Мой сайт
Бейсенбі, 13.12.2018, 04:41
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Категории каталога
Мои статьи [17]

Главная » Статьи » Мои статьи

Қабылдау мен қызметтің дамуы
 
А.В. Запорожец

Қабылдау мен қызметтің дамуы

Қабылдау, субъектінің практикалық қызметін бағыттай отырып, сонымен бірге өз дамуында осы қызметтің жағдайлары мен сипатына тәуелді. Ж. Пиаже айтқандай генезисті, перцептивті процестердің құрылымы мен функцияларын зерттеуде проблеманы “праксеологиялық” тәсілдемемен қараудың мәні маңызды.
Қабылдау мен қызметтің өзара байланысы психологияда ұзақ уақыт еленбеді және де немесе қабылдау практикалық қызметтің сыртында (субъективті менталистік психологияның әр түрлі бағыттары) зерттелді, немесе қызмет қабылдауға тәуелсіз (қатаң бихевиористер) қарастырылды.
Тек соңғы он жылдықта олардың арасындағы генетикалық және функционалдық байланыстар психологиялық зерттеу пәні бола бастады. Диалектикалық материализмнің қоршаған шындықты танудағы практиканың роліне қатысты белгілі философиялық ережелерге сүйене отырып отызыншы жылдардың басында кеңестік психологтар (Б.Г. Ананьев, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.Р. Лурия, Б.М. Теплов және т.б.) қабылдаудың субъекті қызметінің сипатына байланыстылығын зерттеуге кірісті. Біздің қызметкерлермен бірге психология Институты мен ПҒА мектепке дейінгі тәрбие Институтында жүргізген қабылдауды онтогенетикалық зерттеулеріміз осы бағытта жүрді.
Балалардың практикалық қызметінің ерекшеліктері және оның жастық өзгерістері адам қабылдауы онтогенезіне айтарлықтай әсер ететін сияқты. Бүтіндей қызмет сияқты, сондай-ақ оның құрамына кіретін перцептивті процесстердің дамуы спонтанды емес жүреді. Ол өмір мен үйрету жағдайларымен анықталады, оның барысында Л.С. Выготский атап өткендей, бала бұдан. Бұрынғы буындармен жиналған қоғамдық тәжірибені игереді. Жекелеген жағдайда өзіндік ерекше адамдық сенсорлық оқыту перцептивті процесстерді тіршілік етудің жеке бастық жағдайларына бейімдеуді ғана емес, сондай-ақ қоғам жасаған сенсорлық эталондар жүйесін (олардың қатарына мысалы, жалпылай қабылданған музыкалық дыбыстар шкаласы, әр түрлі тілдердің фонемалар решеткасы, геометриялық формалар жүйесі, т.т. жатады) игеруді ойлайды. Жекелеген индивидтер игерілген этолондарды қабылданатын объекті зерттеу және оның қасиеттерін бағалау үшін пайдаланады. Мұндай эталондар қабылдаудың жедел бірліктері болады, оның практикалық қызметі құралмен жанама түрленсе, ал ойлау қызметі – сөзбен түрленген сияқты баланың персептивті іс әрекетін жанама түрлендіреді.
Біздің топшылауымызға сәйкес, перцептивті іс әрекеттер нақты жағдайды ғана бейнелеп қоймай, белгілі бір шамада практикалық іс әрекеттер нәтижесінде мүмкін болатын оның түрленулерін алдын ала біледі. Осында сенсорлық алдын ала білулерге (интеллектуальды алдын ала білуден айтарлықтай өзгешеленетін) бола перцептивті әрекеттер тәртіптің жақын болашағын анықтау және субъект алдында тұрған мәселелер мен жағдайларға сәйкес оны реттей алады.
Негізінен біз баланың көру және сезіну процесін зерттесекте, дегенмен анықталған заңдылықтар, біздің қызметкерлердің зерттеулері көрсеткендей, басқа да сенсорлық модальдықтарда (есту, кинестетикалық қабылдау және т.б. салаларда) жалпы мәнге ие болады және өзіндік көрініс береді.
Біз қабылдаудың қызмет сипатына тәуелділігін зерттедік:
a) Баланың онтогенетикалық дамуы тұрғысында
b) Функционалдық (қандай да бір перцептивті іс әрекеттердің сенсорлық оқыту әсерімен қалыптасу процессінде) даму барысында.
Біз жүргізген және басқа авторлар жүргізген қабылдау онтогенезін зерттеу жұмыстары, қабылдау мен әрекет арасында баланың даму барысындағы күрделі және өзгеретін қарым қатынастар болатындығын көрсетті.
Н.М. Щеловановтың деректері бойынша бала өмірінің алғашқы айларында сенсорлық функциялардың (жекелеген жағдайда дистантты рецепторлар функциясы) дамуы соматикалық қозғалыстардың онтогенезінен озады және соңғыларының қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді. М.И. Лисина нәрестенің жаңа тітіркендіргіштерге бағыттауыш реакцияларының өте ерте үлкен күрделілікке жететіндігін және әр түрлі анализаторлардың бүтін кешенімен жүзеге асырылатындығын байқады.
Бұл кезеңде бағыттауыш қозғалыстардың (мысалы, көздің бағыттауыш қозғалысы) айтарлықтай жоғары деңгейге жеткеніне қарамастан, олар біздің деректерге сәйкес, тек бағыттауыш-орнатушы (белгілердің нақты бір түрлерін қабылдауға рецепторды орнатады) функциясын орындайды, бірақ бағыттаушы-зерттеушілік (пәнді жан жақты қарап зерттеу жүргізбейді және оның қасиеттерін моделдемейді) функциясын орындамайды.
Л.А. Венгердің, Р. Фантцтың және басқалардың зерттеулері көрсеткендей, осындай реакциялардың көмегімен, өмірдің алғашқы айларының өзінде ескі және жаңа объектілерді (бір бірінен өлшемімен, түсімен, формасымен және т.б. өзгешеленетін) айтарлықтай жұқа “бағыттық” айыру мүмкіндігіне қол жеткізіледі, бірақ әрекеттің күрделі өзгергіш формаларын басқару үшін қажетті константты, пәндік перцептивті образдардың қалыптасуы әлі жүрмейді.
Кейінірек өмірінің 3-4 айынан бастап, заттарды құшақтаумен және кеңістікте қозғату және т.б. манипуляциялауға байланысты қарапайым практикалық әрекеттер қалыптасады. Бұл әрекеттердің ерекшеліктеріне, олардың өз денесінің органдарымен (ауызбен, қолмен, аяқпен) қандай да бір құралдардың көмегінсіз жүзеге асырылатындығы.
Сенсорлы функциялар бұл практикалық әрекеттерге қызмет көрсетуге кіріседі, олардың негізінде қайта құрылады және өздері біртіндеп өзіндік бағыттауыш-зертеушілік, перцептивтік әрекеттер сипатына ие болады.
Сонымен, Г.Л. Выготскаяның, Х.М. Халеверсонның және басқалардың зерттеулері, өмірінің үшінші айынан қалыптаса бастайтын ұстау қимылдары заттың формасы мен өлшемін қабылдауды дамытуға айтарлықтай әсер ететіндігін байқады. Осыған ұқсас, Р. Уок және Э. Гибсон байқаған балалардың 6-18 айлық кезіндегі тереңдікті қабылдаудағы прогресі, біздің бақылауларымыз бойынша баланың кеңістікте қозғалу практикасымен байланысты.
Нәрестенің практикалық әрекеттерінің өзіндік тікелей сипаты, оның бағыттауыш, перцептивті әрекеттерінің ерекшеліктерін анықтайды. Л.А. Венгердің деректері бойынша, соңғылары негізінен баланың өзінің денесі мен заттық ситуация (жағдай) арасындағы динамикалық өзара қарымқатынастардан бұрын болады.
Бала дамуының бұл кезеңінде алдымен тікелей өзіне қаратылған және олармен оның әрекеттері тікелей кездесетін заттың қасиеттерін бөліп қарастырады, бұл уақытта оған тікелей қатысы жоқ басқа қасиеттердің жиыны, глобальды түрде, бөлінбей қарастырылады.
Кейінірек, өмірінің екінші жылынан бастап, бала ересектердің әсерімен қарапайым құралдарды игеріп, бір затпен екінші затқа әсер ете бастайды. Осыған байланысты оны қабылдауда өзгереді. Бұл генетикалық сатыда өз денесі мен пәндік жағдай арасындағы динамикалық қарым қатынастарды ғана емес, сондай-ақ белгілі пәнаралық қатынастарды түрлендіру (мысалы, затты белгілі бір қуыстан өткізу мүмкіндігін көре білу, бір затты басқасының көмегімен қозғалту және т.б.) перцептивті көре білу мүмкін болады. Қабылдау образдары алдыңғы кезеңге тән глобалдық пен фрагментарлылығын жоғалтады, сонымен бірге қабылданатын затқа құрылымдық ұйымы айқын және адекваттылықты иемденеді. Осылайша, мысалы, форманы қабылдау саласында біріншіден, бір затты басқасынан шектейтін, екіншіден, олардың кеңістіктегі өзараәсерін (жақындасу, беттесу, бір заттың екіншісін алуы және т.б.) кейбір мүмкіндіктерін анықтайтын контурдың жалпы конфигурациясы біртіндеп бөліне бастайды.
Ерте жастан мектеп жасына (3-7 жас) өткенде, сәйкесінше үйреткенде балалар өзіндік ерекшелігі бар, бар объектілерді қолдануға ғана емес, сонымен қатар жаңа объектілерді (қол еңбегінің қарапайым түрлері, конструкциялау, сурет салу, және т.б.) жасауға бағытталған адамдардың өнімді қызметінің кейбір түрлерін игере бастайды. Өнімді қызмет баланың алдына жаңа перцептивті мақсаттар қояды.
Конструктивті қызмет ролін (А.Р. Лурия, Н.Н. Поддьяков, В.П. Сохина және басқалар), сондай-ақ сурет салу (З.М. Богуславская, Н.П. Сакулина және басқалар) көріп қабылдауды дамыту бойынша зерттеулері бұл қызметтердің әсерінен балаларда көріп талдау мен синтездеудің күрделі түрлері, көріп тұрған затын бөліктерге бөлу және содан кейін оларды бүтін ғып біріктіру қабілетінің осыған ұқсас амалдар практикада орындалудан бұрын қалыптасатындығын көрсетті. Сәйкесінше формалардың перцептивті образдары жаңа мазмұнға ие болады. Заттың контурын одан әрі нақтылаудан басқа, оның құрылымы, кеңістіктік ерекшеліктері мен оны құрайтын бөліктерінің қатынасы бөлініп көріне бастайды, бала бұрын оларға зейін аудармайтын.
Қабылдау онтогенезінің әр түрлі жастағы балалардың практикалық қызметінің сипатына байланыстылығын куәлендіретін кейбір эксперименталдық деректер осындай.
Біз көрсеткендей, баланың дамуы спонтанды жүрмейді, ал оқытудың әсерімен жүреді. Онтогенетикалық және функционалдық даму бір бірімен үздіксіз өзара әсерлесіп отырады. Осыған байланысты біз “қабылдау және әрекет” мәселесін тағы бір аспектіде – сенсорлық оқыту кезінде перцептивтік әрекеттердің қалыптасу аспектінде қарастыра аламыз. Бұл процесс баланың бұрынғы тәжірибесі мен жасына байланысты өте әртүрлі нақты ерекшеліктерін иемденгенмен, онтогенездің барлық кезеңдерінде кейбір жалпы заңдылықтарға бағынады және кейбір жағынан П.Я. Гальперин және басқалар ой әрекеттері мен ұғымдардың қалыптасуын зертегенде анықтағандарды еске түсіретін белгілі бір кезеңдерден өтеді.
Бірінші кезеңде жаңа персептивті әрекеттер (бала бұрын оған белгісіз бүтіндей жаңа мәселелермен кездесетін жағдайлар) процесс заттармен сыртқы, материалдық амалдар жасау көмегімен практикалық планда мәселені шешуден басталады. Бұл әлбетте, осы сияқты әрекеттер “бас көзсіз”, мәселеге алдын ала бойламай жасалады дегенді білдірмейді. Бірақта соңғысы өткен тәжірибеге негізделіп, ал жаңа мәселелер қойылатындықтан, алғашқы кезде бұл бағдар жеткілікті емес, және қажетті түзетулер тікелей материалдық шындықпен кездескенде, практикалық әрекеттер жасау барысында енгізіледі. Сонымен, жоғарыда келтірілген экспериментальды деректер, әр түрлі жастағы балалар мысалы, затты белгілі бір қуыстан өткізу (Л.А. Венгер тәжірибелері) немесе қолда бар элементтерден күделі бүтін құрастыру (А.Р. Лурия тәжірибелері) сияқты жаңа мәселелермен кездеседі, алғашында қажетті нәтижеге практикада жасап көру көмегімен жетеді, тек содан кейін ғана оларда сәйкес келетін бағдарлаушы перцептивті әрекеттер қалыптасады, олар алғашында сырттай көрінетін, ашық сипатта болады.
Біздің мектепке дейінгі тәрбие Институтының экспериментальды дидактика зерханасымен (А.П. Усова, Н.П. Сакулина, Н.Н. Поддьяков және басқалар) бірлесіп жүргізген зерттеулеріміз, сенсорлы оқытуды рационалды қою кезінде, ең алдымен қабылданатын объектінің белгілі бір қасиеттерін зерттеуге бағытталған осы сыртқы бағытауыш әрекеттерді дұрыс ұйымдастыру қажеттігін көрсетті.
Осылайша, З.М. Богуславскаяның, Л.А. Венгердің, Т.В. Ендовицкаяның, Я.З. Неверовичтің, Т.А. Репинаның, А.Г. Рузскаяның және басқалардың тәжірибелерінен, ең жоғары нәтижелерге, сенсорлық оқытудың бастапқы кезеңдерінде балаға ұсынылатын сенсорлық эталондарды орындауды қажет ететін, сондай-ақ қабылдайтын заттың олар жасайтын моделінің өзінің сыртқы материалдық формада келетін жағдайларда жетуге болатындығы табылды.Мұндай сенсорлық оқыту үшін оңтайлы жағдай, мысалы, балаға ұсынылатын сенсорлық эталондар оған заттық үлгілер (түсті қағаз жолағы, әр түрлі формадағы жазықтықтағы фигуралар топтамасы және т.б.) түрінде берілгенде, ол қабылдайтын объектімен салыстыра алатын сыртқы әрекеттер (бір біріне жақындастырып, біреуіне екіншісін беттестіріп және т.т.) процессінде пайда болады. Осындай жолмен осы генетикалық кезеңде болашақ идеалды, перцептивті әрекеттің сыртқы материалдық прототипі құрала бастайды.
Екінші кезеңде практикалық қызмет әсерімен қайта құрылған сенсорлық процесстердің рецепторлық аппараттардың қозғалысының көмегімен жүзеге асатын және келесі практикалық әрекеттерден бұрын келетін өзіндік перцептивті әрекеттерге айналады.
Аномалоскоптың жоғарғы жартысы
үшін қызыл және жасыл

жарық көздері
Аномалоскоптың төменгі жартысы

үшін сары жарық көзі

Сурет. 4.Аномалоскоп көмегімен алынған бақылау нәтижелері. а) Өрістерді алдын ала туралағанда, б) Көз қызыл түске бейімделгеннен кейін, в) Көз жасыл түске бейімделгеннен кейін.



Сурет 5. Қызыл және жасыл түске боялған көз әйнекпен жасалған Иво Колер эксперименті: а) Көз әйнекте заттың түсін қабылдау, б) Көз әйнекті шешкеннен кейін түсті қабылдаудың өзгеруі.

Бұл әрекеттердің күрделі даму процессі В.П. Зинченконың баяндамасында толық қарастырылады. Біз бұл әрекеттердің тек кейбір ерекшеліктеріне және олардың практикалық әрекеттермен генетикалық байланыстарына тоқталамыз.
З.М. Богусловскаяның, А.Г. Рузскаяның және басқалардың зерттеулері, мысалы берілген кезеңде балалар заттардың кеңістіктік қасиеттерімен кеңінен ашылған бағдарлаушы-зертеулік қимылдар (қол және көз) көмегімен танысады. Ұқсас құбылыстар акустикалық перцептивті әрекеттерді (Т.В. Ендовицкая, Л.Е. Журова, Т.К. Михина, Т.А. Репина) қалыптастырғанда, сондай-ақ балаларда өздерінің позалары мен қимылдарын (Я.З. Неверович) кинетикалық қабылдауы қалыптасқанда байқалады.
Қарау, қолмен ұстап көру және т.б. сыртқы қимылдар көмегімен жағдайды зерттеу практикалық әрекеттерден бұрын келіп, олардың бағыты мен сипатын анықтайды. Осылайша белгілі лабиринтті өту тәжірибесі бар бала (О.В. Овчинникованың, А.Г. Полякованың тәжірибелері), көзбен немесе қолмен сипап керек жолды, тұйықтарға бармай және лабиринтте бар кедергілерді қимай алдын ала біліп отырады. Осыған ұқсас Л.А. Венгердің тәжірибелерінде әртүрлі заттарды формалары мен өлшемдері әр түрлі саңылаулардан алып өтуді үйренген балалар оларды көз қиығын заттан саңылауға аударып салыстыра бастайды және орнынан осындай алдын ала бағдарлау жүргізгеннен кейін практикалық мәселені қатесіз шешеді.
Осылайша, берілген кезеңде сыртқы бағдарлаушы-зерттеу әрекеттері практикалық әрекеттердің жолдары мен нәтижелерінің алдында келіп, соңғылары бағынатын ережелер мен шектеулерді қабылдайды.
Үшінші кезеңде перцептивтік әсерлер жинақыланады, олардың жүру уақыты қысқарады, олардың эффекторлы қатарлары тежеуден босатылады да қабылдау пассивті, әрекетсіз процес екен деген ой келтіре бастайды.
Біздің көру, сезу және есту перцептивті әсерлерінің қалыптасуына жүргізген зерттеулеріміз, сенсорлық оқытудың кеш сатыларында балалар қандай да бір сыртқы бағдарлаушы-зерттеу қозғалысынсыз ақ объектінің белгілі бір қасиеттерін танып, оларды бір-бірінен ажырату, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды байқау қабілетіне ие болады.
Қолда бар экспериментальдық деректер осы кезеңде сыртқы бағдарлаушы-зерттеу әрекет идеалды әрекетке, зейіннің қабылдау өрісі бойынша қозғалысына айналады деп топшылау жасауға мүмкіндік береді. “Идеалды” перцептивті әрекеттердің ерекшеліктерін орныққан (стабилизированное) бейнені қабылдауды зерттеу (осы симпозиудағы В.П. Зинченконың және Н.Ю. Вергилестің баяндамаларын қара) жұмыстары көрсетті.

http://psyholog.ucoz/kz/ сайтынан

Категория: Мои статьи | Добавил: qazpsi (13.12.2008)
Просмотров: 10843 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.3/3 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz