Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 20:28
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2010 » Маусым » 28 » Өзгені емес, өзіңді … (Отбасы өмірі жайлы)
Өзгені емес, өзіңді … (Отбасы өмірі жайлы)
17:54
Анар АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ, психолог
Елімізде 2001 жылы әр 1000 адамнан 6 адам некеге отырып, 2 адам ажырасқан екен. Сол жылдардағы санақ бойынша республика көлемінде жыл сайын 35-40 мыңға жуық неке бұзу тіркелген. Өкінішке орай, "қастерлі отбасы” сөзінің мән-мазмұны өз тұғырынан түсіп кеткен секілді. Қазақ халқының тарихына, діні мен діліне жат осы көрсеткіштерді азайту мүмкін бе? Осы сауалды ортаға салайық.
Психологтардың көмегіне жүгінгендердің көбісі өзін емес, өзгені өзгерту қамында жүр. ”Күйеуімді қалай ақылға салсам?”, "Әйелім сондай түсніксіз …”, анау олай, мынау былай” деп қынжылады. Әр адам өмірінде басқаларды емес, сол басқа адамдарға, оқиғаларға деген көзқарасын дұрыстау арқылы ғана шын жетістікке қол жеткізіп, бақытты өмір сүре алады. Иә, жанымызға тыным таптырмайтын өзгелер емес, тап өзіміз екен.
Сондықтан істі өзімізден бастау керек. Әсіресе, отбасында әр кім өзін түсіністік пен төзімділікке, кешірімді болуға тәрбиелей білуі керек.
Шиеленістің түп-төркіні
Қазіргі уақытта өмір сүру қажеттіліктерінің артуы мен керекті-керексіз ақпарат легі, тез даму қарқыны адамдарға стресс, депрессия,щаршау-болдыру секілді көріністерді қоса әкелуде. "Жағдай түзелсе, отбасы түзелер” деген бекер сөз. Адамгершілік пен сүйіспеншілік секілді асқақ қасиеттер мен сезімдер ғана отбасы берекетін келтіріп, көркейте түседі.
Адамның басқа бір адаммен бірге тұруы оңай нәрсе емес, бірін-бірі сүйіп қосылғанмен екі жастың жарасым тауып кетуі әркезде әр қалай өрбіп жатады. Себебі, жұбайлар жарасымы үшін өмірлік құндылықтар мен ұстанымдардың, мақсат пен мұраттың сәйкестігі олардың бір-біріне деген құштарлық сезімінен кем болмауы керек. Сәйкессіздіктер шиеленістің бірден-бір себебі болып табылады.
Туысқандармен бірге тұруы жастардың үйлесім табуы тиіс адам санының көбеюі дегенді білдіреді. Жаңылыс-қатеге кешірімді, қамқор жандар жастарға сүйеу болса, кей отбасында керсінше, ұсақ-түсйекпен қылаң еткен отқа май құып, бекіп үлгермеген жастар шаңырағының шайқалуына себеп болуда.
Ерлі-зайыптылардың арасындағы кикілжіңдер адамдардың мінез-құлқының үйлеспеуінен туындайды. Жалпы, адамның мінез-құлқы туа біткен және жүре біткен ерекшеліктерден қалыптасады. Ерлі-зайыптылар, көбінесе, саналы немесе санасыз түрде, өз әке-шешесінен, айналасынан көргенін қайталауға бейім келеді.
Кім кінәлі?
Бұл — түбі жеткізбейтін терең сұрақ. Әр адамның бір сылтауы табылар-ау, бірақ бар мәселе әркімнің өзін-өзі анықтауында. Өзініңкі дұрыс болғанымен, басқаларды ойлап, түсінуге тырысу қажет қой. Өз бойында эмпатия қабілетін (өзіңді басқа біреудің орнына бір сәт қоя білу) дамыту әр адамның өз өмірінің мағынасын, мәні мен сәнін арттырады. Яғни, алдындағы адамның ішкі сырын түсінуге жасалған әрекет әркімнің өзі үшін пайдалы болмақ. Бұл сізге ол адамның көзқарасын бөлісуді, тап сол адам секілді ойлауды керек етпейді, бар болғаны, бір сәтке өзіңізді сол адамның орнына қойып, ішкі дүниесін сезінуге тырысыңыз.
Кикілжің көбіне-көп өзімшілдіктен басталады. Жарының шағымы немесе қалауына уақытылы мән берілмейді де, кейіннен мәселе әбден ушыққан кезде әттең дегізеді. Дүниеде мінсіз адамның жоқ екенін әсте естен шығармаңыз. Ерлі-зайыптылардың арасында шиеленіс шыққан жағдайда оқиғаны екіжақты сараптау керек. Кінәңіз болса, кешірім сұрауды кешіктірмеңіз. Жұбайлар бір-біріне өз мақсатын, ойы мен сезімін әрдайым ашық айтып, бөлісетіндей қарым-қатынасты сақтау қажет. Мінез көрсетіп, қатты сөзге келуді әдетке айналдырып алмаңыз. Мұның адамның қадірін кетіріп, отбасының шырқын бұзғаннан басқа пайдасы болмақ емес. Сүйген жарыңыздың кемшілігін қазбалағаннан гөр, жақсылығын, игі істерін жиі ойлап, оны бағалауға тырысып көріңіз.
Қызықты күндерден кейін …
Үйленбей тұрғанда әсіресе, жігіт жақсы келеді. Ғашығына гүл шоқтарын, сыйлық алып, әдемі сөздерін үйіп-төгеді. Қызға қайта-қайта телефон соғып, екеуі бірге өткізетін уақытты қызықты етуге тырысады. Театрға барғысы келмесе, киноға апарады, шай ішкісі келмесе, кофе алдырады. Қыздың қалауы орындалып, айтқаны болады. Өзі де ұнатқан жігіттен осыншама сый көрген қыздың қандай арманы болмақ?
Сөз байласқан екі жанның бір-біріне ұнамды көріну үшін өз кемшіліктерін бүкпелеуге тырысатындары да шындық. Кездескен уақыттарында бой жазып қыдырып, тіршілік қамынан алыстайды. Бұл жастарды еліктіріп, бір-бірін қайта көруге асық етеді.
Міне, осы екі жас той өткеннен соң, ертегідей сезім құшағынан өмір сергелдеңіне топ ете түседі. Бұрынғы бірге серуендеп, тірлік қамынан алыстатқан адамы енді оны өмір бойы жалғасатын күйбең тірлікке міндеттейді. Осы жауапкершіліктерге дайын болмау, бейімделе алмау немесе қашқақтау алғашқы айларда-ақ наразылық тудырып, ұнамсыз жағдайларға апарып соғуы мүмкін.
Тойдан кейін жігіт "Бұл да бір біткен іс болды” деп, өмірінің басқа бір белесіне сыбана кіріседі. Енді күйеужігіттен гүл шоғы әйелдер күні мен туған күніңізде ғана алынады, ал қыздың қолынан у ішуге дайын жігіттің уақыт өте келе талғампаз отағасына айналуы да ғажап емес.
Ақпарат көзі: "Аңсар” журналы (№6 саны),
"Алтын қалам” баспасы, 2007 жылы шыққан.

сурет: www.karelia.spravedlivo.ru, www.evmutschellen.ch
 
http://www.malimetter.org/ сайтынан
Просмотров: 3320 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Маусым 2010  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz