Мой сайт
Сейсенбі, 20.11.2018, 20:20
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Категории каталога
Мои статьи [17]

Главная » Статьи » Мои статьи

Сүйкімді болғыңыз келсе.

Сүйкімді болғыңыз келсе.

Белгілі психологтар төмендегідей кеңес береді.

 
 

Адамға деген көзқарасыңызды өзгерту керек. Сіз әңгімелесіп, сырласып сөйлесетін адам өзін сізге керектей сезінсін.

Шынайы күле білу де өнер, үнемі күлімсіреп, жымиып жүріңіз.

Біз кейде әңгімелесіп отырып, қасымыздағы адамның аты-жөнін атауды естен шығарып аламыз. Жаныңыздағы адамның есіміңізді жиі қайталап отырғаны қандай жарасымды, сүйкімді. Ондай болса, сіз де сырласар адамыңыздың атын әңгіме арасында жиірек атауға тырысыңыз, ол екеуіңізді жақындата түседі.

Адамды тыңдай біліңіз. Оны қызықтыратын тақырып ауанын байқап, әңгіме барысын сол арнаға бұруға дағдыланыңыз.

Қасыңыздағы адамның жақсы қасиеттерін, мінезін атап өтіп, оны сыйлап құрметтейтініңізге көзін жеткізе жүріңіз.

Қарап тұрсаңыз түк қиындығы жоқ қарапайым қағидалар. Сұлу, сүйкімді көріну үшін бет-ауызды бояп, жалған сызылып, өтірік күлудің қажеті жоқ. Адамды сүйкімді көрсетіп, өзгелерден биік етіп тұратын шынайы болмыс – қарапайым мінез бен кішіпейілділік екені белгілі.

Сайтқа дайындаған Өскенбай Фариза

http://psyholog.ucoz.kz/ сайтынан

Категория: Мои статьи | Добавил: qazpsi (13.12.2008)
Просмотров: 2064 | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 0
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz