Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 04:31
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Шілде » 20 » Өз кәсібінің шебері
Өз кәсібінің шебері
20:01
 
Рухани астанамыз Алматы қаласындағы психиатрия, психотерапия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығында медициналық психолог болып жұмыс істейтін Ғалымгүл Сауытбекқызы Молдасанованы өз әріптестері сала бойынша білікті және тәжірибелі маман ретінде құрмет тұтады.
Ол 1982 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін дефектолог-логопед мамандығы бойынша бітірген. Бір жылдай Алматы қаласындағы саңырау, нашар еститін балалардың арнайы бала бақшасында сурдопедагог болып қызмет атқарды. Одан соң 1983-1999 жылдары республикалық клиникалық психиатриялық ауруханада психолог, психологиялық кабинет меңгерушісі болды. Сондай-ақ төрт жыл Әділет Министрлігі Сот сараптау орталығында сарапшы психолог болып еңбек етті. Соңғы сегіз жыл ғылыми-практикалық орталықта психолог маманы болып тер төгіп келеді.
 
Ғ.С. Молдасанова Санкт-Петербург қаласында медициналық психология, Москвада сот және медициналық психология негіздері бойынша өз біліктілігін жетілдірген. Сонымен қатар дәрігерлердің білімін жетілдіру курстарында өз саласы бойынша сабақ береді, жан дертіне шалдыққан науқастарды диагностикалау бойынша жұмыстар атқарады. Ол тәлімгер ретінде орталықтың Жұлдызай, Аян, Эльмира, Алена сияқты жас мамандарының өз кәсібін жетік білуіне мол қолқабыс тигізіп келеді.
 
Ғалымгүл Сауытбекқызының пікірінше психикалық бұзылыстары бар сырқаттарға көмек беруде дәрігердің клиникалық ойлауы кейде кедергі келтірген кезде, медициналық психолог бұл ауытқуларды аспаптық жолмен дәл табуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар ол әлі күнге дейін педагогикалық оқу орындарында психология бойынша білім алған мамандардың денсаулық сақтау мекемесіндегі орнының анықталмағанына алаңдаушылық білдіреді. Өйткені олардың жалақысы төмен, біліктілік иеленіп, әрі қарай кәсіби өсу жолдары айқындалмаған. Бұл мәселе туралы жоғары органдарға сан рет ұсыныс берілгенімен, проблема шешімін таппады. Сол себепті болашағынан үміт күттірген кейбір жас мамандар Мира, Сандуғаш, Қайраттар өз саласы бойынша білімі де, білігі де жоғары бола тұра жалақысы артығырақ басқа жерге жұмыс орындарын ауыстырды. Әрине, олар өз қалап алған мамандығын, жұмыс істеу ортасын ұнатады, дегенмен, Алматы сияқты ірі мегаполисте 30 мың теңге жалақымен күн көрудің қиын екендігін жақсы біледі.
 
Ғалымгүл Сауытбекқызының сырқатқа деген мейірімінің, өзін ұстауының, коммуникациялық ептіліктерінің жылдар бойына қалыптасқаны бірден аңғарылады. Ол жаңалыққа құштар, ұдайы білсем деп алға талпынған маман. Алдына келген сырқаттың жан дүнесіне үңілу, психолог маманнан зор шыдамдылықты, оған деген түсіністікті, өзара тіл табысуды талап етеді. Сонымен қатар психопатология бойынша негізгі ұғымдарды, олардың науқастарда біліну белгілерін білуге тиіссің. Әрине, сырқатқа дәрігер сияқты диагноз қоймайсың. Алайда ондағы психикалық бұзылыстарды түрлі әдістемелер арқылы дәл анықтауың қажет. Бұл қасиеттердің Ғалымгүл Сауытбекқызының бойынан табылғанына тәнті боласың.
 
Ол қазақ тілін медициналық психологияда қолдануға ынталы жан. Алайда орта орыс тілді болғанымен, қазақ пациенттер алдына келгенде, олардың ана тілінде көмек беруге тырысады. Сөз ортасында ол ілгеріде болған бір оқиға туралы баяндап берді: «Психиатриялық клиникада жұмыс істегеніме көп бола қоймаған кез. Сол уақытта мұнда ұлты еврей маман әйелдер көбірек болатын. Бір сөзінде олар: Қазақтардың өресі төмен. Егер орыстар болмаса, еш ғылымды иегер алмас еді деген пікір айтты. Мен шыдамадым: Қазақтай талапты халық дүниеде аз. Мәселен, сіздер тек орыс тілін ғана білесіздер. Ал олар болса, өз ана тілін де, орыс тілін де жетік меңгерген – деп айтып салдым. Ізініше олар: Иә, Ғалымгүл дұрыс айтады. Шынымен қазақтар қабілетті, деп өз сөздерінен тайқып шыға келді.» Бұл оның өз ұлтына деген зор сүйіспеншілігін білдірсе керек. Ғалымгүл Сауытбекқызының жұбайы Біржан Жүсиев микробиология және вирусология орталығында менеджер болып жұмыс істейді, балалары Анар мен Бауыржан – мектеп оқушылары.
 
С. СМАҒҰЛҰЛЫ,
«Сыр психология әлемі» газеті
Просмотров: 1770 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Шілде 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz