Мой сайт
Бейсенбі, 21.06.2018, 17:09
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Главная » 2011 » Шілде » 21 » Жүйкесі жұқаның жайын кім ойлайды?
Жүйкесі жұқаның жайын кім ойлайды?
10:28


Жаратаушы иеміз жұмыр басты пендесіне жарық дүние сыйлайды. Өкініштісі, орта жолда өмірі келте қиылып жатқан жандар баршылық. Адамзат баласын оң мен солын әлі де танып үлгермеген өрендердің өзіне өзі қол салатыны «аһ ұрғызып» жүр. Бұл жер-жаһан жұртының ортақ проблемасына айналған. Қазақстан адамдардың суицидке шалдығуы жөнінен әлемде үшінші орында тұр екен. Алдына тек Венгрия мен Литваны ғана оздырған. Сондай-ақ біздің еліміздегі ба­ла­лар суициді де ой­лан­дырады. Келеңсіз көрініс Сыр өңірінде де жиі кездесетін жағдайға айналды. Соңғы үш жылда облыста 49 жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсауға тал­пынған. Амалымыз қайсы, олардың арасында 32-сі жарық дүниемен ерте қош айтысты. Бұл естіген адамға еріксіз ой салатын деректер. Өмірдің ащысы мен тұщысын тат­пас­тан-ақ оларды пәниден баз кешуге не әсер етті?

Сыр өңіріндегі өзіне қол жұмсаған ба­ла­лардың басым бөлігі мектеп оқушылары екен. Оның ішінде 14-17 жастағы өрендер саны 12 адамды құрайды. Тіпті енді ғана ес жиып келе жатқан 11-12 жастағы екі жасөспірім не себепті мына жалғанның қы­зығынан бас тартты екен? Мамандардың айтуынша, оған қатысты бірнеше себеп бар. Жасөспірімдер де жасының ауыспалы кезеңінде күрделі әлеуметтік психо­ло­гия­лық жағдайды бастан кешіреді. Өз басын­да­ғы кез келген келеңсіз көріністер әсер етеді. Сондай-ақ ата-анасымен түсініс­пеу­шілік және өзге де жағдайлар өлімге алып келуі мүмкін.

Біздің еліміздегі жалпы білім беретін мек­тептерде психолог мамандар қызмет етеді. Өкінішке қарай, кейде олардың білік­тілік деңгейі сәйкес келмей жатады. Мәселен, осындай жағдай облыстық де­виант­ты мінез-құлықты балаларға арнал­ған мектеп-интернатта орын алған. Онда психолог қызметінде бастауыш сынып мұ­ға­лімі жұмыс жасаған. Арнаулы білім оша­ғында осы секілді келеңсіз көрініске жол берілсе, қалғанында «мұндай заңсыздық болмай жатыр» дегенге кім сенеді? Шын­дығын айтқанда, бізде психологқа барып ақыл-кеңес алу жолға қойылмаған. Сәл-пәл жүйкесі шаршағанда аталмыш маман­ның алдынан табылатын шетелдіктер тір­лі­гін біз де үйренуіміз қажет екені белгілі. Өйт­кені кейде тығырықтан шығар жол таппай қиналғанда адамдар бұл дүниеден баз кешуге жол беріп жатады. Сондықтан пси­хологқа барудың ешқандай әбестігі жоқ.

Осы орайда тағы да бір сауал көлденең тартылады. Біздің еліміздегі психолог мамандардың біліктілік деңгейі қандай? Әрине, бұл – басқа әңгімеге жүк боларлық тақырып. Себебі біздегі жоғары оқу орын­да­рында аталмыш мамандық оқы­тыл­ған­мен, жергілікті жерлерде оған еш сұраныс жоқ. Шетелдерде психологтар өз мекемесін ашып, жеке жұмыс жасайды. Оған баратын адам да аз емес. Еліміздің үлкен қалаларын қайдам, жергілікті жерлерде ондай кәсіп иелерін емге іздесек те таппаймыз.

Бауыржан ТОҚМЫРЗА, Қызылорда об­лыс­тық прокурорының аға көмекшісі,

– Кәмелетке толмағандар мен жас­өс­пірімдер арасында өзіне-өзі қол жұм­сау оқиғасын азайтуға күш сал­ма­сақ болмайды. Бұл мақсатта мектеп және колледж секілді білім беру ұйым­да­рында психолог мамандардың жұ­мы­сын жолға қойғанымыз дұрыс. Әзір­ге бұл жұмыс өз деңгейінде емес. Олар­дың штаттық бірлігін арттырып, жауап­кершілігін күшейтуге көңіл бөлгеніміз орынды.

Елдің арасында үрей туғызатын әңгіме­лер де бар. Адамды өлімге шақырып тұра­тын, көзге көрінбейтін белгісіз күштер бар көрінеді. Осындай жағдайды бастан өт­кіз­бе­генмен, дәм-тұзы таусылмай, өмірі сақ­та­лып қалған адамдар сондай оқиғалар болатынын жасырмайды. Айналып кел­ген­де, оның да түп-төркіні психология сала­сына келіп тіреледі емес пе?

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйы­мы­ның таратқан мәліметіне сүйенсек, жыл сайын 500 мың адам өз өмірін қияды екен. Суицидтің ең жоғары көрсеткіші Германия, Австралия, Швейцария, Чехияда екен. Ал Бол­гария, Ирландия, Үндістан елдерінде оған ұшыраған адамдар саны өте аз. АҚШ-та бұл бағытта бірқатар жұмыстар қолға алынған. Өйткені онда 15-19 жастағы өрен­дер арасында өзін-өзі өлімге қию күрт өсіп кеткен. Мысалы, кейбір жылдарда атал­мыш мемлекетте жыл сайын бес мыңға тарта жасөспірім осындай жағдай сал­да­рынан көз жұмған. Сол себепті олар пси­хо­лог мамандар санын арттыруға мән беріп отыр. Қазір АҚШ-та 40 мыңнан ас­там психиатр және 80 мыңнан астам пси­хо­терапевт бар екен. Ал бізде ше? Олардың санын тап басып айта аламыз ба? Жоқ. Себебі біз оған еш мән беріп отырған жоқ­пыз.

Қалима САҒЫНДЫҚОВА, психолог:

– Суицид деген ұғым ХVII ға­сырда пайда болған. Дегенмен ғасырға жуық уақыт бойы ол кең ауқымда қол­даныла қоймаған. Ал ХХ ғасырда өзін-өзі өлім­ге қиғандар көбейе бастаған. Осыған байланысты суицидология де­ген зерттеу саласы өмірге келді. Біздің елімізде аталмыш мәселе көбейіп бара жатқанымен, оны зерттеу мәселесіне мән берілмей келеді. Осының сал­да­ры­нан опық жеп жүргеніміз жасырын емес.

Ислам дінінде адамның өзін-өзі өлтіруі ауыр күнә саналады. Сондықтан бұл ба­ғытта дін өкілдерінің де үгіт-насихат жа­сау­ға көңіл бөлгені артық емес. Шын­ды­ғын­да, бізде суицидке байланысты кең ау­қымда іс-шаралар жасала бермейді. Оның зар­да­бын да тартып отырмыз. Өмір атты ұлы көште алғашқы баспалдақты ат­тар-атта­маст­ан ажал құшып жатқан жас өрен­дердің тағ­дыры ойландырады біз­ді...
«Алаш айнасы» газетінен
Просмотров: 1548 | Добавил: qazpsi | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Календарь новостей
«  Шілде 2011  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz