Мой сайт
Сейсенбі, 25.09.2018, 03:53
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2009 » Қараша » 16 » Тұлғаның этникалық өзіндік танымының жүйеетүзуші элементтері ретіндегі құндылықтық бағыттар және этникалық сенімдер
Тұлғаның этникалық өзіндік танымының жүйеетүзуші элементтері ретіндегі құндылықтық бағыттар және этникалық сенімдер
19:43
 
 
Тұлғаның құндылықтық бағыты мен этникалық сенімдерінің өзарабайланысы феноменін зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасындағы жаңа социомәдени және социодинамикалық жағдайдағы этникалық процесстерді негіздеу қажеттілігімен анықталады.
Республикада өткір ұлтаралық жанжалдардың жоқтығына қарамастан ұлттық өзіндік етенелесу моделін іздестірүмен , тілдік мәселелерді шешүмен және полиэтникалық ортада этникааралық қатынастарды тиімділендірумен байланысты мәселелер бар. Осы мәселелерді шешу қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ынтымақтасу жағдайындағы саяси ғана емес, экономикалық турақтылығына кепіл болады.
Кросс-мәдени зерттеулерде қундылықтық бағыттың міндеттерін алға қою және жузеге асыру этнологияда,этносоциологияда, әлеуметтік және этникалық психологияда жинақталған теориялық және эмперикалық материалдардың арқасында мүмкін болды.( С. А.Арутюнов , Ю. В . Бромлей , Л. Н. Гумилев, В. С. Алиев, Г.М. Андреева, В. Л. Быкова , А. В. Сухарев, С. М. Жакыпов, А.И. Донцов, Н. М. Лебедева, К.К.Платонов, Б. Ф. Поршнев, Г. У. Солдатова, Т. Г. Стефаненко, В. М. Хотинец, П. Н.
Сонымен қатар , этникалық толеранттылық және интолеранттылық пайда болуына ықпал ететін факторлар мен механизімдерді талдауға бағытталған полимәдени аумақтағы эмпирикалық зерттеулер жеткіліксіз.
Зерттеудің мақсаты полиэтникалық орта жағдайында орыс және қазақ этностарының студент жастарындағы құндылықтық бағыт пен этникалық сенімдердің өзара байланысын зерттеу.Зерттеу обьектісі полиэтникалық орта жағдайындағы студент жастардың этникалық өзіндік сапасы болып табылады . Зерттеудің пәні -этникалық өзіндік сана құрылымындағы әртүрлі этностар тұлғаларының құндылықтық бағыты мен этникалық сенімдер жүйесі.
Зерттеу контекстінде әдебиеттердің аналитикалық шолудан анықталғандай құндылықтық бағыттар бұл этникалық әлеуметтік топтардың өмірлік стратегиялық мақсаттар мен дүниетанымдық бағыттарының қундылықтарын моно-және полиэтникалық дербестігі әлемінің этникалық бейнесін түзеді.
Анықталғандай, этникалық сенімдер этникааралық қатынастардың әлеуметтік перцептивті индикаторы, тұлғаның эмоциялық бағалауының көрінүінің бір формасы (С. М. Жақыпов , Р. Т. Алимбаева, Б. А. Амирова, З. М. Балғынбаев). Бұл жердегі негізгі назарға алатынымыз, бұл феноменнің стстикалық емес , динамикалық түзілімді беретіндігі.
Қундылықтық бағыттар мен этникалық сенімдерді тұлғаның әлеуметтік іс- әрекетінің диспозициялық қуралымының жүйе түзушілік элементтері, әртүрлі ережелік денгейлері ретінде қарастыру ұсынылған (В. А. Ядов, Л.Г. Почебут)
Етникалық сенімдер – біз – олар деп белгіленген этноәлеүметтік ережелердің екіншіденгей құндылықтық бағыттар-адамның базалық этникалық ережелері негізіндегі әлеуметтік сапасының төртінші жоғары денгейі.
2. Құндылықтық бағытпен этникалық сенімдерге қатысты мәнтүзілү процессі базалық болып табылады . (С.М. Жақыпов) . Құндылықтың бағыттар-бұл мәнтүзілу процессінің нәтижесі , этникалық сенімдер –оның процесстік көрінісі және күйі.
3. Құндылықтық бағыттар және этникалық сенімдер бұл тұлғаның этникалық санасы құрылымының жүйетүзуші элементтері (Г.У. Солдатова)
Осылайша, құндылықтық бағыттар және этникалық сенімдер өзарабайланысқан және өзара тәуелді жүйелердің элементтері ретінде қарастырылған. ЖОО-да экономика, тарих, психология факультеттерінде орыс және қазақ бөлімінде оқитын 402 орыс және қазақ ұлттың студенттері респондент ретінде зерттеуге қатысты. ЖОО мыналар М. Әуезов атындағы ОҚМУ, қазіргі заманғы Гуманитарлық Академияның Қазақ - Ресей институтының, Балтық мемлекеттік Техникалық Университетінің Шымкент филиалдары.
Орыс (ҚП) және қазақ (ҚМ) тілінде оқитын топтардан қазақ ұлтынын 240 респонденті және 06- орыс ұлтының (ОМ,ОП) 66 басқа ұлттың респонденттері қатысты. Зерттеуге 223 қыз, 179 ұл қатысты. Тәжірибелік зерттеудің бірінші сатысында оқу тобының моно-және полиэтникалық құрамымен негізделген орыс және қазақ этностарынының студентеріндегі қундылықтық қурылымның мәдени ерекшеліктері анықталды.
Тілдік мінез- құлықты зерттеу Г.В.Старовойтованың модельденген этнопсихологиялық сұраушысының көмегімен мәдениет саласындағы құндылықтықбағыттың конативті компоненттің зерттеуге мұмкіндік береді.
Келесі нәтижелер алынды
1. Студенттердің этникалық тілге бауыр басқандығы анықталды.
2. Қазақ этносының тілдік қарым- қатынасына тән нәрсе ұлтаралық және ұлтішілік байланыс саласындағы екітілділік болып табылады (әсіресе полиэтникалық топтардағы топтардағы қазақтардың)динаттық билингвизім екітілді қазақтардың әлеуметтік және адекваттық қарым- қатынасының теңдей жоғары дәрежесін көрсетеді.
3. Полиэтникалық топтардағы орыстар мен қазақтардың нақты және жобалық тілдік іс- әрекеттері арасындағы келіспеушілік байқалады.
Сұраушының сұрақтарының келесі блогы респонденттердің адамның этникалық анықталуындағы басты этномәдени қундылықтары этникалық етенелесу, ынтымақтасу және дифференцация туралы түсінігін зерттеуге бағытталады.
Этникалық жатудың басты факторы ретінде әкесінің ұлтын таңдау моноэтникалық топ қазақтарында байқалады өз қалауы бойынша факторы көбінесе орыс тобы студенттері арасында байқалады, бұл орысша мәдениетінде тұлғаға, біршама дербестікке бағытталған қундылықтардың бар екендігін жанама түрде көрсетеді. Өмір сүру орын қазақтар арасында салмақтырақ көрінген , ол орыс этносы студенттері үшін маңызды болмаған. Осыған байланысты , қазақтарда отанцентризм идеясы мен туған жердің ортақтығы құндылығының маңызды болғаны деп санаймыз.
Моно- және полиэтникалық топтардағғы этнодифференцация және этноынтымақтастықтың көрінуінде ұқсас және айырмашылық белгілер анықталған.
1. Респонденттердің пікірі бойынша , этностың тілі- коммуникативтік қана емес, ана тілін әлсіз игерген қазақтар үшін символдық қызметті де атқаратын , этноынтымақтасу мен этнодифференцияцияның басты факторы (ҚП).
2. Қазақтардың этникалық қундылықтары қурылымында (ҚМ,ҚП) дің басым салмаққа ие, орыстарда (ОМ) –ортақ өткен тарих.
3. Респонденттердің барлық тобы мәдени салт дәстүрлерді этноынтымақтастық пен этнодифференциялдағы маңызды фактор деп атап көрсеткен.
4. Полиэтникалық топтың қазақ студенттері этнодифференцация проццесін өз этносы өкіллдерінің мінезі мен психологиясының ортақтығымен байланыстырады.
Респонденттердің этномәдени хабардарлығын және студенттер тұлғасының құндылық бағытының когнитивті компонентін зерттеу барысында респонденттер алдымен өз этникалық тобынан шыққан мәдени қайраткерлерді, сосын қазақстандық, содан кейін шет елдік қайраткерлерді атап қазақ ( орыс ) халқының тарихынан тарихи оқиғаларды көрсетті. Моноэтникалық топтардағы респонденттердің этномәдени хабардар болуында өзімдікі -өзімдікі қағидасы бойынша қабылдау басым , ал полиэтникалық топтарда өзімдікі- өзімдікі, өзімдікі – басқаныңкі , сол және басқа халықтың мәдениеті мен тарихы жайында хабардарболу денгейі тұлғаның қундылықтың бағытын сипаттайды.
Дербесттіке ұжымдық деген психологиялық универсалын континууымында топтық қундылықтық бағытты өлшеу. Г. У. Солдатованың мәдени қундылықтық дифферинцеал әдістемесінің көмегімен топқа, өзгеріске, бір-бірін және билікке жүргізілді.
Топтық құндылықтың бағыттар өлшемінің нәтижелерін өңдеу келесілерді анықтауға мүмкіндік береді.
1. Бейнелер денгейінде қазақтардың қабылдауы орыстармен салыстырғанда біршама ұжымшылдық мәдениетті береді. Ерекшеліктер диадттарда біршама байқалған моноэтникалық топтардың қазақтары мен орыстары , полиэтникалық және моноэтникалық топтардың қазақтары.
2. Моноэтникалық топтардың орыстары мен қазақтары арасындағы семантикалық жанжалдық аумақтың ортасы топқа бағыт ұстау, өзара қарым- қатынасқа бағыт ұстау б. т.
3. Полиэтникалық топтардың орыстары моноэтникалық топтардың орыстарымен салыстырғанда біршама жол бергіш және топқа бағыт ұстағыш болып көрінген. Бұл белсенді этникааралық өзараәрекет жағдайында бейімделүдің тәсілі болып табылады.
4. Моноэтникалық топтардың орыстары мен қазақтары өзгерістердің ашық болуына айқын бағыт ұстауын көрсетеді.
5. Екі социомәдени жүйелердің қундылықтарының интериоризациясындағы ынтымақтастық тенденциясының көрінісін диадада байқаймыз: полиэтникалық топтардың орыстары мен қазақтарына семантикалық аймақтың өзараену шекарасы тән; олар өзара топ ішінде бір-бірімен келісімде. Бұл өзара қол ұшын беру, дәстүрлері адал болу, ашықтық, әлем сүйгіштік және занғаергіштік.
6. Ұжымшылдық дербестік заңдылығы диапазонында орыс және қазақ этносы студенттерінің құндылықтық бағытының сәйкескелу дәрежесінің көрсеткіштері полиэтникалық топ студенттерінің қундылықтық қурылымының сәйкестілігін көрсетіп отыр. Сондайақ моноэтникалық топтардың жастарының құндылықтың бағытында айырмашылыққа ие.
7. Субьективті мәдени ара-қашықтықтар бойынша көрсеткіштер күтілетіндер шеңберінде қалыптасады, толығымен алғанда, полиэтникалық топтардың орыстары мен қазақтары арасындағы мәдени жақындылық денгейі моноэтникалық топтардың этностарының субьективті мәдени жақындығы денгейінен жоғары.
Мәдени құндылықтың дифференциал әдістемесі әлеуметтердің этникалық факторларымен негізделген этностардың орыс және қазақ студент жастарының құндылықтық бағыт құрылымындағы ұлтаралық және мәдениетаралық сенімді айырмашылықтардың бар екендігін растады.. Сондайақ полиэтникалық топтарда білім алатын студунттердің құндылықтық бағытында тасымалданушы құбылыстардың бар болуын растады. Бұл тұжырым ұжымшылдық -дербестік диапазонында зерттелетін топтардың өзіндік етенелесу бейнесінің семантикалық кеністігіне анализ жасау барысында расталды. Бір-біріне қатысты обьектілердің бағасының орнына және олардың арасындағы ара қашықтыққа назар аудару керек, өйткені семантикалық кеністіктің өлшегіші халықтар арасындығы өзарақабылдау мен өзара қарым –қатынасты сипаттайды. Қазақ бейнесі , және орыс бейнесі орны полиэтникалық топтарда моноэтникалық топтардымен салыстырғанда айтарлықтай аз арақашықтықта болады. Бұл полиэтникалық топтарда ынтымақтасу тенденцияларының корінісін және құндылықтар жүйесінің өзара бөлінісін білдіреді.
Анықталған көрсеткіштердің салыстырмалық анализінен келесі заңдылықты қалыптастыруға болады : өз этникалық тобыңмен етенелесу денгейі қаншалықты көрсете отырып, соншалықты оң бағалайды. Тәжірибенің келесі сатысы С.М. Жақыповтың авторлық әдістемесінің көмегімен этникалық сенімнің динамикасымен бағыттылығын зерттеумен байланысты.
Тұлғалық сапалар үш маңызды параметірлер бойынша жіктеледі; моральдық (М+-), физикалық (F+-) , зияткерлік (J+-). Тәріибенің нәтижесі бойынша респонденттердің кері және оң жауаптарының пайыздық сәйкестігі шығарылады, этникалық сенімдерінің көрінісінің ортаарифметикалық мәні есептеледі. Полиэтникалық топ студенттерінде танымдық әрекет процессінде кері этникалық сенімдердің өзгеруі азаю жағына қарап жүреді; этникалық сенімнің динамикасы мен бағыттылығында социомәдени ерекшеліктерге негізделген гендерлік айырмашылықтар бар: полиэтникалық топтарды бірлескен танымдық әрекеттер процесінде қазақ және орыс этностарының студентттерінің өзарақабылдауының этникалық фактор маңызданады.
Зерттеудің үшінші сатысында тұлғаның құндылықтық бағыты және этникалық сенімін сипаттайтын этнопсихологиялық өзгерістер арасындағы өзарабайланыстың бар екендігі анықталды. Алынған мәліметтер негізінде әр этникалық топ үшін коррекциялық графаралар құрылды.
Коррекциялық графалардың анализімен анықталғандай автостреотивтің Эмоциялық компонент және субьективті мәдени ара-қашықтық барлық жағдайда гетеростреотиппен және әлеуметтік ара-қашықтықпен өзарабайланыста.
Коррекциялық байланыс сызықтықта (R) , сызықтық емес те (В) болады. Сызықтық емес мәнді коэффиценттер (P+- 0,001) болған кезде гетеростреотип және әлеуметтік дистанция көбінше автостреотипке және субьективтімәдени дистанцияға байланысты болады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл жерден шығатын тұжырым мынадай, тұлғаның қундылықтық бағытта оның этникалық сенімдерінің этнобайланыстық топтарға қатысты сипаты мен бағытына ықпал етеді.
Жалпы тұжырымдар
1. Жүргізген зерттеулер қазіргі заманғы психологтардың тұлғаның этникалық сапасы оның құндылықтық құрылымымен бірге студенттік жаста белсенді қалыптасу сатысында болады деген мәліметтерін растады.
2. Этникалық құндылықтар жүйесімен қалыптасқан тұлғаның этникалық бағыттары және этникалық сенімдері орыстар мен қазақтардың жас ұрпағының әлемінің этникалық бейнесіндегі тұлғалық мазмұнның сан алуандығын сипаттайтын ұлттық және гендерлік ерекшеліктерге ие.
3. Зерттеу көрсеткендей, бір мәдениет шеңберінде әртүрлі құндылықтық бағыттар болуы мүмкін. Мүндай тасымалдың негізін этникобайсалныстық топтардың құндылықтық бағытының сәйкестігінің жоғарғы дәрежесін көрсететін, әртүрлі құндылықтарға ашық және төзімді полиэтникалық орта құрады.
4. Білім алу процесінде полиэтникалықтоптарда студенттерде кері этникалық сенімдердің өзгерісі азаю жағына қарай болады , ал ол этникалық сенімдер көбею жағына қарай өзгереді. Моноэтникалық топ студенттеріне кері этникалық сенімдердің өзгерісі көбею жағына , ал оң этникалық сенімдердің өзгеруі азаю жағына қарай болады.
5. Полиэтникалық топтарда бірлескен танымдық әрекеттер процесінде этникалық фактор төмендеп, орыс және қазақ этностары студенттерінің өзара қабылдауының іс-әрекеттік факторы маңызды болады.
6. Зерттеу барысында құндылықтық бағыт пен этникалық сенімді сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы сызықтық және сызықтық емес коррекциялық байланыстар анықталды.
7. Этникалық сенімді жоюдың алдын –алатын факторлар анықталды оң этникалық етенелестік, политілдік, этникалық топтардың мәдени жақындығын психологиялық сезімі, ортақ семантикалық мәдениетаралық зоналар, бір-бірінің адекватты және позитивті бейнелері.
8. Этностарының өзараәрекетінің ынтымақтастық моделі полимәдени және полиэтникалық жағдайында біршама тиімді болып табылады.
Әдебиет
1.Джакупов С.М.Психлогическая структура процесса обучения. Алматы: Издат-во КазНУ, 2004.-320с.
2. Лебедева Н.М. Ценностно-мотивационная структура личности в руской культуре // Психол. Журнал. -2001-Т.22, 3-С.47-51
3. Нэльсон Т. Психология предубеждений. Секреты шаблонов мышления, восприятия и поведения –СПб.,-384с
4. Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности.-М:Смысл, 1998-С.165-194
5. Шоманбаева А.О. Взаимосвязь ценностных ориентации и этнических предубеждений личности в условиях полиэтнического окружения Автореф. Дис. Канд. Психол. Наук.-Ярославль 2008-26с.
6. Ядов В.А. Социальная идентичность личности.-М.,1994-397с.
Негізі: Шоманбаева А.О.,09 там 2008
http://www.eippp.kz/ сайтынан
Просмотров: 3219 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Қараша 2009  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz