Мой сайт
Жұма, 20.04.2018, 05:48
ГлавнаяРегистрацияВход Приветствую Вас Гость | RSS

Меню сайта

Категории каталога
Мои статьи [17]

Главная » Статьи » Мои статьи

Сендiру және өзiн-өзi нандыру
 

Сендiру және өзiн-өзi нандыру

 

Қызыл тiлiмен даңқы жайылған ежелгi грек софисi Георгий былай деген екен: “Сөз деген – ұлы әмiршi, қол-аяғы, денесi болмаса да ол аса ғажайып iс атқара алады. Өйткенi сөз үрейдi де басады, қайғыны да тарқатады, қуа­нышқа батырып, аяныш сезiмiн оятады... Айтылған сөздердiң бiрi – қайғыға шом­­дырады, екiншiсi – қуанышқа бөлейдi, үшiншiсi – қорқытады, төр­тiншiсi – өзiңдi мадақ­тап, мақұлдайды, ал қайсыбiреулерi жаныңды уландырып, сиқырлап алады, сөйтiп, оны басқа жолға да бұрып жiбередi”.

Адамға сөзбен әсер етудi «сендiру, көндiру» деп атайды. Нерв жүйесi әлсiреген, әсерге соншама берiле кететiн адамдар бiреудiң сендiру, иландыру сияқты әрекетiн ерекше тез қабыл алады. Мұндай кiсiнi, мәселен, бiрдеңеден қорқыту онша қиындыққа түспейдi. Не болмаса оның көңiлiн көтеру, мүлде жадыратып жiберу де оңай болады. В.М.Бехтеревтiң бейне­леп айтуы бойынша, иландыру (көзiн жеткiзуден өзгеше) адам санасына “есiктен емес, тесiктен кiрiп алады”.

Сол сияқты, өзiн-өзi илан­дыру, нандыру организмге бұдан әлдеқайда күштi, тiптi мейлiнше әсерлi ықпал жасай алады. Оның әсерiмен белгiлi бiр адамдардың ауруға шалдығуы немесе дертiнен айығуы – әбден мүмкiн нәрсе. Сонда ол қалай болады дейсiз­дер ғой? Жүйкесi тозып жүрген, әр нәрседен күдiк ала беретiн адам сәл ғана дiмкәстанды делiк. Бiрақ ол аса елеулi науқас жайында ойлана бастайды. Мәселен, оның жоғары тыныс     мүше­лер­i­не суық тиiп, тамағы ептеп қарлығың­қырады делiк, ал өзiне дауысы мүлде шықпай қалған сияқты болып көрiнедi. Бұл ой күдiкшiл адамның соңынан қалмайды, бiраздан кейiн ол өзiн-өзi “үнсiз қалмасам жарар едi” деп иландыра бастайды. Ақыры келiп ол дауысынан айырылады да!

Өлiм жазасына кесiлген бiр қылмыскер жайындағы мынан­дай әңгiме бар. Оның көзi орамалмен байланып, “күре тамырың кесiлдi, ендi қансырап өлесiң” деп сендiрiлген екен. Бiрнеше минуттан кейiн ол, шынында да, өлiп кетiптi. Бiрақ оның күре тамырын кескен ешкiм болмаған, денесiне тек сыздықтатып жылы су құйылып тұрған.

Бiр дәрiгер адамның өзiн-өзi сендiруiне байланысты мына бiр таң­ғаларлық жағдай­ды баяндайды. Ол жүрек аурулары жайында лекция оқып тұрып, өз жүрегiнiң соғуына құлақ салады. Сонда лектор жүрегiнiң бiрқа­лып­ты соғып тұрмағанын сезген­дей болады. Дәрiгер жүрегiнде ауру барын қатты ойланып, сол жайында қам жей бастайды.  Оның бұл қорқынышы орга­низмге жетпей қоймайды, шынында да, дәрiгердiң жүрегi ауруға шалдығады.

Белгiлi  совет актерi И.Н.Певцов тұтықпасы бар кiсi екен, бiрақ сахнаға шыға келгенде оның бұл кемiстiгi еш уақытта бiлiнген емес. Қалай дейсiздер ғой? Актер “сахнада тұрған және онда әртүрлi қимыл көрсетiп жүрген мен емеспiн, басқа адам – пьесаның кей3керi, оның тұтықпасы жоқ” деп өзiн-өзi кәмiл сендiрiп қойған. Бұл оған қашанда әсер ететiн болған. Париждiң туберкулезге шалдыққан сыр­қаттар жататын емхана­ларының бiрiнде дәрiгер Матье мынандай тәжi­рибе жасайды. Ол өзi емдеп жүрген ауруларға: “Германиядан жақында жаңа дәрi алдыратын болдым, ол туберкулездi заматта-ақ жұ­лып алады екен» деп жария­лайды. Ол кезде бұл ауруға қарсы ешқандай дәрi әлi табылмаған болатын.

Дәрiгердiң сөзi науқастарға қатты әсер етедi. Мұны “дәрiгердiң ойдан шығарып алған қулығы” деп ешкiм, әрине, ойламайды. Дәргердiң жұртты сендiруi науқас адамдарға шипа болады; ол «дәрiнi алдым» деп ауруларды емдей баста­ған­да солар­дың көбiнiң жағ­дайы күннен-күнге жақсара бередi, ал қайсыбiреулерi құлан-таза жазылып кетедi. Сонда дәрiгер науқас адамдарды немен емдеген? Кәдiмгi жай сумен!

В.М.Бехтеревтiң айтуына қарағанда, адамға шипа болатын сендiрудiң құпия­сы жай халықтың арасында көптеген адамдарға ертеден белгiлi болған. Ол ауыздан-ауызға тарап, бақсылық, сиқыршылық, үшкiру, дуалау, тағысын-тағылар сияқты қимылдарға жол ашып бередi. Адам белгiлi бiр әдiстiң құдi­реттi күшiне әбден нанып алғанда сендiрумен қатар, оның өзiн-өзi иландыруы қимылға кiрiседi. Ферраус безгек ауруын жай қағаздың жәрдем­i­мен емдейдi екен; дәрiгер сол қағазға тек қана екi сөз: “Безгекке қарсы” деп жазып қояды. Науқас адам күн сайын содан бiр әрiп жыртып алып отырады. Сол сияқты “нан ұнтағының”, “Нева суының”, жай ғана “қолмен сипаудың” және бас­қалардың шипалы әсер еткен кездерi болған.

Ленинградтық гипнолог дәрiгер П.И.Буль бiр қызық жағдайды есiне алады. Ол тез сенгiш бiр адамның жайын айтады. Сол кiсi  «әлiм құрып, басым айнала бередi” деген екен.

“Науқас адам оның үстiне неге болса соған күдiктене беретiн болып шықты. Оны әрлi-берлi қарап, емхана карточка­сына тиiстi жазу жаздым. Нау­қас адамның iш құрылысын баяндап жаза келiп, мен уақытым тығыз болғандықтан: “Көк бауыры жоқ” деп қысқаша жаза салдым (бұл сырттан сипалап көргенде көк бауыр­ының қайда жатқаны сезiлмей­тiн сау адам жайында айты­латын сөз едi). Осы кезде менi бiреу телефонға шақырды. Кабинетiме қайтып келсем, жаңағы жiгiттiң қолындағы карточканы стол үстiне тастай бергенiн аңғардым, ол мен жоқта карточкаға не деп жазғанымды “бiлiп алғысы” келген екен. Мен оны “әзiрге ешқандай қауiптi науқасыңыз жоқ” деп жұбаттым. Бiрақ келесi күнi мен сол жiгiттiң үйiне шақырылдым, өйткенi науқастың жағдайы күрт нашарлап кеткен екен. Туған-туыс­қандарынан сұрас­тырғанымда осының алдында ғана емханада болған ол, үйiне мүлдем жабырқап қайтыпты. Өзiнiң қатты науқас екенiн, “көк бауыры мүлде жоқ” екенiн айтқан. Ол, шынында да, сол жақ бүйiрiнiң ауырып бара жатқанын сезедi, кенеттен iшi бұзылып, денесiнiң қызуы көтерiледi. Науқасқа анық жағдайдың неден болға­нын ұзақ және егжей-тегжейлi түсiн­дiруге тура келдi. Бұдан кейiн ол көңiлденiп, “көк бауырының” ауырғаны басылды да, сәлден соң айығып кеттi.

Мұндай науқастардың тиiстi психологиялық жағдайда дiндар­лардан, балгер-бақсы­лардан және қайдағы бiр алаяқтардан емделуi мүмкiн. Мұндай жағдайдың бола беретiнiне таңдануға болмай­ды. Егер “емшiлер” ауру адамның санасына тиiсiнше әсер етсе, олар “қолдан емде­луге” көне кетедi. Екiншi жағынан, сендiру мен өзiн-өзi иландыру, көндiру адамды зиянды ғадет­терiнен арылта алады, көп жұртты  қорқатын нәрсесiнен үрейленбеуге үйретедi...

 

«Жас Алаштан»

 

Категория: Мои статьи | Добавил: qazpsi (04.12.2008)
Просмотров: 3053 | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа

Поиск

Друзья сайта

Статистика

Барлығы онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Copyright MyCorp © 2018 Конструктор сайтов - uCoz