекшеліктерін негізге алдық
1. Аймақтың жоғары полиэтникалығы
2. Бірлесіп өмір сүрудің тарихи тәжірибесі және тұрғындардың жалпы санында орыстар мен қазақтардың меншікті салмағының көптігі
3. оырс копанентінің қысқару тенденциясы
4. қазақтардың санының артуы
5. Ауыл тұрғындарының қалаға ағылуы сандарынан қаланың этникалық құрамында қазақ этносының көбею тенденциясы
Зерттеуде респондент ретінде орыс және қазақ бөлімдерінде білім алатын орыс және қазақ ұлтының 402 студенті тартылды.
Орыс және қазақ тобында білім алатын қазақ ұлтының 240 респонденті сұрауға тартылды, 96 респонденті – орыс ұлтынан, 66 – респондент басқа ұлттан. Соңғы респонденттердің зерттеу хаттамалары талданған жоқ. Республиканың орта жасы – 20,5. Зерттегенде 223 қыз және 179 ер бала қатысты.
ЖОО-дары ОҚМУ. Қазақ Ресей институты, және Балтық мемлекеттік техникалық Университетінің Шымкент филиалдары болды. Бұлай таңдаусыз кездейсоқ емес. Өйткені М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де титулды этнос басым болса, ҚРИ мен БТТТУ-де орыс және басқа да титулды емес ұлттың өкілдері білім алады.
Қазақ және орыс этносты студенттің санасының құндылық құрылымының жақындық дәрежесіТ.У.Солдатова , И.М.Кузнецова, С.В.Рыжова әзірлеген Мәдени құндылықтың диференциясы әдістемелік инструменттері негізінде зерттелді.
1. Кесте – мәдени құндылықтың диференциал әдістемесі бойынша алынған сапалардың көріну коэфициенті


Біз қазақтармен орыстардың мәдени құндылық сипатын көрсетудегі айырмашылық тенденцисын мына диадада байқаймыз: моно және полиэтникалық топтардың қазақтары мен орыстары ҚМ – ОМ
Топқа өзін ұстау школа бойынша нәтижелерді бағалай келе, қазақтар орыстарға қарағанда топқа үлкен дәрежеде бағыт ұстанады деуге болады.
Бұл қазақтардың біз – бейнесінде өзара қол ұшын беру, дәстүрге адалдық деген сапалар.
Негізі: Шоманбаева А.О.,09 там 2008
http://www.eippp.kz/ сайтынан
Просмотров: 1401 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2019 Конструктор сайтов - uCoz