Мой сайт
Дүйсенбі, 21.05.2018, 21:44
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2012 » Мамыр » 20 » Өзгерісті қалайсыз ба? Рефлексиядан бастаңыз.
Өзгерісті қалайсыз ба? Рефлексиядан бастаңыз.
18:48
 
 
Кейде кейіпкер ретінде психологтар (психотерапевтер) қатысатын шет ел фильмдерін көруге, шет ел авторларының кітаптарын оқуға тура келеді. Дегенмен, елдегі психологиялық мәдениеттің олардан көш кейін қалғанын түсінесіз. Психологтарға баруды ұят санамауға, оларға барғанды айналадағылардан жасырмауға қадам бастық деп айта аламын, бірақ жол әлі тапталған жоқ. Оған қоса рефлексия машығының «әйелімді, сол бір сұрқияны бәрібір сүйемін ғой!» деп өзінің бөтелкелес достарының арасында мастықтан жағына қарай аққан көз жасын сүрте отырып, күңіренген күйде қалғаны өкінішті.
 
Батыс фильміне тән диалог.
Психолог:
- Осылайша, сіз оған (әйелге) деген ызаңызды басасыз.
Клиент:
- Иә, расында. Мен ашу-ызаммен балаларымды өзімді тыңдамауға итермелейтін сияқтымын.
Біздің нұсқада ол былай естілер еді.
Психолог:
- Осылайша, сіз оған (әйелге) деген ызаңызды басасыз.
Клиент:
- Немене? Немесе Клиент:
- Иә, расында. – доктордың топас екенін мойындаудан гөрі оның айтқанымен келіскенім дұрыс деген астарлы ниетпен.
 
Дегенмен, психологиялық мағынадағы рефлексия – бұл адамның өз өмірлік тәжірибесін зерделеу және қайта зерделеу үдерісі (процесі). Өйткені бір және сол деректерден, мүлдем әр түрлі тұжырым жасауға болады! Тұжырымның «дұрыстық» критерийі - өмір сүру жақсара бастады, өмір сүру көңілдірек бола бастады. Тек рефлексирлеуші субъектке ғана емес. Ал дұрыс рефлексирлеуді білу қажет. Өз ішкі әлеміңе, жеке тәжірибеңе үңіле білген жөн.
 
Бізде, шынын айту керек, кез келген қалыптасқан жағдайға тек клиенттің өзінен басқа, президенттен бастап ауа-райына дейін бәрі жауапты деген позициялар әлі күшті. Тым құрығанда бәріне кінәлі психолог болып шығады. Өз жеке тәжірибесін, пішенді күйсеген сиыр сияқты күйсеуге және қайта күйсеуге дайын клиенттің басқа да типі бар. Алайда, сол күйзелудің оның басында жылдар бойына сақиналанған таспа сияқты айналып жүруі мүмкін! Бұл рефлексия болып табылмайды.
 
Одан шығатын жеке тәжірибе мен тұжырымның өнімді болуы үшін үйреншікті, стереотипті түрде әрекет етуді (оның ішінде ойлауды) тыя білу маңызды. Жағдайдан «өрмелеп шыға» білу, оған басқа позициялардан қарай білу өзекті.
Бәрі түсінікті сияқты, солай ма? Ә, жоқ!
Практикадан мұндайға тән екі мысал. Психолог клиент қызға, өзін түнде ешкім шақырмаған кезде кеткен сәттегі әкесінің рөлін ойнауды ұсынады. Қыз «Ал, әкем менің жасымда да осындайды істеді ғой?!» деп, ашық қымсынады. Өйткені ол басқа пікірді қабылдауда қабілетсіз болып қана қоймай, бұл спектакльдің өзі ол қабылдай алатын мінез-құлық шеңберінен әлдеқалай тыста жатыр. Ол өз әкесінің өз ойлары және ол туралы өз бетінше қамқоры бар – басқа адам екенін, бір минут те болса өз «Меніне» жабыспай және қауіпсіз ойын ау-жайында басқа адам болуды түсінбейді. Басқа бір клиент өз жұбайына жүгенсіз түрде айқайлайды. Бәрінің нашар аяқталатынын білсе де өзін ұстай алмайды.
 
Бейнелеп айтқанда бу бұрқырап, қазан қақпағын ұшырардай сәтті аңдиды психолог. Сол сәтте – клиентке кетіп қалуды, сондай-ақ әйелінің суретіне қарап айқайлау ұсынылады. Ол болса аң-таң: жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Ол тірі және туыс адамға ғана бақыра алады (өйткені бөгде адамға айқайлау, көргенсіздік, моветон, солай емес пе?). Жалпы психолог кеңесін ақымақтық деп есептейді. Сол жерде психолог ақымақ жапон ұлты туралы айта бастайды, олар бастықтарының манекендерін алдына қойып, өздерінің реніштерін айтып, соққылап, шерлері тарқағанша сойып салады. Өзгеше әрекет ету, өзгеше ойлау – бұл жөнінде еске салудың өзі көбіне қорқыныш пен түсінбестік шақырады.
 
Жалпы біздегі рефлексия әлі өнбеген ұрық күйінде. Үкіметті сыбау немесе бейнелеп атйқанда басты қабырғаға соққылау одан жеңілірек. Тек өмір бұдан жақсара түспейді. Орыстың бір жазушысы айтқан сол бір-ақ рет берілетінді мағыналы сүргенге не жетсін.
 
"Сыр психология әлемі" республикалық газетінен
Просмотров: 2578 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Календарь новостей
«  Мамыр 2012  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz