Мой сайт
Жұма, 17.08.2018, 11:54
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Категории каталога
Мои статьи [17]

Главная » Статьи » Мои статьи

АБАЙ ЖӘНЕ ЖТБ (НЛП). РЕПРЕЗЕНТАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР.
 
АБАЙ ЖӘНЕ ЖТБ (НЛП). РЕПРЕЗЕНТАТИВТІК ЖҮЙЕЛЕР.

 

Жүйке-тіл бағдарламасы (ЖТБ-НЛП - нейро-лингвистикалық бағдарлама) өткен ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-ның Санта-Круз қаласында пайда болды. Оның негізін қалағандар математика мен есептеу техникасына маманданған жас ғалым Ричард Бэндлер мен гештальт-терапия маманы Джон Гриндер.

Бұл екі ғалымның бірлескен зерттеулері нәтижесінде ЖТБ (НЛП) деп аталатын психологиядағы жаңа құбылыстың негізі қаланды. Біз бұл кішкентай мақалада ЖТБ-ны терең таратып айтпай-ақ оның репрезентативтік жүйелерінің Абай өлеңдерінде қалай көрініс тапқандығы туралы сөз қозғамақпыз.

Біз өз сезім ағзаларымызды сыртқы тәсілмен, әлемді қабылдау үшін және ішкі тәсілмен, күйзелістерді өзімізге өзіміз «репрезинтерлеу» (қайта пайымдау) үшін пайдаланамыз.

ЖТБ-да біздің миымыздағы ақпаратты алатын, сақтайтын және кодтайтын жолдар: суреттер, дыбыстар, сезімдер, иістер және дәмдер – репрезентативтік жүйелер ретінде белгілі. Репрезентация біздің тәжірибеміздің қалай ұйымдастырылғанын және әлемді қалай суреттейтінімізді анықтайды.

Бұл сезімдермен (кинестетикалық жүйе), образдармен (визуалдық жүйе), дыбыстармен (аудиалдық жүйе), білім жинағы ретінде (рационалдық немесе дискреттік жүйе), немесе сирек қолданылатын иіс пен дәм түріндегі сенсорлық сезімдермен білінеді.

Біздің әлемді ішкі суреттеуіміз қатынаста, біздің ым және ишараттарымызда қолданылатын сөздерде өз көрінісін табады.

Қазақ  әдебиетінің классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың әдеби мұраларында, ол жазып қалдырған шығармаларда оқырманға өз ойын жеткізу үшін ол ЖТБ-дан хабары болмаса да, оны ұтымды пайдалана білгенін аңғарамыз. Жалпы Абай шығармалары психологиялық тұрғыда зерттеу үшін мол қазына дегіміз келеді.

Біз Абай өлеңдерін ЖТБ бойынша талдау барысында ондағы визуалды жүйені майлы әріппен, аудиалды жүйені курсив әріппен, кинестетикалық жүйені әріптің астын сызып көрсетеміз.

Мысалы ретінде кеңінен белгілі «Желсіз түнде жарық ай» атты өлеңін ЖТБ бойынша талдап көрелік.

 

Желсіз түнде жарық ай

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

 

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

 

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

 

Таймаңдамай тамылжып

Бір суынып, бір ысып

Дем ала алмай дамыл ғып

Елең қағып, бос шошып.

 

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?

 

Данышпан, кемеңгер Абайдың осы бір ел ішінде кең тараған өлеңін талдау арқылы оның ЖТБ талаптарымен тонның ішкі бауындай біріккен сабақтастығын көреміз. Өлеңдегі «жарық», «дірілдеп», «терең», «қалың», «жасыл», «тамаққа кіріп иегі» сөздері визуалдық (образдар) жүйесі болса, «желсіз», «күрілдеп», «сыбырласып», «жаңғырып», «ән қосып», «үрген», «айтаққа», «елең қағып», «бос шошып», «дүрсіл қағып» аудиалдық (дыбыстар) жүйесіне және «суынып», «ысып», «дем ала алмай», «сөз айта алмай» кинестетикалық (сезімдер) жүйесіне жатады.

Демек, Абайдың осы бір өлеңінің өзі ЖТБ талаптарына сәйкес жазылып, беретін мәліметтің, жеткізетін ақпараттың толық қабылдануына жол ашады.

Қорыта келгенде қазақ халқының мол әдеби мұрасын, ауызша және жазбаша әдебиеттің терең қазынасын заманауи практикалық психология ағымдарына сәйкестендіріп, табысты пайдалануға болады.

Бұл қазақ тілді психологқа  өз клиенттерінің бойындағы қалаулы өзгерістердің туындау процесстерін анағұрлым жеңілдетеді.

Категория: Мои статьи | Добавил: qazpsi (04.12.2008)
Просмотров: 2393 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz