Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 20:19
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2013 » Желтоқсан » 8 » Өз еркімен өлу
Өз еркімен өлу
17:05

Кездейсоқта қолыма екі бірдей кітап қатар түсті: Қадыр Мырзалиевтің "Жазмышы”, Немат Келімбетовтің "Үміт үзгім келмейді” кітабы.
Назар аударған нәрсем мынау: екі шығармада да өз-өзіне қол жұмсап (бәлки, қоғамдағы келеңсіздіктерге күйініп, бәлки, жеке басының қайғысымен) ана дүниеге аттанған және аттанатын жандар туралы жазылыпты. Қадыр атамды оқып отырып, у ішіп, дарға асылып, дуэльге түсіп т.б. тәсілдермен өлген ұлықтардың әрекетіне сүйсінгендей (тым артық айтылған сөз) болсам, қол-аяғы істен шығып, 40 жылдай уақыт төсекке таңылып жатса да шығармашылығынан қол үзбеген Немат атаны оқып басқаша ойға қалдым. Сөйтіп, бір күнде 2 бірдей авторды оқығандығым менің ойларымды сапырылыстырып тастады. Сонымен, үзінділерді ұсынайын:
 Қадыр ата айтады:
"Ренар былай депті: «Адамдардың өздерін өздері өлтіргісі келетін кездері өте көп болады. Бірақ сол ниетгің аяғы әдетте фотосуретін жыртумен тынады». Иә, ұлы суретші, негізінен дұрыс байқаған. Шын мәнінде өмір сүруге батылдықтан гөрі қорқақтық көбірек көмектеседі-ау деймін. Соның арқасында ғой адамдардың азап шегіп, итшілеп жүре беретіні де… Ал батыл адамдар не болса, о болсын, дегенін істеп тынады. Ежелгі Римде өзін-өзі еркімен өлтіру ерлікке саналған. Мұның да жаны бар. «Өлмес үшін бір өлдім» деп ақын айтқандай, абыройыңнан айырылып, адамдық қасиетінді аяққа таптап, құн сайын мың өлгенше, дұрыстап бір өлген де жөн шығар”.
Немат ата айтады:"… Ал, кейбір жаны жасық, сүйегі күйреуік біреулер болмашы нәрсені көтере алмай, ақыр заман орнап қалғандай басын тауға да, тасқа да соғады. Жанын қоярға жер таппай аласұрады. Бұлар – дәрменсіздер. Қорқақтар. Бейшаралар…
Алғашында мен оларды жүрек жұтқан батыр жандар шығар деп жүрдім. Өзіне-өзі қол жұмсағандардың қоян жүрек қорқақ, бейшара екенін кейінірек өз басыма таудай тауқымет түскен кезде ғана ұқтым. Ұқтым да әлденеден жиіркендім. Біреулердің дәрменсіздгі арқама аяздай батты”.
Қадыр ата айтады:
«Өзіңді өзің сақтап қалу ниеті өзің-өзің өлтіруге шейін апарады», – дейді поляк жазушысы Станислав Ежи Лец. Байқайсыздар ма, жаңа ғана мысалға келтірілген «өлмес үшін бір өлдімнен» аумайды. Бірін-бірі көрмеген, бірін-бірі оқымаған қазақ ақыны мен поляк ақынының ойы бір жерден шығып жатыр”.
Немат ата айтады:
"Бұлар – көзі болса да көрмейтін, құлағы түрса да естімейтін, тілі бар десек те сөйлей алмайтын тірі жансыздар. Олар өмірдің қайталанбас ғажайып көркін көруге, барша құнын түсінуге, сиқырлы әуенін тыңдауға дәрмені жетпегендер…
Әйтпесе көкірек көзі ашық адам табиғаттың осыншама сұлулығын, адамдардың көл-көсір ықылас-мейірімін, балалардың кіршіксіз күлкісін қалай ғана қиып, өзін-өзі өлтіреді екен, ә? Қайта адамдар өмір қызығын көру, сезіну, есіту үшін күресіп, сол үшін жан пида етіп жатқан жоқ па?!
Өзіне-өзі қол жұмсағандарды да, меніңше, ел-жұртына дәл сондай опасыздық жасағандар деп есептеу керек…”
Қадыр ата айтады:
"Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар. Сол ондаған себепті арқалап, тірі жүре беру қияметтің қияметі. Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?! Міне, тірліктен тезірек құтылғысы келетіндердің басты логикасы осы. Қарсы шығу, айтысу, бірдеңені дәлелдеу өте қиын. Өйткені олардікі дұрыстау…”
Немат ата айтады:"Әрбір адам өмірдің қызығын, тіршіліктің ләззатын, адамның ұлылығын бұдан да асқар шыңдарға асқақтата түсуге өз халінше үлес қосу керек емес пе? Міне, осындай киелі парызды өтеуден өз еріктерімен әдейі бас тартқан адамды кім деуге болады? Әдетте еліне опасыздық жасағандарға қатал үкім шығарады. Соттайды. Заң солай”.
Қадыр ата айтады:«Есі дұрыс, дені сау адамдардың қай-қайсысы да өзін-өзі өлтіру жөнінде бір сәт болса да ойланбаулары мүмкін емес» – деп жазыпты бір кезде әрі жазушы, әрі философ Альбер Камю. Бір ғажабы қазақта «Самоубийство» деген сөз жоқ. Қазақта ғана емес, бүкіл түркі халқында жоқ екен. Мен барлық түрік сөздіктерін ақтарып шықтым. Барлығы да өзін-өзі өлтіру дейді. Лексема әдетте қос сөзден тұрмайды. Дәлірек айтсақ, екі сөзден тұрмайды. Бұл сөз емес, тіркес. Тіркес болғанда да көне тіркес емес. Жаңа тіркес, жасанды тіркес. Демек, бұл кейініректе кірген ұғым болуы керек. Әйтсе де…”
Немат ата айтады:” Ал, ел-жұрттан теріс айналып, өмір сүруден өз еркімен безгендерді не істейді? Не істеуге болады? Олар өздеріне-өздері –ақ өте әділ үкім шығарып қойған жоқ па? Соның өзі-ақ жетпей ме? Жоқ! Олар үшін бұл жаза тым аздық қылады. «Өліп кету қиын емес, өмір сүру қиын», – депті бір данышпан. Сол қиындықтан қашқандардың әділ жазасын тірілер беруі керек”.
Қадыр ата айтады:"Қайткенде де, меніңше бір нәрсенің басы ашық, ешкім өмірге өзін-өзі өлтіруге келмейді. Қандай қиын болса да, өмір сүруге келеді. Кісі өлтірудің жолы көп. Өзін-өзі өлтіру де – кісі өлтіру. Айырмашылығы – соңғысында адамды басқа біреудің қолымен өлтірмейді, өз қолымен өлтіреді. Мұндай қазаның артында заман, қоғам… тұрады.
Болған емес өзін-өзі өлтіру,
Біреу оны өз қолымен өлтірер!- дейді Евгений Евтушенко бір өлеңінде. Қандай дұрыс, қандай дәл айтқан!”
Немат ата айтады:"Егер менен біреу ондайларға енді не істеуге болады деп сұраса, мен былай дер едім: «Осындай ғажайып өмірден қашқан қарабеттердің есімін өзгелер түгілі, өз ұрпақтары да ешқашан ауызға алмайтын болсын! Халқына осылайша опасыздық жасаған сатқындардың есімі жаңа туған күнәсіз нәрестелерге берілмейтін болсын! Көзінің тірі кезінде өз халқымен бірге жүріп, бірге тұрып көрмеген, оның қуанышы мен қайғысына ортақ болғысы келмеген мұндай қорқаулардың өлексесін де қасиетті адамдардың бейітіне жолатпайтын болсын!
Міне, сонда ғана біздер бүкіл жер бетіндегі мұндай опасыздық атаулыға әділ үкім шығаратын боламыз”.

http://rozatai.wordpress.com/2011/09/23/%d3%a9%d0%b7-%d0%b5%d1%80%d0%ba%d1%96%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d3%a9%d0%bb%d1%83-2/#more-2189  
Просмотров: 1363 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.5/2 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz